Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Аулиекольского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімінің мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімі интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «1» ақпан № 28 қаулысымен бекітілген «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) Әулиекөл ауданы аумағында мәдениет және мемлекеттік тілді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Әулиекөл ауданының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Сьянов көшесі, 53.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан аумағында «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарға сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; мәдениет саласында сапалы қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, тілдерді дамыту үшін жағдай жасау, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін және ақпараттандырылуын, заманауи мәдени ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Тармақша 2
2) ауданда мәдениет пен тілдерді дамытудың негізгі бағыттарын, мәдениет, тілдер және тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы аудандық бағдарламаларды болжау, әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстау үшін бюджетті құрастыру кезінде ұсыныстар әзірлеу, қарамағындағы мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына бөлінетін бюджеттік қаражат сомасын анықтау, бөлінген қаражаттың нысаналы пайдалануына бақылау жасау;
Тармақша 4
4) мәдениет, ақпараттық қамсыздандыру және аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыруда сапалы қызмет көрсету;
Тармақша 5
5) тарихи және мәдени құндылықтарды қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда білдіру; Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру; мәдениет мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттер: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 2
2) азаматтардың бостандық құқықтарын іске асыруына жәрдемдесу және шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру;
Тармақша 3
3) кітапхана ісінің дамуына ықпал ету, халықтың түрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету және кәсіби өнерді сақтау, жетілдіру үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) халық шығармашылығын, көркем кәсіпшілік пен қолөнерді, фольклорды, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және мерекелерді жаңғырту, сақтау және жетілдіру үшін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге және жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде іске асыруға, халықтың әртүрлі жастағы топтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруға көмек көрсету;
Тармақша 8
8) мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 9
9) білім беру мекемелерімен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, ұйымдармен аудармашылар мамандарын, мемлекеттік тілде іс жүргізу мамандарын, қазақ тілі мамандарын іріктеу, даярлау және бекіту, тіл саясатын орындау мәселелерінде, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуде өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) ауданның мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізеді;
Тармақша 11
11) Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Әулиекөл ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындайды;
Тармақша 13
13) Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 14
14) ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабы 2-1) тармақшасына және 75-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды өткізеді;
Тармақша 17
17) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылықты "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапты болады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.