Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Актогайского района Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданының ауылдық елдімекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 26 наурыздағы № 289/61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6791 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
2 ақпандағы № 85/17
шешіміне қосымша
Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган – «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Тармақ 3
3. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, «Қазпошта» акционерлік қоғамы немесе екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдау Ақтоғай ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.