Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Шымкент Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 262 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға; V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбасымен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі. Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметте телевизиялық жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
Тармақ 6. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілген қызметтердің базалық бағалары
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі. Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілген қызметтердің базалық бағалары № Қызметтің атауы Өлшем бірлігі 2022 жыл (теңге) 2023 жыл (теңге) 2024 және кейінгі жылдар (теңге) 1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр 385 389 405 2. Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) шаршы сантиметр 200 208 216 3. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) шаршы сантиметр 1350 1404 1460 4. Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) шаршы сантиметр 182 189 197 5. Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) таңба 92 96 100 6. Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) таңба 6 6,2 6,5 7. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле- радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv) минут 373 457 388 395 403 931 8. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттер өндіру және орналастыру) (Btv) минут 8 750 9 100 9 464 9. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық, танымдық бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv) минут 17 250 17 940 18 658 10. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламалар өндіру және орналастыру) (Btv) минут 16 750 17 420 18 117 11. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламар өндіру және орналастыру) (Btv) минут 17 700 18 408 19 144 12. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ток шоу өндіру және орналастыру) (Btv) минут 25 167 26 173 27 220 13. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) минут 23 917 24 873 25 868 14. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (деректі фильм өндіру және орналастыру) (Btv) минут 40 000 41 600 43 264 15. Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле- радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнеролик өндіру және орналастыру) (Btv) секунд 6 104 6 348 6 602 16. Шымкент қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламарды дайындау және орналастыру) (Br) минут 11 564 12 027 12 508 17. Шымкент қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиоролик дайындау және орналастыру) (Br) секунд 539 561 583