Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для лиц, осуществляющих деятельность по выпуску и обращению обеспеченных цифровых активов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі __________Б. Мусин Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы __________Ж. Элиманов
Басқа 0. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28 ақпанның 2022 жылы № 68/НҚ және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасымен 28 ақпанның 2022 жылы № 20 Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1- тарау. Жалпы ережелер
1- тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар, Субъектілер) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заңы) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бөлінген байланыс арнасы – Субъектімен электрондық өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның желісі;
Тармақша 2
2) ҚМ-1 нысаны – «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 13 бұйрығымен бекітілген, Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларымен көзделген қағидаларын, және күдікті операцияны айқындау белгілерін қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – қауіптерді іске асырумен және (немесе) осалдықтардың болуымен байланысты кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсатында қаржы операцияларын (мәмілелерін) жасау арқылы елдің қаржы жүйесіне және экономикасына залал келтіру;
Тармақша 4
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін мониторингтеу, анықтау, сондай-ақ оларды азайту (клиенттердің қызметтеріне қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;
Тармақша 5
5) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТ қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Тармақ 3
3. Ішкі бақылау:
Тармақша 1
1) Субъектілердің КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдау;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін азайту мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ) мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде Субъектілер:
Тармақша 1
1) ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге де органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі аудит тиімділігін бағалауды, сондай-ақ ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда тәуелсіз аудитті жүргізуді қамтитын Талаптарға сәйкес басқару органының немесе атқарушы органның ішкі бақылау ережелерін (бұдан әрі – ІБҚ) әзірлеуін және қабылдауын;
Тармақша 2
2) бөлінген байланыс арнасының болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. ІБҚ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін регламенттейтін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында Субъектілердің іс-әрекеті тәртібін айқындайтын құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. ІБҚ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер ресми жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Субъектілердің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес Субъектілердің өзге де басшыларының қатарынан ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ Субъектілердің ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлеріне, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы өзге де қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
2-тарау. Субъектілердің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес Субъектілердің өзге де басшыларының қатарынан ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ Субъектілердің ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлеріне, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы өзге де қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 8
8. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мынадай рәсімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін Субъект пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдану;
Тармақша 2
2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан және іскерлік қатынастарды тоқтатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) Субъектілердің зерделенуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияны күдікті операция ретінде тану;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтамасыз етудегі нұсқаулар мен жұмыс регламенттерін қоса алғанда, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілерін ұсыну. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларға қатысты мәліметтерді құжаттамалық тіркеу Субъект белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) Субъект қызметкерлері жол берген, Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының, ІБҚ бұзушылықтарының оларға мәлім болған фактілері туралы Субъект қызметкерлерінің басшыны хабардар етуі;
Тармақша 6
6) ІБҚ-ны іске асыруға және сақтауға жауапты адамның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен, персоналымен, филиалдармен, уәкілетті органдармен және олардың лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылы;
Тармақша 7
7) ұйымды бақылайтын заңды тұлға айқындаған КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ (болған жағдайда) бойынша талаптарды орындау;
Тармақша 8
8) ұйымды бақылауға ие заңды тұлғамен ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда тәуелсіз аудитті, ұйымның ішкі аудит қызметімен не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті органмен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалауды жүргізудің нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті органдарға және ұйымның лауазымды тұлғаларына дайындау және ұсыну;
Тармақша 9
9) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, бейрезидент-заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымды тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;
Тармақша 10
10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиент операциясын күдікті ретінде тану;
Тармақша 11
11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту;
Тармақша 12
12) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін төмендету жөніндегі бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеу;
Тармақша 13
13) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін жіктеу;
Тармақша 14
14) барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін кемінде бес жыл, оларды сотта дәлел ретінде пайдалану мүмкіншілігін ескере отырып, олар уәкілетті органға, сондай-ақ олардың құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін сақтау. Субъектінің бағдарламаға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бойынша қосымша шараларды енгізуіне жол беріледі. Субъектілер Субъектілердің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес Субъектілердің өзге де басшылары қатарынан ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлерді (бұдан әрі – жауапты қызметкер), сондай-ақ ІБҚ-ның іске асырылуына және сақталуына жауапты Субъектілердің қызметкерлерді (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкері) тағайындайды. Жауапты қызметкер лауазымына: жоғары білімі; ақпараттандыру саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі; мінсіз іскерлік беделі бар тұлға тағайындалады. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі бөлімшенің қызметкері лауазымына: жоғары білімі; ақпараттандыру саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі; мінсіз іскерлік беделі бар тұлға тағайындалады.
