Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Денисовского района» Қолданыста
Басқа 0
«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Денисов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «22» ақпандағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер.
1-тарау. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары:
Тармақша 1
1) «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
Тармақша 2
2) «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Денисов орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттар:
Тармақша 1
1) Бөлімнің құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) Денисов ауданының аумағында тұратын талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тарихи-мәдени мұраны сақтау;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотта талапкер және жауапкер болу, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс пен аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарды мен құжаттарды дайындау;
ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 5
5) ауданның мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
Тармақша 6
6) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 7
7) облыстың атқарушы органына көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) шығармашылық және кітапхана қызметінің түрлі салаларында аудандық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бюджет қаражатының көлемі шегінде бекітеді;
Тармақша 10-1
10-1) қызмет көрсетушілердің меншік нысандарына, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жеткізушілерінің ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10-2
10-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, сапасын бақылаудың және мақсатты пайдаланудың барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) мәдениет және мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзу бойынша жауаптылық жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) ауданның атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 18
18) ауылдарда маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 729 бабының 2-1. тармағына сәйкес осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
Тармақша 20
20) Бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) жұмысты ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлім қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін ұсынады;
Тармақша 5
5) бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және бөлім қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) бөлім қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде мемлекеттік органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
Тармақша 12
12) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 20
20. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.