Об утверждении процедурного стандарта внутреннего государственного аудита и финансового контроля «Аудит соответствия» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Басқа 8. «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 Бұйрығымен бекітілген «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Сәйкестік аудиті» «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит органдары) жүзеге асыратын сәйкестік аудитін жүргізудің мақсатын, міндеттерін, негізгі кезеңдерін, рәсімдерін, әдістерін, сондай-ақ оларға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Стандарт «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Стандарттың күші ішкі мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудиторларына, мемлекеттік аудитордың ассистенттеріне, сондай-ақ тартылатын сарапшыларға, мемлекеттік органдардың және (немесе) оның аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінің, аудиторлық ұйымдардың мамандарына қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады: базалық өлшемшарттар - сәйкестік аудитін жүргізу кезінде оның бағыттары мен мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне қарамастан пайдаланылатын көрсеткіштер; өлшемшарттар - негізделген және қол жеткізуге болатын эталондық нормалар, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің нормаларын сақтауы тексерілетін көрсеткіштер.
Тарау 2. 2-тарау. Сәйкестік аудитінің мақсаты, міндеттері және негізгі кезеңдері
2-тарау. Сәйкестік аудитінің мақсаты, міндеттері және негізгі кезеңдері
Тармақ 4
4. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін мемлекеттік аудит объектісінің сақтауы туралы негізделген пікір білдіру болып табылады.
Тармақ 5
5. Стандарттың міндеттері:
Тармақша 1
1) қорытындылар мен нәтижелерді жоспарлауға, жүргізуге дайындауға, қалыптастыруға, сондай-ақ сәйкестік аудиті қорытындыларының іске асырылуын бақылауға қойылатын талаптарды белгілеу болып табылады;
Тармақша 2
2) сәйкестік аудитін жүргізу рәсімдері мен әдістерін айқындау;
Тармақша 3
3) сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау, аудиторлық есептерге енгізілетін тұжырымдар мен нәтижелерді қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктерді ашу болып табылады.
Тармақ 6
6. Сәйкестік аудитінің міндеттері:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес зерделеу қорытындылары бойынша, сондай-ақ Заңның 18-бабына сәйкес жоспардан тыс аудитті жоспарлау кезінде қалыптастырылған өзекті мәселені және сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау;
Тармақша 2
2) сәйкестік өлшемшарттарына қол жеткізуге, олардың қабылданбау себептерін анықтауға қатысты объективті, дұрыс және жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді (бар болса) жинау;
Тармақша 3
3) тәуелсіз, объективті және құзыретті аудиторлық есепті және қорытындыны, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі аудит нәтижелері туралы есепті қалыптастыру;
Тармақша 4
4) Заңның 25-бабына сәйкес мониторинг жүргізу арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.
Тармақ 7
7. Сәйкестік аудитін Заңның 14-бабының 2) тармақшасына және 15-бабының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес бағыттар бойынша ұсынылған өкілеттіктерге сүйене отырып, ішкі мемлекеттік аудит органдары жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Сәйкестік аудиті келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді, Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) және Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы), Аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған аудиторлық тапсырманы (бұдан әрі - Аудиторлық тапсырма) және Аудиторлық іс-шараны (тексеру) (Тексеруді тағайындау туралы актіні) жүргізуге арналған тапсырманы (бұдан әрі - Тапсырма) жасауды қамтитын жекелеген ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) Тапсырмасын уақтылы тіркеу және оның аумақтық бөлімшелерінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында ішкі мемлекеттік сәйкестік аудит жүргізу;
Тармақша 2
2) аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздерін, аудиторлық есепті (бұдан әрі – аудиторлық есеп), аудиторлық қорытындыны, нұсқаманы, бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешімді (өкімді) (бұдан әрі - шешім (өкім) жасауды және ресімдеуді қамтитын ішкі мемлекеттік аудит жүргізу;
Тармақша 3
3) аудиторлық қорытындыда, аудиторлық есепте және нұсқамада, шешімде (өкімде) қамтылған ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Жекелеген ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау тәртібі
3-тарау. Жекелеген ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит Жоспарын, Бағдарламасын, Аудиторлық тапсырма мен Тапсырманы жасау тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит Жоспарын, Бағдарламасын, Аудиторлық тапсырма мен Тапсырманы жасау тәртібі
Тармақ 9
9. Сәйкестік аудитін жүргізу, мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу үшін топты қалыптастыру тәртібі аудиттің мәні мен мәселелерін айқындау, аудитпен қамтылуға жататын қаражат пен активтердің көлемін және аудит жүргізу мерзімдерін нақтылау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Алдын ала зерделеу процесінде мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және бағалау жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік аудитор: ақпарат алу тәсілдері анықталады; Ережеде көзделген үлгі мәселелер тізбесі негізінде ақпарат көздеріне талдау жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес аудит жоспары, бағдарламасы, аудиторлық тапсырма және тапсырма жасалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Аудитті жоспарлау кезінде мәнділікті айқындау тәртібі
2-параграф. Аудитті жоспарлау кезінде мәнділікті айқындау тәртібі
Тармақ 13
13. Сәйкестік аудитін жоспарлау және жүргізу кезеңінде мемлекеттік аудитор абсолютті немесе салыстырмалы мән бойынша рұқсат етілген маңыздылық деңгейін бағалайды. Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес мәнділік мемлекеттік аудит объектісі қаржы және шаруашылық операцияларын жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ қабылданатын шешімдерге әсер ететін қателер ретінде айқындалады, рұқсат етілетін ең жоғары мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. Сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мәнділік деңгейі, бюджетке өтеуге, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтіруге және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсетуге әкеп соғатын қаржылық бұзушылықтарды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен бұзушылықтарды және бюджет қаражатын жұмсауға байланысты емес бұзушылықтарды қоспағанда, қамтылған аудит қаражатының 2 (екі) % - ы мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 14
