Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при акимате Акмолинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанынан бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпаратттық саясат) жөніндс Қоғамдық кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық Кеңестің дербес құрамы (қоса беріліп отыр) облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңес құру туралы» 20.07. 2003 ж. № а-6/167 қаулысына қосымша Ақмола облысыныц әкімдігі жанындағы бұқаралык ақпарат құралдары жөніндегі (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңестін құрамы
Тармақ 1
1. Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы - облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы
Тармақ 2. Кеңес мүшелері:
2. Ахметжанов Дәулетжан Ахметжанұлы - облыс әкімінің баспасөз хатшысы, кеңес хатшысы Кеңес мүшелері:
Тармақ 3
3. Әбдіхалық Жомарт Сафиұлы - облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы
Тармақ 4
4. Авдеюк Степан Акимович - Щучье аудандық «Луч» газетінің редакторы
Тармақ 5
5. Аяғанов Серік Әкпенұлы — облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Байдәулетова Күләш Ақанқызы- облыстық ішкі саясат департаментінің директоры
Тармақ 7
7. Баяділов Байқал Қайырлыұлы - ҚР журналистер кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы, ОТРК төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Бижанов Мәтен Өтешұлы — мемлекеттік смес «Бұқпа!» газетінің редакторы келісім бойынша).
Тармақ 9
9. Қасенов Ерхан Тәшмағамбетұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекегтік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы
Тармақ 10
10. Қажыбай Төлеген Сыздықұлы - Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі (келісім бойынша).
Тармақ 11
11. Косянюк Валентина Викторовна - облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Тармақ 12
12. Обухов Николай Павлович - мемлекеттік емес «Курс» газетінің редакторы (келісім бойынша).
Тармақ 13
13. Пономарев Александр Федорович - мемлекеттік емес «Лад» газетінің бас редакторы (келісім бойынша).
Тармақ 14
14. Сапарұлы Серік - «Алаш үні» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Тармақ 15
15. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (келісім бойынша).
Тармақ 16
16. Тынымбаев Шаймұрат Жарұлы - журналист, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы
Тармақ 17
17. Шораев Арман Төлегенұлы - облыстық телерадиокомпапия төрағасы (келісім бойынша).
Басқа 22
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңес құру туралы» 20.07. 2003 ж. № а-6/167 қаулысымеп бекітілді Ақмола облысының әкімдігі жанындағы бұкаралық акпарат құралдары жөніндегі (ақпараттық саясат) Қоғамдық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі (ақпараттық саясат) Кеңес (әрі қарай Кеңес) облыс әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруде облыс әкімдігіне көмек көрсету;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне кешенді де жүйелі талдау жасау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып, жетілдіру жөнінен облыс әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат саласындағы заңнамалардың орындалуын жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақ пен елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінен облыс әкімдігіне ұсыныстар жасау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік немесе басқа да органдармен, ұйымдармен қарым-қатынас барысында БАҚ-ы мен олардың қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттардың дамуына жәрдемдесу, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы даулы мәселелер мен шиеленісті жағдайларды шешуге атсалысу болып табылады;
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызмнтінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады;
Тармақ 4
4. Кеңестің құзыры:
Тармақша 1
1) облыс әкімдігі мен тікелей Кеңеске жолданған БАҚ қызметіне байланысты және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуы тұрғысындағы құжаттарды қарауға жәрдемдеседі және қарайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық кеңістіктің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамаларды жасайды;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамаларды жетілдіру, атқарушы органдар мен БАҚ-ның өзара тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету жөнінен сараптау материалдарын дайындап, ұсыныстар жасайды;
Тармақша 4
4) мемлекет саясаты мен облыс әкімдігінің атқарып отырған жұмыстарын түсіндіру, соның ішінде БАҚ үшін, сараптау-ұсыныстық қорытындылар шығарып, ұсыныстар енгізеді;
Тармақ 5
5. Кеңестің өз құзыры шеңберінде:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында мемлекеттік атқарушы органдар мен лауазымды қызметкерлерден ақпарат, құжаттар мен материалдар талап етуте;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамалардың сақталу мәселелері бойынша өз мәжілістерінде мемлекеттік атқарушы органдардың лауазымды қызметкерлері мен БАҚ-ның өкілдерін тыңдауға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атқарушы органдардың, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысуға өз өкілдерін жіберуге;
Тармақша 4
4) БАҚ қызметіне байланысты мемлекетгік атқарушы органдардың шешімдеріне баға беріп, осы мәселе бойынша мемлекеттік атқарушы органдарға ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
Тармақша 5
5) БАҚ қызметінің әртүрлі салалары бойынша жұмыс комиссияларын құрып, олардың жұмысына ғылыми, зерттеу, мемлекеттік емес басқа да мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
Тармақша 6
6) Кеңестің қызметі туралы республикалық және аймақтық БАҚ-да материалдар жариялауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжілістерінде қабылданып, облыс әкімдігіне мәлімет үшін жеткізілетін ұсыныстар мен ұйғарымдар (қорытындылар) Кеңес шешімдері болып табылады.
Тармақ 7
7. Облыстық мәслихат сессиясында бекітілетін Кеңестің құрамы Кеңес төрағасынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Кеңес төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады. Кеңес мәжілістерін оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес уақытта шақырады. Кеңестің барлық мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқанда Кеңсс мәжілісі өкілетті деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің мәжілістерге қатысқанда өз орнын басқа біреумен алмастыруға құқы жоқ. Кеңес шешімі мәжіліске қатысқан кеңес мүшелерінің басым дауыс беруі арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес төрағасы кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілісте қарауға енгізілетін мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру - әкімшілік жұмыстарымен айналысады. Мәжіліске төраға қатыса алмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 9
9. Кеңестін ұйымдастыру және ақпараттық қызметін облыс әкімінің баспасөз хатшысы жүзеге асырады.