Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел сельского хозяйства» акимата города Рудного Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «7» ақпандағы № 139 қаулысымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы бөлімі) ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер ауыл шаруашылығы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығына мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының мониторингін жүргізу;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өндірісін әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық және индикативті жоспарларын әзірлеу, іске асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және техникалық және ауыл шаруашылығын қамтамасыз етуге жағдай жасау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және цифрландыру, тепе-теңдік негізде қайта өңдеуші кәсіпорындармен әріптестік экономикалық өзара қарым-қатынастар;
Тармақша 4
4) аграрлық секторда реформаларды жүзеге асыру, саланы қаржылық сауықтыру, жедел экономикалық өсу және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестициялар тарту;
Тармақша 5
5) бәсекеге қабілетті жоғары сапалы тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларды қайта өңдеу мен өткізуге жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік саясат шараларын қолдану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы өндірісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардан ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдену, сотта талапкер және жауапкер болу; Ауыл шаруашылығы бөлімі құзыретінің мәселелері бойынша қала әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс және қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға міндетті; агроөнеркәсіптік кешен саласында кредиттеуді, субсидиялауды дамытуды жүзеге асыру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 5
5) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жағдайының мониторингі;
Тармақша 6
6) азық-түлік тауарларының облыстық тұрақтандыру қорының өнімін өткізу бөлігінде «Тобыл ӘКК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы саласындағы ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) егіс алаңдары, дақылдардың шығымдылығы мен жалпы жиналымдары туралы деректерге мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы құралымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясының сақталуына мониторинг;
Тармақша 10
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
Тармақша 11
11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
Тармақша 12
12) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
Тармақша 13
13) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 14
14) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
Тармақша 15
15) Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау;
Тармақша 16
16) Ауыл шаруашылығы бөлімінің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 17
17) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жоспарларын, болжамдарын әзірлеу, мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 18
18) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау;
Тармақша 19
19) азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
Тармақша 20
20) мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бойынша алдын ала есептерді дайындау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің статистикалық есептілікті уақтылы ұсынуын бақылау;
Тармақша 21
21) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту үшін кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы субъектілеріне микрокредит беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 22
22) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағыттары бойынша қажетті субсидиялар көлемдерін қаржыландыру жоспарын әзірлеу;
Тармақша 23
23) ауыл шаруашылығы саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
Тармақша 24
24) республикалық, облыстық және қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру, өткізу және сүйемелдеу;
Тармақша 25
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Ауыл шаруашылығы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Ауыл шаруашылығы бөлімінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылығы бөлімі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) Ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қызметкерлер орындауға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 8
8) Ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің лауазымдарына лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 9
9) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде штат кестесін, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 11
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Ауыл шаруашылығы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 21
21. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ауыл шаруашылығы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Ауыл шаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.