Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Павлодарской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына, Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы «Туризм саласындағы функцияларды беру туралы» № 332/8 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 14/1 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулына Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 6. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы «___» ___________ № ___ қаулысымен бекітілген «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі өз құзіреті шегінде кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-құрылыс.
Тармақ 10
10. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – государственное учреждение «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Павлодарской области».
Тармақ 12
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы ереже «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.
Тарау 2. 2-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні мен өкілеттіктері
2-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты шағын және орта бизнес, сауда, өнеркәсіптік әлеует, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
Тармақ 17
17. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні кәсіпкерлік, сауда және индустриялық-инновациялық даму және туризмді дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 18
18. Міндеттері:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өз құзіреті шегінде «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 19
19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу; «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу; басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту; өз құзіреті шегінде шарттар, келісімдер жасау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру; мемлекеттік органдарда, сотта «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы органдар мен кәсiпкерлiк субъектілерінің бiрлестiктерi, өңірлік палата және нарықтық инфрақұрылым объектілері арасындағы қарым-қатынастарды дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 3
3) жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен, Қазақстан Республикасының Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасынан, мiндеттi мүшелiк (қатысу) негiзiндегi өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, соның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) Павлодар облысының аумағында сауда саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және өз құзыреті шегінде сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру бойынша мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бөлшек сауда бағасының шекті мәндерін әзірлеу және бекіту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемеақысының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) сауда қызметін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ тауарларды өндіру және өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Тармақша 14
14) облыс кәсіпорындарына еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының тұрақты өндірістік қызметін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және инновацияларды тиімді енгізуге және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға қолдау көрсету;
Тармақша 16
16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру, инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімде ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинау, талдау және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 18
18) технологияларды коммерцияландыруда және экспорттық әлеуетті дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне көмек көрсету;
Тармақша 19
19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне және туристтік қызметті ұйымдастыра отырып, әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 21
21) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның қызмет ету мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 22
22) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау және әлеуметтік-экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті қатысушыларды тарту;
Тармақша 23
23) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтарға қатысушылардың қызметті жүзеге асыруға арналған шарттардың талаптарын орындауын бақылау, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;
Тармақша 24
24) туристік қызмет көрсету нарығын талдау және уәкілетті органға облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 25
25) облыстық туристік ресурстарды қорғау шараларын әзірлеу және енгізу;
Тармақша 26
26) облыс аумағында туризм индустриясы объектілерін жоспарлау мен салу бойынша қызметін үйлестіру;
Тармақша 27
27) балалар мен жасөспірімдер лагерлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне көмек көрсету;
Тармақша 28
28) халықты жұмыспен қамтуды арттыру шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
Тармақша 29
29) туристік, оның ішінде туристік әлеует, туристік объектілер және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
Тармақша 30
30) туристік ақпарат орталығын құру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) гидті (гид-аудармашы) кәсіби даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 33
33) уәкілетті органмен келісім бойынша туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 34
34) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 35
35) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік топтамасын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған жағдайда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне сәйкес оларға қатысты шешімдер қабылдау;
Тармақша 36
36) Басқарманың құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
Тармақша 37
37) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап арыздар ұсыну;
Тармақша 39
39) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 21
21. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауап береді.
Тармақ 22
22. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 23
23. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 24
24. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының, сондай-ақ «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің отырыстарын өткізеді;
Тармақша 10
10) «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты береді; «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 27
27. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 28
28. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 30
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
31. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
Тармақ 32
32. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:
Тармақша 1
1) «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Атамекен-Павлодар» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.