Об установлении ограничительных мероприятий в селе Талдыбулак Талдыбулакского сельского округа Сырымского района Западно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Сырым ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 16-41/6 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.