О признании утратившими силу постановлений Акимата области Қолданыста
Басқа 0
Облыс Әкімдігі қаулылары күшінің жойылғандығын тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II Заңының 37 бабының негізінде және "Алматы облыстық сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының қызметін бақылау және үйлестіру жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының сауда және қызмет көрсету салалары басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы "Алматы облысының базарларында бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 4 және 2003 жылғы 5 наурыздағы "2003 жылғы 24 қаңтардағы "Алматы облысының базарларында біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 7 қаулыларының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Тәкеновке жүктелсін.