14. Мәнділікті анықтау кезінде анықталған сәйкестік немесе сәйкессіздік жағдайлары аудит жүргізу кезінде шешім қабылдауға әсер етеді деп болжауға негіз бар-жоғын ескеру қажет. Мемлекеттік аудитордың мәнділік деңгейін анықтауы кәсіби пайымдау мәселесі болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау тәртібі
3-параграф. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау тәртібі
Тармақ 15
15. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу сатысында жүзеге асырылады. Дұрыс анықталған өлшемшарттар мемлекеттік аудиттің барлық сатыларында қолданылады және аудиторлық қорытындының, аудиторлық есептің сапасын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Сәйкестік аудитінің негізгі базалық өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) негізділік - мемлекеттік аудит объектісі қызметінің мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған нормаларына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) дұрыстық - іс жүзіндегі жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің есептік құжаттамасындағы операцияларды, ақпаратты көрсетудің дұрыстығы;
Тармақша 3
3) адалдық – мемлекеттік аудит объектісінің әдеп нормалары мен қаржылық басқарудың қағидаттарын сақтауы болып табылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне қарай айқындалатын өлшемшарттар мынадай сипаттамаларға ие болады: толықтық (көрсеткіштер аудит мақсатына қол жеткізу үшін жеткілікті болып табылады); объективтілік (көрсеткіштер біржақты емес және толық және сенімді ақпаратқа негізделген); түсініктілік (көрсеткіштер нақты тұжырымдалған және дұрыс түсінбеу тәуекелін болдырмайды); салыстырмалылық (өзге мемлекеттік аудит органдарының осыған ұқсас аудиторлық тексерулері кезінде қолданылған көрсеткіштерге қайшы келмейтін көрсеткіштер); қолайлылық (көрсеткіштер заңнама талаптарымен немесе сарапшылардың пікірімен келісілген); қолжетімділік (орындалған аудиторлық қызметтің сипатын, сондай-ақ аудиторлық қорытынды, аудиторлық есеп үшін негіздерді түсіну мүмкіндігіне ие болу үшін адресаттарға қолжетімді көрсеткіштер).
Тармақ 18
18. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау көздері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін барлық құқықтық актілер;
Тармақша 2
2) кәсіби, техникалық және салалық стандарттар;
Тармақша 3
3) халықаралық кәсіби ұйымдар бекіткен халықаралық стандарттар;
Тармақша 4
4) уәкілетті органдардың және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің нормативтік және әдіснамалық құжаттары;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті органдардың және квазимемлекеттік және жекеше секторлар ұйымдарының есептік және статистикалық деректері;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;
Тармақша 7
7) сарапшылардың қорытындылары;
Тармақша 8
8) интернет-ресурстарда орналастырылатындарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынатын материалдар («мүдделер қақтығысы» талаптарын сақтай отырып) болып табылады.
Тармақ 19
19. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау барысында мемлекеттік аудиторлар аудиттің әрбір мәселесі бойынша ықтимал бұзушылық тәуекелінің қаншалықты маңызды екенін қарастырады. Мәнділік мәселесі сандық (өлшем) және сапалық (сипаты мен ерекшеліктері) факторларды қамтиды.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік аудитор аудит нысанасын толық көлемде дұрыс көрсету үшін қолдануға жоспарланған өлшемдерді пайдаланады. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтыған кезде мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде анық көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік аудитор сәйкестік аудитінің мақсатына сәйкес критерийлерді нақтылау үшін аудит объектісі немесе өзге де мемлекеттік органдар берген материалдарды пайдаланады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін заңнамада құқықтық олқылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте анықталған құқықтық олқылықтар туралы пікірді көрсетеді.
Тармақ 23
23. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары анықталған жағдайда мемлекеттік аудитор «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының ережесін басшылыққа алуы керек. Шешілмейтін қайшылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудитор оларды қолданудың ықтимал салдарларын анықтап, аудиторлық есепте қайшылықтар фактілерін көрсетуі қажет.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік аудитор осы Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау тәртібі
4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау компоненттерін бағалау мемлекеттік аудиторға ішкі бақылаудың сенімділік дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік аудитор жоспарлаған аудиторлық рәсімдердің сипаты мен көлеміне әсер етеді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесінде өзгерістердің болғанын-болмағанын зерделейді және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде немесе ортасында болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, ішкі бақылау жүйесінің дұрыстығын тексереді.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесі туралы ұсынымды алған кезде маңызды болып табылатын мынадай элементтерге назар аударады:
Тармақша 1
1) кәсіби құзыреттілік қағидаттарын ұстану-мемлекеттік аудит объектісі басшылығының белгілі бір лауазымдар үшін кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейін, сондай-ақ бұл деңгей талап етілетін дағдылар мен білімге қалай ауысатынын айқындау;
Тармақша 2
2) ұйымдық құрылым - оның шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметі жоспарланатын, орындалатын, бақыланатын және тексерілетін негіз;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне және есептілік пен өкілеттіктер иерархиясы қатынастарын орнатуға байланысты өкілеттіктер мен жауапкершілікті беру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің тәуекелдерін басқару жүйесін де зерделейді, атап айтқанда, қасақана жосықсыз іс-қимылдар тәуекелін төмендетуге қабілетті қанағаттанарлық бақылау ортасының болуына назар аударады.
Тармақ 5. 5-параграф. Тәуекелдерді бағалау тәртібі
5-параграф. Тәуекелдерді бағалау тәртібі
Тармақ 28
28. Тәуекелдерді бағалау сенімділікті негізделген растауға бағытталған мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік аудитор елеулі бұзушылықтардың аудиторлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау үшін негіздерді қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді бағалау жөніндегі рәсімдерді орындайды.
Тармақ 29
29. Аудит жоспарында және бағдарламасында белгіленген шектеулердің салдарынан сәйкестік аудиті талаптарға сәйкессіздіктің барлық фактілерін мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудитордың ассистенттері анықтайтынына кепілдік немесе абсолютті сенімділік бермейді.