Тармақ 9
9. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі құрылымдық бөлімше қызметкерінің функциялары:
Тармақша 1
1) ІБҚ әзірлеуді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, және одан әрі Субъект басшысымен келісу, сондай-ақ ІБҚ-нің іске асырылуын және сақталуын мониторингтеуді;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың берілуін ұйымдастыруды және бақылау;
Тармақша 3
3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдауды;
Тармақша 4
4) клиенттердің операцияларын күрделі, ерекше ірі операцияларға, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды;
Тармақша 5
5) клиенттер операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы және операциялар туралы ақпаратты уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 6
6) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды;
Тармақша 7
7) Субъектінің басшысына клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін сұраулар жіберуді;
Тармақша 8
8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеуді;
Тармақша 9
9) ІБҚ-ны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиент досьесін қалыптастыруды;
Тармақша 10
10) анықталған ІБҚ бұзушылықтары туралы Субъект басшысын хабардар етуді;
Тармақша 11
11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды;
Тармақша 12
12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуді;
Тармақша 13
13) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ақпарат ұсынуды;
Тармақша 14
14) уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруді;
Тармақша 15
15) ІБҚ-ны іске асыру нәтижелері және Субъект басшысына есептер құрастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ ішкі бақылау жүйесін жақсарту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындауды;
Тармақша 16
16) барлық құжаттар мен мәліметтерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді қамтиды.
Тармақ 10
10. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:
Тармақша 1
1) өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. Субъектілерге КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша жауапты қызметкердің немесе бөлімшенің қосымша функцияларын және өкілеттіктерін қосуға рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. Филиалдарда, өкілдіктерде және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерде осы Талаптардың 9,10-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша олардың қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Осы Талаптардың 9,10-тармақтарында көзделген жауапты қызметкерге, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚІ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функциялар ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен үйлеспейді.
Тарау 3. 3-тарау. Технологиялық жетістіктер тәуекелдерін және оларды пайдалануды қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері және көрсетілген қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдері ескерілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейлері) басқару бағдарламасы
3-тарау. Технологиялық жетістіктер тәуекелдерін және оларды пайдалануды қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері және көрсетілген қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдері ескерілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейлері) басқару бағдарламасы
Тармақ 13
13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер клиенттердің тәуекелдері және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдері ескерілетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері (бар болса) бөлінісінде ұйымдастыру рәсімі;
Тармақша 2
2) клиенттің тәуекел деңгейіне, сондай-ақ Субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, елдік тәуекел және көрсетілетін қызметтердің/өнімдердің тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау рәсімі;
Тармақша 3
3) алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін клиенттердің тәуекелдеріне және Субъект өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне тұрақты мониторингті, талдауды және бақылауды жүзеге асыру рәсімі;
Тармақша 4
4) клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін беру, қайта қарау мерзімдері мен негіздері. Субъектілер жыл сайынғы негізде субъектілер клиенттерінің, қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерінің есебіндегі ақпаратты және тәуекелдердің мынадай: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, қызмет көрсету тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі сияқты ерекше санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады. Субъектілер клиенттерінің, қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен сүйемелденеді. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері Субъектілер мүшелері болып табылатын тиісті мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың талабы бойынша ұсынылады.
Тармақ 14
14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлері мына факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары мен жақын туыстары, сондай-ақ көрсетілген адамдар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) азаматтығы жоқ адамдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 4
4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері көрсетілген адамдар не осы адамдардың бақылауында тұрған және олардың мүддесін білдіру үшін іс-әрекет ететін ұйымдар мен адамдар; Тізім және Тізбелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және олардың өзгертілуіне (жаңартылуына) қарай өзектендіріледі.
