О некоторых вопросах управления (распоряжения) объектами коммунальной государственной собственности Актюбинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін басқарудың (билік етудің) мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік коммуналдық мешнік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестердің жарғылык капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде облыстық комиссия (бүдан әрі - комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже және оның құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін және акциялардың мемлекеттік пакетін жекешелендіру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы" облыс әкімінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 50-ө өкімі бұзылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы "04" 07. № 164 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылык капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның (бүдан әрі - комиссия) жұмысын реттейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері, облыс Әкімі мен әкімиятының актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия жұмысының құқықтык негізін құрайды.
Тармақ 3
3. Облыс Әкімі коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету уәкілеттігін берген мемлекеттік орган жекешелендірілетін объектілердін сатушысы болып табылады.
Бөлім 2. 2. Комиссияның міндетгері мен функциялары
2. Комиссияның міндетгері мен функциялары 4. Комиссияның негізгі міндеттері болып: мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау, жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу. 5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес: 1) жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды карайды және тиісті қорытынды әзірлейді; 2) Сатушының тапсырмасына сәйкес: өз жұмысының регламентін дербес әзірлейді; сатушыға жекешелендірілетін объектінің бастапқы, мәрелік және ең төменгі бағасын бекітуге ұсынады; кепілдемелік жарна мөлшерін анықтайды; сауда өткізеді; сауда жеңімпазын жариялайды.
Бөлім 3. 3. Комиссия құқы
3. Комиссия құқы
Тармақ 6
6. Өз міндеттеріне сәйкес комиссия:
Тармақша 1
1) облыс аймағында орналасқан тиісті ұйымдар және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 2
2) олардан комиссияның міндеттерін іске асыруы үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сүратуға;
Тармақша 3
3) комиссия құзырына жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Бөлім 4. 4. Комиссияны құрудың және оның қызметінің тәртібі
4. Комиссияны құрудың және оның қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияны облыс әкімияты құрады.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамына Сатушының, облыстық қаржы басқармасының, облыстық әділет басқармасының және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан түрады. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 9
9. Төраға комиссия қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді. Оның қабылдаған шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды, жұмысының нәтижесіне жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауысы шешуші рөл атқарады.
Тармақ 12
12. Комиссия отырысының күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қорытындысы әр мәселе бойынша тиісті хаттамаға енгізіледі және оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Бөлім 5. 5. Комиссия қызметін тоқтату
5. Комиссия қызметін тоқтату
Тармақ 13
13. Комиссия қызметін тоқтатуға:
Тармақша 1
1) комиссияның қызметін тоқтату туралы облыс әкімиятының қаулысын қабылдау негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Комиссия қызметін тоқтатуға әкеліп соқтыратын Осы Ереженің 13 тармағында көрсетілген міндеттемелер күшіне енгенде облыс Әкіміне атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп жолданады.
Басқа 27
Облыс әкімиятының 2003 жылғы "04" 07. № 164 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 1. Қаратаев Аманжол Қамзаұлы "Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" ММ бастығы, комиссия төрағасы 2. Аманбаев Жолдымүрат Ермұханұлы "Облыстық қаржы басқармасы" ММ бастығы 3. Егімбаев Болат Сәукенұлы "Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ бастығы 4. Қалиев Еркеш Әдиетұлы "Облыстық мәдениет басқармасы" ММ бастығы 5. Қалиев Жігер Қуанышұлы "Ақтөбе облысының экономика және индикативті жоспарлау департаменті" ММ бастығы 6. Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы "Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ бастығы 7. Мұхлисов Нұрлан Көшкінбайұлы "Облыстық білім басқармасы" ММ бастығы 8. Скендіров Мұратбек Нұрмағанбетұлы "Облыстық түризм және спорт басқармасы" ММ бастығы 9. Шомбалов Нұржан Махмұтұлы "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" ММ бастығы 10. Әбілғазин Ғабит Жақсылықұлы "Облыстық әділет басқармасы" ММ бас маманы