Тармақ 30
30. Тәуекелдердің туындауына әкеп соғатын тәуекелдер мен факторлардың тізбесі аудиттің мәніне және оны жүргізу мән-жайларына байланысты өзгереді.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік аудитор аудит тәуекелінің үш элементін: олардың аудит тақырыбына және нақты жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты ажырамас тәуекелін, бақылау құралдарының тәуекелін және анықталмау тәуекелін қарастырады.
Тармақ 32
32. Тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел оқиғаларының туындау ықтималдығы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген оқиғалар басталған кезде туындайтын салдарлар назарға алынады.
Тармақ 33
33. Ажырамас тәуекел - шот сальдосының немесе операциялар сыныпының, құжаттардың (шарт, жүкқұжаттар, дебиторлар, кредиторлар тізбесі және басқалар) жеке-жеке немесе қажетті ішкі бақылау құралдарының болмауына байланысты басқа шоттар сальдосының немесе операциялар сыныптарының бұзылуымен жиынтығында елеулі болуы мүмкін бұзушылықтарға ұшырауы. Бақылау құралдарының тәуекелі - бұзушылықтың алдын алу немесе оның уақтылы анықталмау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі уақтылы жоймау тәуекелі. Анықталмау тәуекелі - аудиторлық рәсімнің жеке де, сол сияқты басқа да бұзушылықтармен бірге де елеулі бұзушылықтарды анықтамау тәуекелі. Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау», осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Ажырамас тәуекелді бағалау» деген жұмыс құжаттарымен ресімделеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Аудиторлық іріктеп тексеру жүргізу тәртібі
6-параграф. Аудиторлық іріктеп тексеру жүргізу тәртібі
Тармақ 34
34. Аудиторлық іріктеп тексеру – бұл аудитке қатысты деректер көлемінің 100 (жүз) %-дан азына аудит рәсімдерін қолдану. Мемлекеттік аудитор кәсіби пайымдауды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің өзгешеліктері мен ерекшелігін ескере отырып, толық және жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті іріктеп тексеру жасайды. Аудиторлық іріктеп тексеру рәсімін әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитор аудит рәсімінің мақсатын және іріктеп тексеру жүргізілетін деректердің сипаттамаларын қарайды. Аудиттегі іріктеп тексеру объектіні, тақырыпты, саланы іріктеу үшін де, аудитке жататын барлық операциялар мен құжаттардан бір үлгіні іріктеу үшін де қолданылады.
Тармақ 35
35. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін мемлекеттік аудитор аудиторлық рәсімдерді жоспарлау кезеңінде іріктеп тексеру элементтерін іріктеу әдістерін айқындайды. Бас жиынтық – бұл элементтердің толық құрамы. Қалдық жиынтық – іріктеп тексеру жүргізілетін элементтердің құрамы. Іріктеп тексеру элементі – бұл қалдық жиынтықты құрайтын жеке элементтер. Мұндай элементтер құжаттардың, операциялардың, сомалардың, баптардың көлемі, құны жоғары заттардың саны болып табылады.
Тармақ 36
36. Жиынтықты құрайтын жеке элементтер іріктеп тексеру бірліктері болып таблады. Олар физикалық элементтерге немесе ақша бірліктеріне бөлінеді. Осыған байланысты мыналарға ажыратады: монетарлық емес іріктеп тексерулер – заттай (құндық емес) бірліктер тізбесінен іріктеуге негізделген іріктеп тексерулер: жазбалар тізілімі, негізгі құралдар тізбесі, номенклатуралық нөмірлер тізілімі, материалдық құндылықтар тізілімі, қызметкерлер тізімі сияқты; монетарлық іріктеп тексерулер – құн тізбесіне негізделген іріктеп тексерулер.
Тармақ 37
37. Аудиторлық рәсімдерді әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитор мынадай рәсімдердің бірін жүргізуі қажет: қалдық жиынтықтың барлық элементтерін іріктеу (жаппай тексеру); аудит объектісінің қызметін кәсіби пайымдау және түсіну негізінде ерекше элементтерді іріктеу; қалдық жиынтықтың элементтерінен аудиторлық іріктеп тексеру жүргізу.
Тармақ 38
38. Үздіксіз тексеру мынадай кезде жүргізіледі: қалдық жиынтық құны жоғары элементтердің аз санынан тұрады. Осы әдіс айтарлықтай тәуекел болған кезде және басқа құралдармен аудиторлық дәлелдемелерді алу мүмкін болмаған кезде қолданылады; ақпараттық жүйені қолдану аудиторлық рәсімдердің қайталама әдістерін (қайта есептеу немесе қайта орындау) орындауға мүмкіндік береді; бұзушылықтың айтарлықтай тәуекелі бар және қаражат жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.
Тармақ 39
39. Ерекше элементтерді іріктеу мынадай кезде жүргізіледі: қалдық жиынтық құны жоғары элементтерден тұрады және тәуекелге ұшырайды не бұрын қателіктермен немесе ерекше операциямен байланысты болған элементтер; аудит объектісі қызметінің ерекшеліктері, операциялар мен ішкі бақылау сипаты бойынша ақпарат алу үшін элементтерге тексеру жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Іріктеп тексеруді іріктеу әдістері: статистикалық немесе статистикалық емес; кездейсоқ сандар кестесін қолдана отырып; жүйелі немесе жүйесіз болып табылады. Мемлекеттік аудитор кәсіби пайымдау мен нақты мән-жайды түсінудің негізінде іріктеудің осы әдістерінің бірін қолдану туралы шешімді дербес қабылдайды.