Тармақша 5
5) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
Тармақша 6
6) осы Талаптардың 19-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 7
7) оған қатысты алынған деректердің дұрыстығына күмән келтірілуіне негіз бар клиент;
Тармақша 8
8) клиент операцияның не пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі практикасынан ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есеп айырысу схемаларының асығыс жүргізілуін талап етеді;
Тармақша 9
9) Субъектте бұрын оған қатысты қатысты күдік болған клиент;
Тармақша 10
10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көзделген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды.
Тармақ 15
15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлері мына факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ оларға бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар.
Тармақ 16
16. Тәуекелді бағалау бағдарламасы клиентті зерделеу бағдарламасын іске асыру нәтижесінде алынған ақпараттың, сондай-ақ Ақша жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында клиенттердің операцияларды жасау тәуекелі жоғары операциялардың белгілерін, қызмет түрлері мен шарттарының негізінде клиенттердің тәуекеліне бағалау жүргізуді көздейді.
Тармақ 17
17. Қызметтердің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау кезінде тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мәліметтер келесіні қоса алғанда ескеріледі, бірақ онымен шектелмейді:
Тармақша 1
1) қаржы мониторингіне жататын операциялар (мәмілелер);
Тармақша 2
2) ерекше операциялар (мәмілелер), оның ішінде жүзеге асырылуы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ға бағытталуы мүмкін ерекше мәмілелерді анықтау өлшемшарттары мен белгілеріне жатқызылатын ерекше операциялар (мәмілелер);
Тармақша 3
3) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің бір немесе бірнеше нысандарын басқа қамтамасыз етілген цифрлық активтерге айырбастау;
Тармақша 4
4) трансшекаралық төлемдер және қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы аударымдар;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтерін бақылауға мүмкіндік беретін құралдарды жауапты сақтау және/немесе басқару;
Тармақша 6
6) эмитенттің қамтамасыз етілген цифрлық активтерін ұсынуға және/немесе сатуға байланысты қаржылық қызметтерді ұсынуға қатысу және ұсыну.
Тармақ 18
18. Субъектілер шет мемлекеттерде осы тармақта көрсетілген қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттерден келген клиенттерге қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды: Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын; сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыстық іс-әрекет деңгейі жоғары; Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбаргоға және осыған ұқсас шараларға ұшыраған; террористік (экстремистік) қызметті қаржыландыруды немесе қолдауды жүзеге асыратын және онда белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар жағдайларда жүзеге асырады. БҰҰ деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) және халықаралық ұйымдардың тізбелеріне сілтемелер уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады; қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру; операцияларды тараптардың физикалық қатысуынсыз жүзеге асыру; белгісіз немесе байланысы жоқ үшінші тұлғалардың атынан немесе пайдасына жасалатын; жасырын банктік шоттармен немесе жасырын, жалған есімдерді пайдалана отырып байланыстар; қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды жүзеге асыру кезінде жеке байланыстың болмауы, қамтамасыз етілген цифрлық активтермен байланысты өнімдер немесе қызметтер; егер олар бенефициарларды сәйкестендіру (анықтау) бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтермен іс-әрекетті жүзеге асыратын адамдардың мүмкіндіктерін шектесе, бүркеншік атпен немесе операциялардың анонимділігінің жоғары дәрежесімен операцияларды жүзеге асыру; экономикалық мағынаның немесе құқықтық мақсаттың жоқтығы; клиенттің оған тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ірі сомаға операция жасауы; олар бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелі туралы ақпарат болған жағдайларда жүзеге асырылады. Субъектілердің қосымша тәуекел факторларын қосуына жол беріледі.
