Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кировского сельского округа Узункольского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Киров ауылдық округінің
әкімі
___________ М. Давлетов
2022 жылғы «24» ақпан
Басқа 4. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2022 жылғы «24» ақпандағы
№ 121 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Киров ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Киров ауылдық округінің
әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Киров ауылдық округінің әкімімен жергілікті қоғамдастықтың жекелеген жиындарын шақыру уақыты, орны және Киров ауылдық округінің әкімі талқылайтын мәселелер туралы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады. Заңның 39-3-бабының 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарын оның ішінде интернет-ресурстарды үздіксіз көпшілікке тарату және оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты мен орнын оны өткізу күніне дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабарланады.
Жиналыстың қарауына енгізілген мәселелер бойынша әкім аппараты жиналысты шақыруға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей отырыс мүшелеріне және әкімге жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында қажетті материалдарды береді.
Тармақ 7
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Киров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Киров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Киров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Киров ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2022 жылғы «24» ақпандағы
№ 121 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің Киров ауылының тұрғындары үшін
5
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің Ксеньевка ауылының тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің Моховое ауылының тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округінің Иваноровное ауылының тұрғындары үшін
2