Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Жамбылской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Тармақ 1
1. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет), бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын Көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі Көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметр үшін Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін Көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы Көрсетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметр үшін Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын Көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда Көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы Көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, онда телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру базалық бағамен (Btv) есептеледі.
Тармақ 6
6. Радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Басқа 14. Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары № Қызметтің атауы Өлшем бірлігі Облыс, қала мен аудан атауы 2022 жыл (теңге) 2023 жыл (теңге) 2024 және одан кейінгі жылдар (теңге) 1 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Жамбыл облысы 408 424 441 2 Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Жамбыл облысы 195 203 211 3 Байзақ ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Байзақ ауданы 150 156 162 4 Жамбыл ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Жамбыл ауданы 160 166 173 5 Жуалы ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Жуалы ауданы 140 146 152 6 Қордай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Қордай ауданы 77 80 83 7 Меркі ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Меркі ауданы 109 113 118 8 Мойынқұм ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Мойынқұм ауданы 259 269 280 9 Сарысу ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Сарысу ауданы 220 229 238 10 Талас ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Талас ауданы 250 260 270 11 Т.Рысқұлов ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Т.Рысқұлов ауданы 200 208 216 12 Шу ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр Шу ауданы 180 187 195 13 Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) шаршы сантиметр Жамбыл облысы 286 297 309 14 Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) символ Жамбыл облысы 47 49 51 15 Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) символ Жамбыл облысы 29 30 31 16 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 400 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) 416 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) 432 640 (оның ішінде орналастыру қызметтері 129 792) 17 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 666 667 693 334 721 067 18 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды, реалити-шоу, ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 1 000 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) 1 040 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) 1 081 600 (оның ішінде орналастыру қызметтері 129 792) 19 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 500 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 120 000) 520 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) 540 800 (оның ішінде орналастыру қызметтері 124 800) 20 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv) серия Жамбыл облысы 8 000 000 8 000 000 8 000 000 21 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv) секунд Жамбыл облысы 33 333 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 500) 34 666 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 640) 36 053 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 786) 22 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 43 370 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 784) 45 104 (оның ішінде орналастыру қызметтері 21 615) 46 855 (оның ішінде орналастыру қызметтері 22 454) 23 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 50 911 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 056) 52 547 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 178) 54 223 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 305) 24 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 32 750 (оның ішінде орналастыру қызметтері 16 600) 34 100 (оның ішінде орналастыру қызметтері 17 284) 35 464 (оның ішінде орналастыру қызметтері 17 976) 25 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 51 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 25 600) 53 600 (оның ішінде орналастыру қызметтері 26 784) 55 964 (оның ішінде орналастыру қызметтері 27 976) 26 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (танымдық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 60 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 30 000) 62 400 (оның ішінде орналастыру қызметтері 31 200) 65 200 (оның ішінде орналастыру қызметтері 32 600) 27 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 42 963 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 104) 44 814 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 975) 46 687 (оның ішінде орналастыру қызметтері 21 854) 28 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 31 900 33 176 34 464 29 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 90 000 94 000 98 000 30 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 47 500 49 502 51 482 31 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (анимациялық фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) минут Жамбыл облысы 200 000 208 000 216 000 32 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv) секунд Жамбыл облысы 66 410 (оның ішінде орналастыру қызметтері 2 243) 69 427 (оның ішінде орналастыру қызметтері 2 693) 72 601 (оның ішінде орналастыру қызметтері 3 279) 33 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv) серия Жамбыл облысы 1 000 000 1 040 000 1 080 000 34 Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеу (Btv) минут Жамбыл облысы 4 508 4 688 4 876 35 Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br) минут Жамбыл облысы 20 000 20 800 21 632 36 Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br) секунд Жамбыл облысы 580 603 627