Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 39 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Біржан ауылдық округі Қуаныш ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.