Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Басқа 1. Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
болу режимі 10,5 сағаттық топта
болу режимі
9 сағаттық топта
санаторлы топта
түзету түріндегі топта
жарты күн болатын топта
Қала
20014
58 343 теңге
53 889 теңге
86 250 теңге
103 249 теңге
25 916 теңге
Ауыл
17725
64 767 теңге
59 600 теңге
96 957 теңге
116 633 теңге
28 771 теңге
Басқа 2. Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін
3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
жарты күн болатын топта
16 585 теңге
20 388 теңге
10 194 теңге