О присвоении имени воина-интернационалиста Айтугана Смагулова Тегистыкской средней общеобразовательной школе Качирского района Күшін жойған
Басқа 0
Качиры ауданы Тегістік жалпы білім беретін орта мектебіне жауынгер – интернационалист Айтуған Смағұловтың есімін беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына , Качиры ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 4/1 "Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Жақсыбайұлы Смағұловтың есiмiн беру туралы" қаулысына, Качиры аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 шiлдедегi II сайланған ХIХ сессиясының "Жаңа құрылыс ауылдық округiнiң Тегiстiк жалпы бiлiм беру орта мектебiне Айтуған Жақсыбайұлы Смағұловтың есiмiн беру туралы" № 19/6 шешiмiне, облыстық ономастикалық комиссияныѕ 2002 жылғы 22 тамыздағы ұйғарымына сәйкес, Павлодар облыстық Ауғанстан ардагерлерi одағының өтiнiшi мен Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебi педұжымының, Качиры ауданы Жаңа құрылыс ауылдық округi Тегiстiк ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Качиры ауданы өкiлдi және атқарушы органдарының Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
Тармақ 2
2. Качиры ауданының әкiмi Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру туралы мәселенi бұдан әрi қазақстан Республикасы үкiметiне ұсыну үшiн облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) осы мәселенi Қазақстан Республикасы өкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М.Жұмабековаға жүктелсiн.