О постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан при аппарате Акима города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 370с Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" N 638
қаулысына
сәйкес Алматы қалалық Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы "Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы" N 1/25 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 4. Комиссия төрағасы:
Әкiмшiлiктiң
2003 жылғы 11 шілдедегі N 4/422
қаулысымен бекiтiлген
N 1 қосымша
Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Храпунов Виктор
Вячеславович
-
Алматы қаласының Әкiмi
Комиссия төрағасының орынбасары:
Бүкенов Қайрат
Ахмадиұлы
-
Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Комиссия хатшысы:
Кенжеғарин Болат
Фазыл-Сейiтұлы
-
бақылау-инспекторлық және кадр жұмысы бөлiмiнiң бас маманы
Комиссия мүшелерi:
Заяц Яков Игнатьевич
-
Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Баяндаров Мағзам
Тоғжанұлы
-
Алматы қаласы Әкiмi аппаратының басшысы
Сатаев Жұманәлi
Құрманәлiұлы
-
Алматы қаласы Әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң меңгерушiсi
Басқа 5
Әкiмшiлiктiң
2003 жылғы 11 шілдедегі N 4/422
қаулысымен бекiтiлген
N 2 қосымша
Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (әрi қарай Комиссия) туралы осы Ереже ел Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 638
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Үлгiлiк ереже негiзiнде әзiрлендi. Ол құрамында мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтермен жұмыс жүргiзетiн қаладағы барлық кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге таралады.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамында мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жария болуы мүмкiн арналарды анықтау және уақтылы жабу, құпия құжаттардың жоғалуының алдын алу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу үшiн құрылған, қала Әкiмi аппаратының жанындағы алқалы кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiнде "Мемлекеттiк құпиялар туралы"
Заңды
, Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимдi қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Үлгiлiк ереженi, осы Ереженi және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да мөлшерлемелiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және қызметтерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және қызметтерi
Комиссия мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қажеттi режимiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында қаладағы мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң жұмысын зерттеп-бiледi, мына мәселелер бойынша тәжiрибелiк ұсыныстарды әзiрлейдi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын, жүргiзiлген жұмыстардың құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомстволық құжаттарды, құпия мәлiметтермен, құжаттармен танысуына рұқсат етiлген қызметкерлер қызметтерiнiң номенклатураларын әзiрлеу;
Тармақша 2
2) құжаттардың құрамындағы мәлiметтердiң құпиялылық дәрежелерiн анықтау және өзгерту;
Тармақша 3
3) құрамында мемлекеттiк құпиялары бар құжаттардың құпиялылық режимiнiң бұзылуына талдау жасау;
Тармақша 4. Комиссия мына мәселелер жөнiнде қорытындылар дайындауға қатысады:
4) мемлекеттiк құпиялар туралы мәлiметтерi бар жұмыстар жүргiзiлуi мүмкiн ғимараттар бойынша аттестаттау.
Комиссия мына мәселелер жөнiнде қорытындылар дайындауға қатысады:
Тармақша 1
1) құпия мәлiметтердiң жария болуы мүмкiн жолдарды бағалау, құпия мәлiметтерi бар құжаттардың жоғалуы;
Тармақша 2
2) жоғалған құжаттардағы мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесiн анықтау.
Комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ әрбiр тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Мәжiлiстерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң өкiлдерi, құқық қорғау, арнаулы және фискальдық органдардың басшылары, басқа да мемлекеттiк құрылымдардың құпия құжаттардың тиiстi түрлерiмен танысуға рұқсаты бар жауапты қызметкерлерi қатысуы мүмкiн.
Комиссия мәжiлiсiнде талқыланған мәселелер хаттамамен рәсiмделедi, оған комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды.
Тарау 3. 3. Комиссияның жұмыс тәртiбi
3. Комиссияның жұмыс тәртiбi
Комиссияға төраға Алматы қаласының Әкiмi жетекшiлiк етедi.
Комиссия құрамына қала Әкiмiнiң орынбасарлары, қала Әкiмi аппаратының басшысы, қала Әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң жауапты қызметкерлерi, қалалық қызметтер мен бөлiмшелердiң басшылары енгiзiледi. Олардың барлығының мемлекеттiк құпиялардың тиiстi түрлерiмен танысуға рұқсаты болуы тиiс.
Комиссияның дербес құрамын және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi қала Әкiмi бекiтедi.
Комиссия мүшелерi санатынан комиссия төрағасының орынбасары, комиссия жұмысының нақты бағыттары үшiн жауапты адамдар, сондай-ақ хатшы тағайындалады.
Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) барлық мүшелердi ертерек (комиссия мәжiлiсiнен бұрын) кезектi мәжiлiстiң материалдарымен және шешiмдердiң жобаларымен таныстырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешiмдерiнiң тиiстi лауазымды адамдарға уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасының нұсқауымен комиссияның ұсыныстарын жүзеге асыру мәселелерi бойынша шешiмдердiң, өкiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
Тармақша 4
4) комиссия шешiмдерiнiң орындалуын тұрақты бақылайды және комиссия мүшелерiне осы шешiмдердiң орындалу барысы туралы тоқсан сайын хабарлайды.
Комиссия хатшысы комиссияның кезектi мәжiлiсiнде қаралатын мәселелер бойынша материалдар мен шешiмдердiң жобаларын уақтылы тапсыруды орындаушылардан талап етуге құқылы.
Комиссия мүшелерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына қажеттi құжаттармен, материалдармен танысуға құқылы.
Комиссия өз жұмысын қала Әкiмi бекiткен жылдық жоспарларға сәйкес ұйымдастырып, жүзеге асырады. Жылдық жұмыс жоспарларында көрiнiс таппаған жекелеген мәселелер жоспардан тыс қаралады.
Комиссияның жұмыс жоспарлары қаладағы барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескерiп, жасалады.
Тарау 4. 4. Комиссияның есеп берушiлiгi
4. Комиссияның есеп берушiлiгi
Комиссия өз қызметiнде қала Әкiмiне есеп бередi.
Комиссияның жұмысы туралы есеп берушiлiк жоғары тұрған ұйымға ұсынылатын мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша жұмыс жөнiндегi жылдық есептерде көрiнiс табады.