Об оказании материальной помощи на оплату части расходов за содержание жилья и коммунальных услуг отдельным категориям граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы 2006 жылғы 2 қарашадағы N 23-897қ қаулысынан Үзінді: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкiмдiгінiң мынадай қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 3-1-1234қ (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2003 жылғы 6 тамызда N 285 болып тiркелген, 2003 жылғы 9 тамыздағы "Астана хабары", N 105 2004 жылғы 9 тамыздағы "Вечерняя Астана" N 89 газеттерiнде жарияланған) қаулысы; ...
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Аманшаевқа жүктелсін. Әкім ______________________________________________________________ 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Қазақстан Республикасы  Заңына , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы"  Заңына  сәйкес, жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкiмдiгi қаулы етеді: <*>
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету Қағидасы бекiтілсiн (бұдан әрi - Қағида).
Тармақ 2
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге арналған материалдық көмектi төлеудi Қағидаға сәйкес жүзеге асырсын. <*>
Тармақ 3
3.  Алынып тасталды   <*>
Тармақ 4. Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету Қағидасы
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М.Мұхамеджановқа жүктелсін. Астана қаласының әкімі Визалар Келісілді Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығы Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Астана қаласы әкiмдігінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 3-1-123қ қаулысымен бекітілген Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету Қағидасы Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Қазақстан Республикасы  Заңына , Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетiн жеңілдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы"  Заңына  сәйкес дайындалған және халықты әлеуметтік қорғау шараларының бiрi болып табылады. <*>
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге (отбасы мүшелерін есепке алмай) материалдық көмек жыл бойы ай сайын тиісті қаржылық жылға (бұдан әрі - АЕК) белгіленген айлық есеп көрсеткішінен ақшалай төлем түрінде жүргізіледі және мына азаматтардың санаттарына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 2,4 АЕК;
Тармақша 2
2) Некеге қайта тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткендер) жауынгерлердің жесірлеріне - 1,2 АЕК мөлшерінде беріледі.
Тармақ 2
2. алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы  N 23-10-206қ  қаулысымен.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi өкiлдiк органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасының әкiмгерi (бұдан әрi - Бағдарлама) "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi" (бұдан әрi - Департамент) болып табылады.  <*>
Тармақ 4
4. Бағдарламаның қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
Тармақ 2. 2. Материалдық көмек көрсету тәртiбi
2. Материалдық көмек көрсету тәртiбi
Тармақ 5
5. Департамент "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы филиалының деректер қоры негiзiнде Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар тiзiмiн құрады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек алушылардың Астана қаласының банктерi бөлiмшелерiндегi дербес шоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Департамент ай сайын Астана қаласының Қаржы департаментiне Бағдарламаны ағымды қаржыландыру өтiнiмiн ұсынады. Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығы Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы