«Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление по делам религии города Шымкент» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 266 қаулысына қосымша «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атау қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі, 91, индекс 160011.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Шымкент қаласының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру; мәдениеттер мен діндер диалогының жаңа нысандарын іздеу арқылы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту; діни, этно - мәдени және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар: өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұратуға. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту; дін саласындағы мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және материалдарды дайындауды жүзеге асыруға; дін саласындағы, адам құқықтарын сақтау мәселелері және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялар: өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді; өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi; уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi; діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды; ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды; діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi; миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді; Басқарма мүддесінде Қазақстан Республикасы заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңы 5-бабына, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңы 7-бабының 21-тармағына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағы 7) тармақшасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 804-бабының 50-тармағына сәйкес көрсетілген Кодекстің 453, 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады; терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды; діни экстремизмге жол бермеу мақсатында мынадай профилактикалық іс-шаралар жүргізеді: қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды, тиісті аумақта діни бірлестіктер мен миссионерлік қызметті зерттеуді жүзеге асырады, олар туралы мәліметтер банкін қалыптастырады, өңірлік деңгейде ақпараттық - насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады, діни ахуалды зерттеу және мониторингтеуді жүзеге асырады; Шымкент қаласының аумағында конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады; дін саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды басқарма басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына Шымкент қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының штаттық кестеге сәйкес орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерін, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 3
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы мен орынбасарына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: Шымкент қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.