О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23610 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі Тауардың атауы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды Квота мөлшері, тонна Қолданылу мерзімі Ақ қант 1701 99 100 350 000 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін Құрақ қанты шикізаты 1701 13 1701 14
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес әзірленді және тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) квота – тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қанттың және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады;
Тармақша 2
2) тауар: ақ қант – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант; құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.
Тарау 2. 2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі
2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант пен өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады. Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 сәуірден 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады. Уәкілетті орган 2022 жылғы 7 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 7 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге квоталар көлемін бөлуге қатысуға арналған өтінімдердің қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады: бөлінетін квота көлемінің 85%-ы – өтінім беруші қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге; бөлінетін квота көлемінің 15%-ы – өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты («экстра» санаты) әкелуге. Осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім беруші қант зауытына арналған лимит жиынтық көлемде 30 000 (отыз мың) тоннадан аспайды. Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады. Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды. Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;
Тармақша 2
2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
Тармақша 3
3) квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі. Өтінім берушілердің өтінімдер ұсынатын соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 3-1
3-1. Тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) негізінде тауарларды әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
Тармақша 2
2) өтінім берушіде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге мәлімделген көлемнің 100%-ы мөлшерінде қаражатының бар екенін растау (банктен қаражаттың бар екендігі туралы растаухат: өтінім берілген күнге шоттан үзінді-көшірме, жеткілікті көлемде ашық кредиттік желінің болуы);
Тармақ 4
4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын не аудармашының қолының түпнұсқалығын «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландыруы қажет.
Тармақ 5
5.  Өтінім берушінің бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі. Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесінде келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қабылданады және тіркеледі, өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жолданады. Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Департамент өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған өтінім қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады. Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға өтінімді одан әрі қараудан нақты бас тарту себептері көрсетілген уәжді бас тартуды жолдайды.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган тауарды әкелуге арналған квоталар көлемін мынадай тәртіппен бөледі:
Тармақша 1
1) өтінім берушілер үшін тауар әкелуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
Тармақша 2
2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
Тармақша 3
3) егер жалпы мәлімделген көлем квотаның көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне пропорционалды мынадай формула бойынша есептеледі: Vz= V * Uz, мұнда: Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна; V – квотаның жиынтық көлемі, тонна; Uz – өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы, %;
Тармақша 4
4) Егер жалпы мәлімделген көлем квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді.
Тармақ 9
9. Қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі мынадай формула бойынша есептеледі: V = V1 х 0,98, мұнда: V – қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі; V1 – Қазақстан Республикасына құрақ қанты шикізатын әкелудің нақты көлемі; 0,98 – түзету коэффициенті.
Тармақ 10
10. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша Департамент 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының қолы қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды. Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге почта арқылы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол ұсынылады.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган интернет-ресурста квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады. Уәкілетті орган сондай-ақ бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталардың көлемі туралы мәліметтерді орналастырады.
Тармақ 12
12. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемі олар таусылғанға дейін бөлінеді.
Тармақ 13
13. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың саны және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар туралы жиынтық ақпарат жолдайды.
Тармақ 14
14. Өтінім беруші ішкі тұтынуға үшін кедендік процедураға жататын жеңілдік қолданылатын тауар декларациясы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ЕАЭО СЭҚ ТН кодын заттай және құндық мәнде көрсете отырып, ақ қанттың және құрақ қанты шикізатының нақты әкелген көлемі туралы еркін нысандағы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 14-1
14-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер (өтінім беруші осы Қағидалардың 14-тармағына сай ақпарат ұсынбаған жағдайда) 2022 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растаухат жібереді. Бөлінген квота игерілмеген не бөлінген квота толық игерілмеген жағдайда, растаухат келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі қоса беріле отырып жіберіледі. Осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші және бесінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер уәкілетті органға квота алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесін немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесін немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесін жібереді. Келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квота көлемінің күшін жояды. Бөлінген квота көлемінің күші жойылғаны туралы хабарламаны уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жібереді. Осы Қағидалардың 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган күшін жойған квоталар көлемі өтінім берушілер арасында тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге қайта бөлінеді.
Тармақ 15
15. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін алынған квоталар көлемі шеңберінде әкеліне алады.
Басқа 2.1. Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім ________________________________________________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ______________________________________ арналған (әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізу үшін немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіру үшін) _____________ тонна мөлшеріндегі ақ қантты әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды сұрайды. Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын. Өтінім беруші Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы) Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі Келісімшарттың (шарттың) нөмірі Келісімшарттың (шарттың) күні Тауар әкелінетін кедендік орган ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы Өлшем бірлігі Саны Төлем валютасындағы бірлік бағасы Төлем валютасындағы сома Өндіруші Өндіруші ел Басшысы ____________________________________ ______________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 2022 жылғы «____» __________
Басқа 2.2
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға арналған өтінім _________________ _______________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларының _______________ тонна мөлшеріндегі, «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес қантқа алмастырғанда _______________ тонна мөлшеріндегі өнеркәсіптік өндеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растауды сұрайды. Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын. Өтінім беруші Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды) Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы) Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі Келісімшарттың (шарттың) нөмірі Келісімшарттың (шарттың) күні Тауар әкелінетін кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН коды Тауардың атауы Өлшем бірлігі Саны Төлем валютасындағы бірлік бағасы Төлем валютасындағы сома Өндіруші Өндіруші ел Басшысы _________________________________ ___________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 2022 жылғы «____» ____________
Басқа 2.3. Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау ______________________________________________________________________ сәйкес (негізінде ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттың (шарттың) деректемелері)
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау ______________________________________________________________________ сәйкес (негізінде ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттың (шарттың) деректемелері) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)______________________________________________________________ ___________________________________________________________әкелетін, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________ тауарлары (тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны) ____________________________________________________________________ __________________________________________________________ арналған. (әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге немесе өнеркәсіптік өңдеуге) Министр _____________ ____________________________________ (қолы) (аты-жөні, тегі) Мөр орны 2022 жылғы «____» ____________
Басқа 2.4. Тауарлардың саны және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар туралы жиынтық ақпарат
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына 4-қосымша Нысан Тауарлардың саны және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар туралы жиынтық ақпарат № Сырт­қы са­уда қыз­ме­тіне қа­ты­су­шы­ның ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Та­у­ар­дың ата­уы Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Са­ны Өл­шем бір­лі­гі Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) де­ректе­ме­ле­рі Ес­кер­ту 1 2 4 5 6 7 8 9 10