Тармақ 41
41. Іріктеу әдісі мен іріктеп тексеру көлемін анықтауға стратификация тәсілі айтарлықтай әсер етеді – қалдық жиынтықты мынадай жеке топтарға бөлу: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұрау салуы – қалдық жиынтық Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының бюджеттік сұрау салуды қалыптастыру, негізділігі және бекітілген жоспарлар мен көрсеткіштерге сәйкестігі бөлігіндегі талаптарын ескере отырып бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бойынша топтарға бөлінеді; жобалау-сметалық құжаттама бойынша жұмыстар (ЖСҚ) – қалдық жиынтық жергілікті сметалар және жұмыс түрлері бойынша топтарға бөлінеді; мемлекеттік сатып алу жоспары – сатып алудың қалдық жиынтығын енгізілген өзгерістердің саны, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері, мемлекеттік сатып алуды, не сатып алу мәні бойынша (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жүзеге асыру тәсілдері бойынша бөлу.
Тармақ 42
42. Мемлекеттік аудитор монетарлық іріктеп тексеруді мынадай формула бойынша айқындалатын қалдық жиынтыққа жүргізеді: ҚЖ= БЖ-ЕТЭ-ШЭ, мұнда: ҚЖ – қалдық жиынтық, БЖ - бас жиынтық, ЕТЭ – ең аз тәуекел элементтері, ШЭ – шектеу элементтері.
Тармақ 43
43. Мемлекеттік аудитор іріктеп тексеруге іріктелуге тең ықтималмен қалдық жиынтықтың элементтерін іріктеудің репрезентативтік әдісін қолданады. Іріктеп тексерудің бұл әдісі үшін: кездейсоқ іріктеу; жүйелі іріктеу қолданылады. Кездейсоқ және жүйелі іріктеу статистикалық іріктеп тексеру әдісі болып табылады.
Тармақ 44
44. Іріктеп тексеру элементін кездейсоқ іріктеу кезінде Excel – кездейсоқ сандар генераторы бағдарламасы функциясының көмегімен алынған кездейсоқ сандар кестесі қолданылады. Баған мен жолдың қиылысында іздеген кездейсоқ сан тұратын болады. Кестенің әрбір кездейсоқ іріктелген нөміріне қалдық жиынтықтың нақты элементі сәйкес келеді. Кестені әрбір жаңадан жасаған кезде кездейсоқ сандардың мәні өзгеретін болады. Тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай жолдармен жүргізіледі: кездейсоқ сандар кестесінен санды айқындау; құжаттың нөмірін айқындау. Құжат нөмірі (ҚН) мынадай формула бойынша айқындалады: ҚН = (ТМ - БМ) х (КС + БМ), мұнда: ТМ – түпкілікті мән қалдық жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірін білдіреді; БМ – бастапқы мән қалдық жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірін білдіреді, бұл 1-ге тең; КС – кездейсоқ сан.
Тармақ 45
45. Жүйелі іріктеу кездейсоқ іріктелген саннан бастап элементтерді тұрақты интервал арқылы іріктеуді көздейді. Интервал элементтердің белгілі бір санына немесе олардың құндық бағасына құрылады. Жүйелі іріктеу кезінде тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай екі кезеңнен тұрады: интервал мәнін айқындау; іріктеп тексерудің бастапқы нүктесін айқындау. Интервалдың мәні мынадай формула бойынша есептеледі: ИМ = (ТМ – БМ) / ІК, мұнда: ИМ – интервал мәні; КЗ – түпкілікті мәні, яғни қалдық жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірі; БМ – бастапқы мәні, яғни 1 (қалдық жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірі); ІК – іріктеу көлемі (элементтер саны). Бастапқы нүкте мынадай формула бойынша айқындалады: БН = ИМ х КС + БМ, мұнда: БН – бастапқы нүкте; ИМ – интервал мәні; КС – кездейсоқ сан; БМ – бастапқы мәні. Іріктеп тексерудің нәтижелері осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Аудиторлық іріктеп тексеру» жұмыс құжатымен ресімделеді. Жұмыс құжаты әрбір іріктеп тексеру элементіне толтырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі және дәлелдемелер жинау әдістері
4-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі және дәлелдемелер жинау әдістері
Тармақ 46
46. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісіне қатысты пайымдаулары мен қорытындыларын негіздеу мақсатында негізделген аудиторлық дәлелдемелерді алу қажет.
Тармақ 47
47. Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мынадай әдістер қолданылады: қадағалау және қарап тексеру, түгендеу, бақылау өлшемі (қарап тексеру), инспекциялау, сұрау салу, қайта орындау, растау және талдау жұмысы.
Тармақ 48
48. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік аудит материалдары түрінде (электрондық жүйеде және/немесе қағаз жеткізгіште) құжаттайды.
Тармақ 49
49. Аудит барысында жиналған аудиторлық дәлелдемелер мынадай өлшемшарттарға жауап береді:
Тармақша 1
1) жеткіліктілік (анықталған бұзушылықтарға қатысты аудитордың тұжырымдарын растау үшін жеткілікті қажетті құжаттардың саны);
Тармақша 2
2) тиісті сипаты (дәлелдемелердің өзектілігі, дұрыстығы және сенімділігі).
Тармақ 50
50. Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар болмаған кезде мемлекеттік аудиторға аудиторлық дәлелдемелерді жинау талап етілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Тармақ 51
51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері Қағидаларда айқындалған нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.
Тармақ 52
52. Аудиторлық есепті жасау кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік аудит бағдарламасында және аудиторлық тапсырмаларда көрсетілген барлық мәселелердің көрсетілуінің толықтығы, оларда жазылған мәліметтердің дұрыстығы, объективтілігі болып табылады;
Тармақша 2
2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің мазмұнын тұжырымдаудың анықтығы, анықталған бұзушылықтар аудиторлық есептегі жазбалардың дұрыстығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады;
Тармақша 3
3) баяндалатын материалдың логикалық және хронологиялық реттілігі;
Тармақша 4
4) нақты деректерді оларға толық сілтемелер болған кезде тексерілген материалдар (тиісті құжаттар) негізінде ғана баяндау;
Тармақша 5
5) анықталған бұзушылықтар мәнділік, аудиторлық тәуекел ескеріле отырып және іріктеп тексеруге сілтеме жасала отырып көрсетіледі.
