О выделении средств из резерва Акима области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс Әкімінің резервінен Қаржы бөлу туралы Еңбекшіқазақ ауданының төрт елді мекендерінде Маловодное, Ақши, Ащысай, және Ават селоларында дренаждық-коллекторлық жұмыстарды аяқтау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың облыстық бюджетінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ескерілген облыс Әкімінің резервінен Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне дренаждық-коллекторлық жұмыстарды аяқтау 3000000 (үш миллион) теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасының бастығы М.Ә. Сәтқалиев бөлінген қаржының мақсатты пайдалануына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қ.Т. Әбдірахманов қаржының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін және облыстық қаржы басқармасында орындалған жұмыстың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің 6ipiншгi орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.