Тармақ 19
19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъектілер осы Талаптардың 15, 16-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын, сондай-ақ Субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды. Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін Субъектілер Субъектілерде клиент (клиенттер) туралы бар мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша айқындайды және төмен және жоғары деңгейден тұратын тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағаланады. Осы Талаптардың 15, 16, 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау операцияларды (іскерлік қатынастарды) мониторингтеу нәтижелері негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі. Субъектілер клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операцияларды (іскерлік қатынастарды) мониторингтеу нәтижелерінің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Субъектілер:
Тармақша 1
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеу;
Тармақша 2
2) жаңа немесе бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану кезінде туындайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 21
21. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын, жеткіліктілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, болжамды мақсатты және сипатты және іскерлік қатынастарды анықтау және тіркеу, сондай-ақ клиент және олардың өкілдері туралы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қабылдау тәртібі;
Тармақша 2
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері, Субъектінің жеке тұлғаны клиенттің бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;
Тармақша 3
3) Субъектінің қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалар, жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары және жақын туыстары, сондай-ақ аталған тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттердің заңды тұлғалары арасынан анықтауға және осындай клиенттерді (ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын ала отырып) қызмет көрсетуге қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;
Тармақша 4
4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізімде және Тізбелерде болуын тексеру тәртібі;
Тармақша 5
5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан айқындау кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);
Тармақша 6
6) Талаптарды орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу ерекшеліктері;
Тармақша 7
7) басқа ұйымдардан мәліметтер алу жолымен клиенттерді сәйкестендіру, оның ішінде өздерінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің пайдасына немесе олардың атынан операциялар жасалатын жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру ерекшеліктері;
Тармақша 8
8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасы;
Тармақша 9
9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын және жеткіліктігін тексеру тәртібі;
Тармақша 10
10) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және оны жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартуға (жылына кемінде 1 рет) қойылатын талаптар;
Тармақша 11
11) Субъект қызметкерлерінің сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімі;
Тармақша 12
12) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері. Егер Субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға, не шетелдік қаржы ұйымына субъектінің клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, Субъект осындай адамдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар: Субъектілердің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін бекіту рәсімін; ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін; сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беруі рәсімі мен мерзімдері; Субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдардың ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыру рәсімін, сондай-ақ Субъектінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылдайтын шараларын; сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімдерін, мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, Субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін; сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін; Субъект сәйкестендіру жүргізуді тапсырған адамдардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелерін; ұйымның сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін; КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін анықтау рәсімін қамтиды. ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) басқа Субъект немесе шетелдік қаржы ұйымы тіркелген, болған жағдайда Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарда көзделген іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 22
22. Субъектілер клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісінше тексеруді жүргізу кезінде оларды мынадай өлшемшарттар бойынша сәйкестендіреді:
Тармақша 1
1) сенімді, тәуелсіз бастапқы құжаттарды, деректерді немесе ақпаратты қолдана отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру және клиенттің жеке басын растау;
Тармақша 2
2) бенефициарлық меншік иесін айқындау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін ақылға қонымды шаралар қабылдау, бұл Субъектіге бенефициарлық меншік иесінің кім екені білетінін тануға мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымдар үшін бұл Субъектінің басқару құрылымы мен клиенттің меншігі туралы ақпарат алуын қамтуы керек;
Тармақша 3
3) іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы ақпаратты түсіну және қажет болған кезде алу;
Тармақша 4
4) жасалатын мәмілелердің Субъектілердің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі, оның шаруашылық қызметі және тәуекелдердің сипаты туралы, оның ішінде қажет болған жағдайда қаражат көзі туралы мәліметтерге сәйкестігіне сенімді болу үшін тұрақты негізде іскерлік қатынастарға тиісінше тексеру жүргізу және осындай қатынастар шеңберінде жасалған мәмілелерге толық талдау жасау;
Тармақша 5
5) баламалы немесе ұқсас лауазымдарды атқаратын заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымдарға, заңды құрылымдарға, жеке деректерге қатысты. Субъектілер бенефициарлық меншік иесін айқындау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру жөнінде шаралар қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 бұйрығымен бекітілген, Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33464 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29649 болып тіркелген) басшылыққа алады.
Тармақ 23
23. Субъектілердің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі: заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға, сондай-ақ клиент атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжат (құжаттар); клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат. Субъектілер клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісінше тексеру жүргізген кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша ұсынылатын құжаттардың түпнұсқаларының не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерінің не апостиль қоя отырып, құжаттардың көшірмелері негізінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттық түрде тіркейді.
Тармақ 24
24. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, Субъектілер іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.