Тармақ 53
53. Аудиторлық қорытындыны, аудиторлық есепті және нұсқаманы, шешімді (өкімді) жасау, ресімдеу тәртібі Қағидаларда айқындалған.
Тарау 6. 6-тарау. Аудиторлық қорытындыда, нұсқамада, шешімде (өкімде) қамтылған ұсынымдардың орындалу мониторингі
6-тарау. Аудиторлық қорытындыда, нұсқамада, шешімде (өкімде) қамтылған ұсынымдардың орындалу мониторингі
Тармақ 54
54. Мемлекеттік аудитор жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық қорытындыны, нұсқаманы, шешімді (өкімді) жібереді, сондай-ақ Заңға сәйкес жоғарыда көрсетілген құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 55
55. Мемлекеттік аудит объектісі тарапынан әкімшілік іс-әрекет туындаған кезде мемлекеттік аудитор Заңға сәйкес ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 55-1
55-1. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын бұзу бөлігінде ішкі аудит қызметтерінің шешімдерінде (өкімдерінде) көзделген сәйкестік аудитінің қорытындылары олардың бұзушылықтарды жоюға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіруге консультациялық көмек көрсетуі арқылы да іске асырылады.
Тармақ 56
56. Аудиторлық іс-шаралар негізінде сот тәртібімен қарау және (немесе) қылмыстық іс жүргізу немесе өзге аудит объектісіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері нұсқамаларының және ішкі аудит қызметтері шешімдерінің (өкімдерінің) тармақтарын орындау мерзімін мемлекеттік аудит объектісінің дәлелденген негіздемелері болған кезде екі реттен асырмай ұзартуға жол беріледі.
Басқа 1. Сәйкестік аудит бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізуге қойылатын талаптар
«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудитінің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 1-қосымша Сәйкестік аудит бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізуге қойылатын талаптар Мемлекеттік аудитор мынадай бағыттар бойынша сәйкестік аудитін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН), қаржылық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ҚЭН) және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстар. ТЭН-ді және ҚЭН-ді түзетуге байланысты шығыстардың сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді: мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде негіздеменің, жобаны іске асыру көздері мен тәсілін айқындау өлшемшарттарының болуы; салалық қорытындының болуы; бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы; ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-інің болуы; тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы; республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есеп негізінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау; мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жүргізілетін аудит шеңберіндегі өзге де мәселелер;
Тармақша 2
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді: тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны атқару тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар, байланысты гранттар бойынша алынған қаражат; белгіленген талаптарды сақтау: «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бюджетті атқару қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен; «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен; «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекеттік кепіргерліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) бұйрығымен; «Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36331 болып тіркелген) бұйрығымен; «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен; «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен; «Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығымен. бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және уақтылы бекіту; консультанттардың еңбекақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуі, олардың жұмысын талдау; келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу; бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету; мемлекеттік тапсырма бойынша алынған қаражат, оларды бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану; мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражат, оларды бюджет заңнамасына және шарттық міндеттемелерге сәйкес пайдалану тәртібін сақтау, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу; мемлекеттік бюджеттен алынған басқа да қаражат, оларды басқару және пайдалану тәртібі;
Тармақша 3
3) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді пайдалану. Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ бюджеттік кредиттердің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді: қарыз алушыларға кредит беру кезінде қаражатты мақсатты пайдалану (қарсы бақылау жүргізіледі); қарыз берген кредитор, қарыздың мөлшері мен талаптары (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), мақсатты пайдаланылуы, өтеу көздері; келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу; бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету; бақылау объектісінің кепіл шарты бойынша міндеттемелерді орындауы; бақылау объектісі кепілдік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын шаралар; бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігі; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мамандандырылған ұйымдарға бюджеттік кредиттер беруге заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаты бар әзірленген талаптардың болуы (тиісті бюджет қабылданғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде); бағдарламаның әкімшісіне қатысушы банктер бойынша жіберілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпараттың болуы; нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттер алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар қатысушы банктер арасында конкурс өткізу; жасалған кредиттік шарт бойынша бақылау объектісі кепілге берген немесе міндеттемелерді кепілдікпен қамтамасыз ету ретінде ұсынатын мүліктің болуы және жай-күйі; жасалған кредиттік шартқа сәйкес бақылау объектісі қабылдаған міндеттемелерді орындау; мамандандырылған ұйымдардың конкурстық рәсімдерін сақтау; конкурсты өткізудің дұрыстығы; бюджеттік бағдарлама әкімшісі мамандандырылған ұйыммен жасасқан кредиттік шарт талаптарын орындау (мақсатты пайдалану, түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру мерзімдері, кредитті өтеудің уақтылығы мен толықтығы, сыйақы мөлшерлемелері мен есептеу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарт талаптары орындалмаған кездегі санкциялар); мамандандырылған ұйым бюджеттік бағдарлама әкімшісімен кредиттік ұсыныстардың сараптамасын және түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді келіскенін; кредит бойынша төлемдер кезектілігінің сақталуын (есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, есептелген сыйақы, негізгі борышты өтеу); түпкілікті қарыз алушыда мерзімі өткен берешек пайда болған кезде қабылданатын шараларды; кредиттік шарт шеңберінде жеткізілген жабдықты жеткізу толықтығын және оның кіріске алынуын; жабдықты пайдаланудың негізділігін; ұсынылған бюджеттік кредиттердің мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалардың, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының және орта мерзімді фискалдық саясаттың іс-шараларына сәйкестігін; нормативтік құқықтық базаның болуын (Қазақстан Республикасының Үкімет шешімі, бюджеттік кредиттер беру тәртібі/қағидалары); қарыз алушылардың жасалған кредиттік шарттар шеңберінде негізгі шарттар мен міндеттемелерді орындауын; бюджеттік кредиттердің негізді, заңды және уақтылы пайдаланылуын; іске асырылып жатқан жобаның ашықтығы тұрғысынан жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді; кредит қаражатының игерілмеу себептерін (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаны іске асыру кезіндегі кемшіліктерді жою үшін қандай шаралар қабылдады); соңғы үш жылда аудиттелген есептіліктің болуын; қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарының болуын; жоба бойынша қамтамасыз етудің болуы тұрғысынан кепіл туралы шартты тексереді;
