Об утверждении перечня заболеваний, препятствующих содержанию и обучению несовершеннолетних в специальных организациях образования и организациях образования с особым режимом содержания Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 232) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Басқа 1. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесi Арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына мынадай аурулары бар (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жiктемесiне сәйкес 10-қайта қарау) кәмелетке толмағандар орналастырылмайды:
Тармақ 1
1. I класс. Бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар:
Тармақша 1
1) A15 - А19 Туберкулез (белсендi туберкулездiң кез келген нысаны);
Тармақша 2
2) А30 Алапес;
Тармақша 3
3) A50 - A53 Мерез (белсендi нысаны);
Тармақша 4
4) В20 - B24 Адам иммунитет тапшығы вирусы (АИВ) тудырған ауру.
Тармақ 2
2. II класс. Өспелер:
Тармақша 1
1) C00 - С97 Кез келген орындағы қатерлi жаңа өспелер, оның iшiнде лимфалық, қан өндiру және оларға ұқсас тiндердiң қатерлi жаңа өспелер;
Тармақша 2
2) D 46 Миелодиспластикалық синдромдар;
Тармақша 3
3) D 47.1 Созылмалы миелопролиферациялық ауру.
Тармақ 3
3. III класс. Қанның, қан өндiру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар:
Тармақша 1
1) D55 - D58 Гемолиздік анемиялар - тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын (ауыр нысаны);
Тармақша 2
2) D 59.5 Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавының-Микельдің);
Тармақша 3
3) D60 - D61 Апластикалық анемиялар;
Тармақша 4
4) D65 - D69 Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және геморрагиялық жағдайлар (ауыр нысандары);
Тармақша 5
5) D 76.0 Басқа Айдарларда жіктелмеген Лангерганс жасушаларынан пайда болған гистиоцитоз;
Тармақша 6
6) D80-D84 Иммундық механизм қамтылған жеке бұзылулар.
Тармақ 4
4. IV класс. Эндокриндiк жүйе аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы:
Тармақша 1
1) E05 Тиреотоксикоз (ауыр нысаны);
Тармақша 2
2) Е03, E06 Туа бiткен немесе жүре пайда болған гипотиреоз (ауыр нысаны);
Тармақша 3
3) Е10 1 түрі қантты диабетi (асқынған);
Тармақша 4
4) E20 Гипопаратиреоз (ауыр нысаны);
Тармақша 5
5) Е22 Гипофиздiң гиперфункциясы (ауыр нысаны);
Тармақша 6
6) E23 Гипопитуитаризм, церебральды-гипофизарлық ергежейлілiк;
Тармақша 7
7) E23.2 Қантсыз диабет (ауыр нысаны);
Тармақша 8
8) E24 Иценко-Кушинг синдромы;
Тармақша 9
9) Е27 Созылмалы гипокортицизм;
Тармақша 10
10) Е53.1 Пиридоксин жеткіліксіздігі;
Тармақша 11
11) Е70.0 Классикалық фенилкетонурия;
Тармақша 12
12) Е74.0 Гликоген жиналу аурулары (Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)
Тармақша 13
13) E75.2 Лейкодистрофия;
Тармақша 14
14) E76.0 - E 76.2 Мукополисахаридоз;
Тармақша 15
15) E84 Жылауықты фиброз (муковисцидоз);
Тармақша 16
16) E85.0 Невропатиясыз, отбасылық тұқым қуалайтын амилоидоз (Жерорта теңіздінің отбасылық қызбасы, тұқым қуалайтын амилоидты нефропатия);
Тармақша 17
17) Е88.0 Басқа айдарларда жіктелмеген плазма белоктары алмасуының бұзылулары (α-1- антитрипсин жеткіліксіздігі, бис–альбуминемия);
Тармақ 5
5. V класс. Психикалық және мінез-құлық бұзылулары:
Тармақша 1
1) F01, F02.1-F02.8, F03-F05, F06.0-F06.05, F07.1-F07.9, F09 Симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғанда, органикалық бұзылулар;
Тармақша 2
2) F1x.0-F1x1, F1x.22-24, F1x.5-F1x.9 Психикалық белсендi заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мiнез-құлықтың бұзылулары (аурулары);
Тармақша 3
3) F20 - F29 Шизофрения, шизотиптiк және сандырақтау бұзылулары;
Тармақша 4
4) F30 - F33, F38 - F39 Көңiл-күйдiң аффектiлi бұзылулары;
Тармақша 5
5) F40 - F44 Күйзелуге байланысты невротикалық және соматикалық нысанды бұзылулар;
Тармақша 6
6) F70.1 - F70.8, F71 - F79 Ақыл-ой кемiстiгi;
Тармақша 7
7) F84 Психологиялық дамудың жалпы бұзылулары.