Тармақ 25
25. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 7-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған кезде;
Тармақша 2
2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған) жағдайларда;
Тармақша 3
3) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған жағдайларда;
Тармақша 4
4) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияны (мәмілені) жасаған жағдайларда клиент туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді. Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен осы Талаптарға сәйкес бұрын алынған не қосымша мәліметтер алу қажеттілігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнатылған кезде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді. Қатысудың бақылаулық үлесі бар тұлға, бенефициарлық меншік иесі анықталмаған немесе меншік құқығындағы үлес арқылы бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар болмаған жағдайда, Субъектілер бенефициарлық меншік иелерінің жеке басын заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдарды бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке деректерін пайдалана отырып тексереді. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғанды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі адам заңнамада белгіленген тәртіппен бенефициарлық меншік иесі болып танылады. Жарғылық капиталға қатысу негізінде бенефициарлық меншік иесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, клиентке өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын тұлға бенефициарлық меншік иесі деп танылады.
Тармақ 26
26. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 24-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді Субъектілер құжаттамалық тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер және күдікті операцияларды, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъект клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтауға тиіс. Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін басқа Субъектілерінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына Субъектілер сүйенетін ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа Субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады. Субъектілер клиенттің досьесін олар ІБҚ-ға сәйкес берген тәуекелінің деңгейіне қарай ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі. Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер (салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер) жатады. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
Тармақ 27
27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде Субъектілер Тізімде және Тізбелерде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді. Клиенттің (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесінің Тізімде және Тізбелерде болуын тексеру (Тізімге және Тізбелерге енгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және оларға өзгерістердің (жаңартулардың) енгізілуіне қарай жүзеге асырылады. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде осындай клиенттің жария лауазымды адамға, оның жұбайына және жақын туысына тиістілігіне тексеру жүргізеді. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту мерзімділігі және (немесе) алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып анықталады. Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларын қабылдау мүмкін болмаған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай факті туралы хабарлама жібереді. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда белгіленген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
Тарау 5. 5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
Тармақ 28
28. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъектілер клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
Тармақ 29
29. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін, сондай-ақ Субъектілер дербес әзірлеген күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операциясын анықтау рәсімін;
Тармақша 3
3) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты Субъектілер қабылдайтын шараларды қабылдау рәсімін;
Тармақша 4
4) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің өзге де мүлігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген адамдар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыруды қамтиды. Субъект жауапты қызметкерді не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ бойынша бөлімше қызметкерлерін тағайындаған жағдайда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын қосымша қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) осы Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтерді алу бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында міндеттерді бөлу;
Тармақша 2
2) шектік, ерекше және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және оларды бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы міндеттерді бөлу;
Тармақша 3
3) шекті, ерекше және күдікті операциялар анықталған кезде Субъект бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тетігін сипаттау;
Тармақша 4
4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдауы тәртібі, негіздері және мерзімі;
Тармақша 5
5) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 6
6) Тізімде және Тізбелерде тұрған клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, осындай клиенттерге қызмет көрсету не онымен іскерлік қатынастарды тоқтату бойынша Субъект бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 7
7) Субъектінің лауазымды адамдарын шекті және күдікті операцияларды, Тізімнен және Тізбелерден клиенттерді анықтау туралы ақпараттандыру тәртібі (қажет болған кезде).
Тармақ 30
30. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде Субъектілер барлық шекті, ерекше, күдікті операциялардың және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялардың мақсаттары мен негіздерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелері Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады. Клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) Субъектіде клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және операция жасалғаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
Тармақ 31
31. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды (операцияны) жасауын (жасауға әрекетін) ескере отырып, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологиялары, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды. Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъектілер клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды Cубъект айқындайтын операцияны жүргізгенге дейінгі кезеңде, бірақ әдетте бір айдан аспайтын мерзімде зерделейді.
Тармақ 32
32. Егер осы Талаптардың 19-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ны заңдастырумен байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда клиенттің операциялары күдікті деп танылады. Субъектілер клиент операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өзінің иелігіндегі мәліметтер мен құжаттардың, сондай-ақ клиенттің қаржы-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде қабылдайды. Бұл ретте операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырма Субъектінің ІБҚ-ға сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс. Субъектілер уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен тиісті шешім қабылдаған (іс-әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны туралы хабарламалар ұсынады. Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Тарау 6. 6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 33
33. Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығымен бекітілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23952 болып тіркелген) әзірленеді. Оқыту бағдарламасының мақсаты Субъектілер жұмыскерлерінің КЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ ІБҚ және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Субъектінің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.