Тармақша 4
4) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: тиісті қаржы жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған байланысты гранттар бойынша алынған қаражатты; жобаны байланысты гранттар қаражаты мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын; байланысты грант қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын; төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын; бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті органдарға байланысты гранттар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептілікті уақтылы және толық беруін; келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігін; жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген және байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асыратын байланысты гранттардың пайдалануын; алынған байланысты гранттардың негізді, заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуді; байланысты гранттар есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың теңгерімге қойылуын қамтамасыз етуді; гранттар есебінен сатып алынатын тауарлардың импорты кезінде кедендік ресімдеудің уақтылы жүзеге асырылуын; ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттардың пайдаланылуы туралы ақпараттың ұсынылуын; мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға грантты пайдалану туралы ұсынылған есептің дұрыстығын;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатын пайдалану, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауы. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатының пайдаланылуына, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді: Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 қаулысымен бекітілген Қағидаларынның талаптарын сақталуын; үкіметтік сыртқы қарыз, байланысты грант және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске асырылатын жобаның қаржылық сипаттамаларын талдауды, жобаны қаржыландыру схемаларын (нысан, қарыз алушылар, кредиторлар, шектеулер, шарттар); тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар бойынша алынған қаражатты; үкіметтік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен жобаны қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын; қарыз қаражаты есебінен жобада көзделмеген жұмыстарды қаржыландыру жағдайларының болуын; жоба консультанттарының еңбегіне ақы төлеу тәртібін, олармен еңбек келісімшарттарының болуын; консультанттардың еңбегіне ақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуін, олардың жұмысын талдауды; қарыз қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын; төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын; бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті органдарға қарыздар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептіліктің уақтылы және толық бұсынылуын; капиталдардың ішкі нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында үкіметтік қарыз алуды тексереді. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің заңдылығын тексеру қажет; қарыз берген кредиторды, қарыздың мөлшері мен талаптарын (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), нысаналы пайдаланылуын, өтеу көздерін; келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін; қарыз қаражаты есебінен келісімшарттардың талаптарында көзделмеген, қарыздың нысаналы мақсатына сай келмейтін мүлікті және көрсетілетін қызметтерді алу фактілерін; демеушілік және қаржылық көмек көрсетуге, өз мұқтаждарына қарыз қаражатын бөлу фактілерін; қарыз бойынша алынған мүлікті пайдаланудың негізділігі мен заңдылығын; бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтердің, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелердің көрсетілуін; негізгі қорларды және қарыз қаражатына сатып алынған басқа да мүлікті пайдаланудың негізділігін; бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу; қарыз бойынша бөлінген бюджет қаражатын қайтару бойынша бақылау объектілері қолданатын шараларды; мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын; Қазақстан Республикасының заңнамасына кодексіне сәйкес мемлекет кепілгерлігін беру шарттарының және мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың сақталуын; мемлекет кепілгерлігін орындау кезінде талаптардың сақталуын;
Тармақша 6
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдалану. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің іске асырылуын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарын қалай өтелгенін және қандай шарттарда жүргізілгенін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қойылатын нормалар талаптарының сақталғанын;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: қарыз қаражатын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау рәсімін; қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарының айқындалуын; келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдендіру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін тексереді;
Тармақша 8
8) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: алдыңғы аудит анықтаған бұзушылықтардың жойылуын; ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер енгізетін веб-порталдағы деректердің дұрыстығын; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының болуы және уақтылы бекітілуі, жасалған өзгерістердің дұрыстығын, енгізілген өзгерістердің негізділігін; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (бөлінетін сома, номенклатура мен көлемдер бойынша, жеткізу орны, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша бөлу) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемдерінің бюджеттік сұранымда белгіленген көлемдер мен көрсеткіштерге сәйкестігі және негізділігі тұрғысынан талдау; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылуын және оларға енгізілген өзгерістерді; сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерінің мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкестігін; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заң) 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22) және 24)-тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларының болуын; Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6-бабының 10-тармағында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту жағдайларының болуын; өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 16-бабының нормасын қолданудың негізділігін; мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілін таңдау заңдылығын: конкурс тәсілімен (ашық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс); бір көзден алу тәсілімен; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен; аукцион тәсілімен; тауар биржалары тәсілі арқылы; электрондық дүкен арқылы; көрсетілген тәсілдермен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу саны мен көлемін (жеке-жеке); мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерге енгізу үшін ақпаратты жіберу туралы талаптардың орындалуын; әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап қою туралы талаптардың орындалуын; конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын; мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарының сақталуын; Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 26-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің қолдануын; Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық режимді қолдану тәртібінің сақталуын; Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 27-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысу тәртібінің сақталуын; мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасалуы мен орындалуын; мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісімнің жасалуын тексереді;
