Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории города Алматы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1)-тармақшасына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 1/39 қаулысымен бекітілген Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Тармақ 1
1. Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрстетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға; V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі. Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметте телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
Тармақ 6
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Басқа 1
Алматы қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша № Қызметтердің атауы Өлшем бірлігі 2022 жыл (теңге) 2023 жыл (теңге) 2024 және кейінгі жылдар (теңге) 1 2 3 4 5 6 1 Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bn) шаршы сантиметр 400 428 458 2 Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bm) шаршы сантиметр 280 300 321 3 Интернет-ресурста көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bi) символ 38 41 44 4 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерін өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 487 000 521 090 557 566 5 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 46 250 49 487 52 952 6 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) өндіру және орналастыру)) қызмет (Btv) минут 85 000 90 950 97 316 7 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар шығару және орналастыру) қызмет (Btv) минут 72 500 77 575 83 005 8 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 60 812 65 069 69 624 9 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (деректі фильм шығару) қызмет (Btv) минут 187 500 200 625 214 669 10 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (бейнеролик өндіру) қызмет (Btv) секунд 22 000 23 540 25 188 11 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телехикая өндіру) қызмет (Btv) серия 8 000 000 8 560 000 9 159 200 12 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 134 200 143 594 153 645 13 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 71 300 76 291 81 631 14 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) өндіру және орналастыру)) қызмет (Btv) минут 84 825 90 763 97 116 15 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 80 370 86 000 92 000 16 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 42 200 45 154 48 315 17 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (деректі фильм өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) минут 109 300 116 951 125 137 18 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (бейнеролик өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) секунд 28 500 30 495 32 630 19 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телехикая өндіру және орналастыру) қызмет (Btv) серия 5 067 500 5 422 225 5 801 780 20 Радиоарнадағы (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) қызмет (Br) минут 20 000 21 400 22 900 21 Радиоарнадағы (аудиороликті өндіру және орналастыру) қызмет (Br) секунд 580 620 663