Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат акима Камыстинского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2022 жылғы «16» ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім қызметін қамтамасыз ететін және жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген Қамысты ауданы әкімінің құқықтық актілерімен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы ережемен реттеледі.
Тармақ 8
8. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк органның миссиясы міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттiк органның миссиясы міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
Тармақша 2
2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас артыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және аудандағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) аудан әкімі мен әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 2
2) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
Тармақша 3
3) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жүргізу;
Тармақша 2
2) әкімдік отырыстарын, кеңестерін, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығы мен өткізуін ұйымдастыру, әкімдік мүшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік отырыстарында қарауға арналған тоқсан сайынғы мәселелер тізімін құрастыру;
Тармақша 3
3) әкімдіктің іс-қағаздарын жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келетін ақпаратты, сондай-ақ, Қамысты ауданы әкімдігінің және әкімінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинақтайды, өндеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) әкім және әкімдіктің қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін актілерін өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату, жою туралы аудан әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) әкім және әкімдік шығарған актілердің тіркеуін жүргізу;
Тармақша 11
11) әкімнің және әкімдіктің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) аудан әкімінің жергілікті мемлекеттік билік органдарымен ұйымдастурышылық және ақпараттық байланысын үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыстың жай-күйі туралы анықтамалық материалды ай сайын дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) аудан әкімдігінің интернет – ресурсын және аудан әкімінің блогын өзекті ақпаратпен толықтыру, үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) «Documentolog» бұлтты құжат айналымы ақпараттық жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асыру, іс-қағаздарын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
Тармақша 18
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) мемлекеттік орган жіберген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) аудан әкімінің аппараты бойынша, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша есептілікті уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБП) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» АЖ енгізуді, жұмыс істеуін және жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) қолма-қол, сондай-ақ «Е-лицензиялау» АЖ «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерге мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 25
25) «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
Тармақша 26
26) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде әкімнің, әкім аппаратының мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің және ауыл, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 28
28) құқықтық білім мектебінде сабақтар өткізу;
Тармақша 29
29) нормативтік құқықтық актілердің, әкімнің, әкімдіктің құқықтық актілерінің жобаларын және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарын әзірлеу үшін әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, әкімдік бөлімдерінің, кенттер, ауылдық округ және ауылдар әкімдері аппараттарының қызметкерлерін белгіленген тәртіппен тарту, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сәйкес келтіру;
Тармақша 30
30) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) функционалдық блоктар бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы хабардар етуді және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы аудандық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беру;
Тармақша 36
36) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарын әзірлеу, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келісу және бекіту, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 37
37) азаматтық қорғау саласында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету;
Тармақша 38
38) азаматтық қорғау саласында жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысу;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) азаматтарды Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныс енгізу, сондай-ақ азаматтарды облыс әкіміне Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныс енгізу және азаматтарды аудан әкіміне Грамотамен наградтау туралы ұсыныс енгізу;
Тармақша 41
41) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру және тіркеу туралы мәліметтерді жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға енгізу;
Тармақша 42
42) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттiк органның мүлкi
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
Тармақ 20
20. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбесе, «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.