Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания органов прокуратуры Күшін жойған
Басқа 0
Прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Е. Жамаубаев
«___» ______________ 2021 жыл
Басқа 1. Прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы «__» _________
№ ______бұйрығына қосымша
Прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
№ р/с
Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшелердің атауы
Заттай нормалардың атауы
Жеңіл автокөліктер базасында
Жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының шассиінде
Айына 1 а/м жүріс лимиті (км)
1
2
3
4
5
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
1
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
2
Қылмыстық қудалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 20 бірлігіне бір көлік құралы
2100
3
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 13 бірлігіне бір көлік құралы
2100
4
Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 12 бірлігіне бір көлік құралы
2100
5
Арнайы прокурорлар бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 7 бірлігіне бір көлік құралы
2100
6
Кадрларды дамыту бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 10 бірлігіне бір көлік құралы
2100
7
Стратегиялық дамыту бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 10 бірлігіне бір көлік құралы
2100
8
Халықаралық ынтымақтастық бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 10 бірлігіне бір көлік құралы
2100
9
Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы
2100
10
Қаржы бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы
2100
11
Норма шығармашылық қызметін үйлестіру бөлімшесі
Бір көлік құралы
2100
12
Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
13
Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі
Бір көлік құралы
2100
14
Ішкі тергеп-тексеру бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы
2100
15
Материалдық-
техникалық қамсыздандыру басқармасы
Бір көлік құралы
Орта немесе шағын сыныпты алты жолаушы автобусы; үш аз тонналы жүк автомобилі
2100
16
Шаруашылық басқармасы
Бір көлік құралы
Орта немесе шағын сыныпты бір жолаушы автобусы, бір аз тонналы жүк автомобилі
2100
17
Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі
Бір көлік құралы
2100
18
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
Бір көлік құралы
Бір аз тонналы жүк автокөлігі
2000
19
Құқық қорғау органдары академиясы
штат санының 35 бірлігіне бір көлік құралы
Орта немесе шағын сыныпты екі жолаушылар автобусы; аз тонналы екі жүк автомобилі
2100
Облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар
20
Қылмыстық қудалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
21
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
22
Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
23
Арнайы прокурорлар бөлімшесі
Тергеу топтарының басшыларына арналған бір көлік құралы
2100
24
Қаржы бөлімшесі
Бір көлік құралы
Орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы
2100
25
Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі
Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы
2100
26
Ішкі тергеп-тексеру бөлімшесі
Бір көлік құралы
2100
27
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлімшесі
Бір көлік құралы
2000
Аудандар (қалалар) және оларға теңестірілген прокуратуралар
28
Аудандар (қалалар) және оларға теңестірілген прокуратуралар
жұмыскерлер саны 35 болған жағдайда, бір көлік құралы
2100
29
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
«Өзен-теңіз» сыныпты бір катер