Тармақша 9
9) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы сақтау. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: бухгалтерлік есептің жай-күйін, бухгалтерлік құжат айналымын ұйымдастырудың және сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бастапқы есепке алудың дұрыстығын; жасалған операцияларды есепке алуға қабылданған деректердің, тиісті операцияларды жасау бөлінісінде мемориалдық ордерлер-жинақтау ведомостерінің дұрыстығын тексереді. Айналым ведомостерінің талдамалық шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды «Бас Журнал» кітабындағы осы қосалқы шоттардағы қалдықтар бойынша айналымдар қорытындыларымен салыстырып тексеру. Осы бақылау «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде жүзеге асырылады; Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жүргізілетін сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес бюджеттік есептілікті толық, дұрыс, негізді және уақтылы жасауын және ұсынуын; мемлекеттік мекемелердің жылдық есебі деректерінің Сәйкестік аудиті бағдарламасының мақсаты мен мәселелеріне қатысты тиісті құжаттармен расталған бухгалтерлік жазбалардың деректеріне сәйкестігін; жүргізілген түгендеу нәтижелерімен есепті жылдың соңына баланс баптарының деректерінің расталуын және Сәйкестік аудиті бағдарламасында осы мәселе болған кезде жылдық есеп ұсынылғанға дейін анықталған алшақтықтардың реттелуін; олардың пайда болу себептерін көрсете отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептердің дұрыстығын, оның ішінде: мемлекеттік мекемені қаржыландырудың бекітілген жеке жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін кредиторлық берешектің пайда болу себептерін, сәйкестік аудиті мәселелері бойынша тексеру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру фактілерінің бар-жоғын тексереді;
Тармақша 10
10) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау. Бұл бағыттың өлшемшарттары: сенімділік, негізділік, адалдық болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасының сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор: қамтамасыз етудің заттай нормаларының сақталуын «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен бекітілген; жол парақтарына сәйкес автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының маркалары бойынша жүрудің 100 км белгіленген нормаларға сәйкес бензинді, дизель отынын және сұйытылған газды есептен шығару тәртібінің сақталуын тексереді. Бұл ретте автомобильдерге жанар-жағармай материалдарын есептен шығару көлік құралдарын дайындаушы зауыттар белгілеген қабылданған нормалар бойынша көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жүргізілетінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін 100 км жүріске арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларының (бұдан әрі – нормалар) дұрыстығын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысы басшылыққа алынсын; белгіленген жүріс нормаларына сәйкес автомобиль шиналарын есептен шығару дұрыстығы және пайдалану мерзімі өтпеген автомобиль шиналарын жүріс нормаларына қарсы есептен шығару негізділігі; ақаулы актілерге сәйкес қосалқы бөлшектерді есептен шығарудың дұрыстығы. Бұл ретте мемлекеттік аудитор есептен шығарылған қосалқы бөлшектердің сәйкестігін және оларды қосалқы бөлшектермен есептен шығаруға арналған ақаулы актілерде бекітілген сәйкес қоймаға кіріске алуды салыстырады; қызметтік жеңіл автокөлік ретінде арнайы автомобильдерді пайдалану фактілерінің болуы. Арнайы автомобильдерді арнайы жабдықпен жарақтандыру. Қызметтік және арнайы автомобильдерді автомобиль теңгерімін ұстаушылардың жоғары тұрған басқару органдары пайдаланатынын тексереді; аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ғимараттарды, көлік құралдарын есептен шығаруға рұқсатының болуы. Ғимараттарды, көлік құралдарын қоғамдық және бөгде ұйымдарға өтеусіз беру жағдайларының болуы; тиісті өткізу рәсімдерін (уәкілетті органның рұқсаты, нарықтық құнын анықтау бойынша сараптама) жүргізбестен, жеке тұлғаларға көлік құралдарын қалдық теңгерімдік құны бойынша өткізу жағдайларының болуын тексереді. Тексерілетін мемлекеттік мекеме аумақтық мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді емес, оның теңгерімінде тұрған көлік құралдарын сату жағдайларының болуы; көлік құралдарын жалға алуға көзделген бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігі мен заңдылығы; қызметтік телефондарды пайдалану: қызметкерлердің халықаралық және қалааралық сөйлесулері жеке мақсатта жүргізілмеді ме, осы келіссөздер үшін ақы төленді ме, қызметтік телефондарды пайдалану бойынша лимиттер бар ма (қалааралық келіссөздер, ұялы байланысқа шығу туралы келіссөздер ескерілген бе); мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру; материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және есептен шығару, материалдық жауапты тұлғалардың жұмысын бақылауды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелерді сақтау, материалдық құндылықтардың нақты болуы;
Тармақша 11
11) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сақтау. Осы бағыт бойынша сәйкестік аудитін ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың, кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуын тексереді;
Тармақша 12
12) ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның салалық заңнаманы сақтауы. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудиторы: жарғыда көзделген мақсаттардың, функциялар мен міндеттердің іске асырылуын; мемлекеттік аудит объектілерінің ішкі құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, жоғары тұрған органның (мемлекеттік басқару органының) құқықтық құжаттарына сәйкестігін; мемлекеттік аудит объектісінің ішкі құқықтық құжаттарды сақтауын; жалақыны және басқа да ынталандырушы төлемдерді есептеу мен аударудың қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде ішкі құқықтық құжаттарға және Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме» 5-15а нысанына сәйкестігін тексереді;
Тармақша 13
13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарлық материалдық қорларының (бұдан әрі – ТМҚ) және активтерінің сақталуын тексереді. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ТМҚ және өзге де активтерінің сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде аудитор: ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ТМҚ және активтерді (негізгі құралдар, меншікті ақша қаражаты, жалға алынатын негізгі құралдар) есепке алуды; ведомстволық бағынысты ұйымдарда ТМҚ мен активтерді пайдалану тәртібін; ақылы қызметтер көрсету рәсімдерін сақтауды тексереді.