Тармақ 6
6. VI класс. Жүйке жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) G10 - G13 Негiзiнен орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын жүйелiк атрофиялар (ауыр нысандары);
Тармақша 2
2) G25.3, G 25.5 Экстрапирамидалық бұзылулар;
Тармақша 3
3) G20.6 Таралған тартылулар (Жиль де ля Туретта);
Тармақша 4
4) G30-G32 Орталық жүйке жүйесiнiң басқа да керi дамыған аурулары;
Тармақша 5
5) G35-G37 Орталық жүйке жүйесiнiң миелинсiздендiру аурулары;
Тармақша 6
6) G40.3-G40.9 Эпилепсия;
Тармақша 7
7) G41 Эпилепсиялық мәртебе;
Тармақша 8
8) G60.0 - G60.3 Тұқым қуалайтын қимылдық және сезiмдiк невропатия;
Тармақша 9
9) G63 Басқа айдарларда жiктелетiн аурулар кезiндегi полиневропатия;
Тармақша 10
10) G70.0 - G70.2 Таралған нысандағы миастения;
Тармақша 11
11) G70 - G71.9 Даму үстiндегi бұлшық ет дистрофиясы;
Тармақша 12
12) G80.0- G80.9 Балалардың церебралдық параличі;
Тармақша 13
13) G91.1 Окклюздiк, қалпына келмейтiн суми;
Тармақша 14
14) G 93.4 Glut 1 тапшылық синдромы (Glut I глюкозасының транспортері тапшылығы синдромы).
Тармақ 7
7. VII класс. Көз және оның қосымша аппаратының аурулары:
Тармақша 1
1) H40 - H42 Глаукома;
Тармақша 2
2) H54.0, Н54.3, Н54.7 Соқырлық;
Тармақша 3
3) H54.1 Бір көздiң соқырлығы, екiншi көздiң нашар көруi;
Тармақша 4
4) H54.7 Нақтыланбаған көрмей қалу.
Тармақ 8
8. VIII класс. Құлақтың және емiзiк тәрiздi өсіндінің аурулары:
Тармақша 1
1) H81.0 Вестибулярлық функцияның бұзылуы;
Тармақша 2
2) Н90.3 Естудi екі жақты нейросенсорлы жоғалту (ауыр дәрежедегi).
Тармақ 9
9. IХ класс. Қан айналымы жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) I08.3 Митральды, қолқа және үш қақпақшалы клапандардың үйлескен ревматизмдік) зақымдануы;
Тармақша 2
2) I13.2 Жүрек және бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгiмен негiзiнен жүрек пен бүйректiң зақымдануы бар гипертониялық ауру;
Тармақша 3
3) I 27.0 Өкпелік бастапқы гипертензия;
Тармақша 4
4) І42.0-I42.1 Кеңiген гипертрофиялық және обструктивтiк кардиомиопатия;
Тармақша 5
5) І44.2 Жүрекше-қарыншалық толық бөгеу;
Тармақша 6
6) І47.1 Синкопальды жағдайдағы ұстамалы қарыншаүстi тахикардиясы;
Тармақша 7
7) I48, I49.0, I49.5 Жүрекше, қарынша бұлшық еттерiнiң фибрилляциясы мен лүпiлдеуi, синустық түйiншектiң әлсiздiк синдромы (предсинкопальды немесе синкопальды жағдайлар болған жағдайда).
