Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Жангалинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақала ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.