О проведении месячника по охране рыбных запасов и борьбы с браконьерством Қолданыста
Басқа 0
Балық қорын қорғау және браконьерлікпен күрес айлығын өткізу туралы
Жайық-Каспий су айдындарында бекіре тұқымдас және басқа бағалы балық түрлерінің 1998 жылғы уылдырық шашу кезенінде қорғау тиімділігін арттыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы мамырдан 1-ен 31-іне дейін облыста қорын қорғау және браконьерлікпен күрес жөнінде айлық жариялансын.
Тармақ 2
2. Балық қорын қорғау және браконьерлікпен күрес жөніндегі айлықты өткізуді реттеуші және бақылаушыоблыстық штаб құрамы бекітілсін (қосымша №1).
Тармақ 3
3. Балық шаруашылығы (Нурекешев Ж.С.) орман, балық және аңшылық шаруащылық (Таубаев Б.) облыстық басқармалары және Солтүстік Каспий аймақтық балық қорғау инспекциясы (Бимурзин Б.) балық қорын қорғау жөніндегі айлықты өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ішкі істер басқармасы (Мырзабаев К.), кеден басқармасы (Халидуллин Е.), «Барыс» теңіз кедені (Шишинғарин М.) ҰҚК Департаментімен (Нұрғазинов Ж.) бірлесе отырып, балық қорын қорғауды және балық пен балық өнімдерін облыстан тысқары жаққа зансыз алып кету фактілеріне тиым салуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық телерадиокомпания (Берішбаев Т.), «Атырау» ( Қуанышбаев Қ.), «Прикаспийская коммуна» (Монастырская Л.М) облыстық газеттерінін редакциялары облыс тұрғындарын айлықты өткізу барысы туралы үнемі хабарлап тұрсын.
Тармақ 6
6. Қала және аудан әкімдері бұқараның балық қорын қорғау айлығын өткізуге белсенді қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыру облыс әкімінің орынбасары Е.Н.Нұршаевқа жүктелсін.