Тармақ 10
10. X класс. Тыныс алу мүшелерiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) J45 Гормондық тәуелдi демiкпе;
Тармақша 2
2) J47 Бронхоэктатикалық ауру;
Тармақша 3
3) J84.0 Альвеолярлық және парието - альверлярлық бұзылулар;
Тармақша 4
4) J84.1 Өкпенің фиброз туралы ескертілген басқа интерстициалдық аурулары;
Тармақша 5
5) J84.8 Өкпенің нақтыланбаған интерстициалдық аурулары,
Тармақша 6
6) J84.9 Өкпенің анықталмаған интерстициалдық аурулары.
Тармақ 11
11. XI класс. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары: К74 Бауыр фиброзы мен циррозы.
Тармақ 12
12. XIII класс. Сүйек-бұлшық ет жүйесi мен дәнекер тiннің аурулары:
Тармақша 1
1) М08 Жасөспiрiмдер (жеткiншектер) артриті (ауыр ағым);
Тармақша 2
2) М32 Жүйелiк қызыл жегi;
Тармақша 3
3) М33 Дерматополимиозит (ауыр ағым);
Тармақша 4
4) M34 Таралған жүйелiк берiш (терiнiң қатаюы), даму үстiндегi нысан;
Тармақша 5
5) М30.0 Түйiншектi периартериит;
Тармақша 6
6) М30.0 Түйінді полиартерит;
Тармақша 7
7) М31.3 Вегенер гранулематозы;
Тармақша 8
8) M31.4 Аорта доғасы синдромы (Такаясу);
Тармақша 9
9) М31.8 Өлі еттендіруші анықталған басқа васкулопатия;
Тармақша 10
10) M35.2 Бехчет ауруы.
Тармақ 13
13. XIV класс. Несеп-жыныс жүйесiнiң аурулары:
Тармақша 1
1) N03 Созылмалы нефриттiк синдром;
Тармақша 2
2) N04 Нефротикалық синдром;
Тармақша 3
3) N18 Созылмалы бүйрек функциясының жеткiлiксiздiгi.
Тармақ 14
14. XV класс. Жүктілiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезең: О00-О99.
Тармақ 15
15. XVII класс. Туа бiткен ауытқулар (даму кемiстiктерi), қисаю және хромосомдық бұзылу:
Тармақша 1
1) Q15.0 Туа бiткен глаукома;
Тармақша 2
2) Q20.0, Q20.3, Q20.4, Q21.0-Q21.3, Q22.1, Q22.4-Q22.6, Q23.0-Q23.4, Q24.3-Q24.5, Q25.1-Q25.7, Q26.2, Q26.3, Q27.8 Қан айналымының II-А дәрежелi жеткiлiксiздігімен iлесе жүретiн, оның iшiнде кемiстiктi түзеткеннен кейiн, қан айналымы жүйесiнiң туа бiткен ауытқулары (даму кемiстiктерi);
Тармақша 3
3) Q56 Жынысының белгiсiздігі және псендогермафродитизм;
Тармақша 4
4) Q78.0 Аяқталмаған остеогенез;
Тармақша 5
5) Q 80 Туа біткен ихтиоз (әртүрлі нысандар), CHILD синдромы;
Тармақша 6
6) Q 81 Буллалық эпидермолиз.
Тармақ 16
16. XVIII класс. Басқа айдарларда жiктелмеген, клиникалық және зертханалық зерттеулер кезiнде анықталған симптомдар, белгiлер мен нормадан ауытқулар: R15 Зәрдi ұстай алмауымен (энурез) бiрге нәжiстi ұстай алмау (энкопрез).
Тармақ 17
17. ХІХ класс. Жарақаттар, уланулар мен сыртқы себептер әсерлерінің кейбір басқа да салдарлары: Т90 - Т98 Науқасқа жеке күтім жасауды талап ететін жарақаттардың, уланулардың және сыртқы себептердің басқа да әсерлерінің салдарлары.