Басқа 2
«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудитінің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 2 - қосымша Аудит объектісі _______________________________________________ Аудит кезеңі __________________________________________________ Аудит жүргізу мерзімдері _______________________________________ Мемлекеттік аудитор ___________________________________________ Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ____________________________ р\с № Сұрақтар** Жауап (иә/жоқ / жауап жоқ*) Ескертпе Нормативтік құқықтық актіге сілтеме 1 2 3 4 5 1. Құжаттар операция жасалған күні жасалады 2. Қойма үй-жайлары бөгде адамдардың қол жеткізуінен қорғалған ба 3. Түгендеу жүргізу күніне материалдық жауапты адамдардың есептері құрастырыла ма 4. Барлық міндетті деректемелер бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде толтырыла ма 5. Материалдық жауапты адамдар есептерінің деректері бастапқы құжаттардың деректерімен салыстырыла ма 6. Материалдық құндылықтардың жетіспеуіне (артылуына) кінәлі адамдар анықтала ма 7. Мемориалдық ордерлердің деректерін «Бас журнал» кітабымен салыстырып тексеру жүргізіле ме (есепке алу автоматтандырылмаған кезде) 8. Ішкі аудит қызметтері құрылды ма 9. Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже бар ма 10. Бекітілген Ішкі аудит қызметін тексеру жоспары мен бағдарламасы бар ма 11. Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің нәтижелерін көрсететін тексеру актілері бар ма 12. Ішкі аудит қызметімен тексерулер жүргізу реттеле ме … Қорытынды баға «Иә» - «Жоқ» - «Жауап жоқ» - Бақылау құралдарының тәуекел деңгейін анықтау: төмен - 0% - 29%; орташа – 30% - 69%; жоғары – 70% - 100%. Ескертпе: Мәселелер тізбесі түпкілікті болып табылмайды және аудит объектісі қызметінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, мемлекеттік аудитормен толықтырылады. Әрбір тест сұрағына тиісті жауап қойылады. Ескертпеде әрбір жауап бойынша түсініктеме жазылады (қажет болса) және жауапты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау ұсынылған сұрақтар тізбесінен шартты теріс жауаптардың пайыздық үлесін айқындау жолымен жүргізіледі. «Жауап жоқ» нұсқасы болған кезде осы сұрақ тәуекелді бағалау сұрақтарының жиынтығына енгізілмейді. Сұрақтарға оң жауаптар бақылау құралдарының тәуекелін бағалаудың төмендеуін көрсетеді. Егер бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ішкі бақылау жүйесі тиімсіз болып табылса, ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалау жоғары деп бағаланады. *Егер осы мәселеге байланысты операциялар аудит объектісінің есебінде орын алмаған жағдайда «Жауап жоқ» деген жауап таңдалады. **Сұрақтар мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жасалады. Мемлекеттік аудитор: ___________ _________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі: ____________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20 ___ жылғы «__» _______________
Басқа 3
«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудитінің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 3 - қосымша Аудит объектісі _______________________________________________ Аудит кезеңі __________________________________________________ Аудит жүргізу мерзімдері _______________________________________ Мемлекеттік аудитор ___________________________________________ Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ____________________________ р\с № Сұрақтар** Жауап (иә/жоқ / жауап жоқ*) Ескертпе Нормативтік құқықтық актіге сілтеме 1 2 3 4 5 1. Бухгалтерлік есеп компьютерлік жүйенің көмегімен жүзеге асырыла ма 2. Алдыңғы аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар орындала ма 3. Жұмыскерлердің жоғары жүктемесі жоқ па 4. Алдағы аудиттелген кезеңдерде жосықсыз іс-әрекеттер бар ма 5. Алдағы аудитте елеулі қателер табылды ма 6. Кадр саясаты тиімді жұмыс істей ме: біліктілікті арттырудың мерзімді жүйесін ұйымдастыру 7. Бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығы мәнін басшылықтың түсінуі бар ма 8. Бухгалтерлік есепті жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен есеп қызметкерлері уақтылы таныстырылады ма 9. Басшылыққа немесе есеп қызметкерлеріне сыртқы қысым жоқ па 10. Күрделі шаруашылық операцияларын дұрыс ресімдеу үшін орындаушылардың жоғары біліктілігі талап етіле ме және ол қолдау таба ма 11. Шоттарда еңбекақы төлеу жөнінде есеп айырысуды есепке алуда қасақана емес бұзушылықтар болған жоқ па … Қорытынды баға «Иә» - «Жоқ» - «Жауап жоқ» - Ажырамайтын тәуекел деңгейін анықтау: төмен - 0% - 29%; орташа – 30% - 69%; жоғары – 70% - 100%. Ескертпе: Мәселелер тізбесі түпкілікті болып табылмайды және аудит объектісі қызметінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, мемлекеттік аудитормен толықтырылады. Әрбір тест сұрағына тиісті жауап қойылады. Ескертпеде әрбір жауап бойынша түсініктеме жазылады (қажет болса) және жауапты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Ажырамайтын тәуекелді бағалау ұсынылған сұрақтар тізбесінен шартты теріс жауаптардың пайыздық үлесін айқындау жолымен жүргізіледі. «Жауап жоқ» нұсқасы болған кезде осы сұрақ тәуекелді бағалау сұрақтарының жиынтығына енгізілмейді. Сұрақтарға оң жауаптар ажырамайтын тәуекелді бағалаудың төмендеуін көрсетеді. Егер бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ішкі бақылау жүйесі тиімсіз болып табылса, ажырамайтын тәуекелді бағалау жоғары деп бағаланады. *Егер осы мәселеге байланысты операциялар аудит объектісінің есебінде орын алмаған жағдайда «Жауап жоқ» деген жауап таңдалады. **Сұрақтар мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жасалады. Мемлекеттік аудитор: ___________ _______________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі: _______ ____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20 ___ жылғы «___» _______________
Басқа 4
«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудитінің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 4 - қосымша Аудит объектісі ________________________________________________ Аудит кезеңі ___________________________________________________ Аудит жүргізу мерзімдері _________________________________________ Мәнділік деңгейі ________________________________________________ Қолданылатын іріктеп тексеру әдісі (кездейсоқ немесе жүйелі іріктеу) _________________________________________________________________ Мемлекеттік аудитор _______________________________________________ Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі Көрсеткіштер Көрсеткіштердің жиынтық (сандық) көрінісі 1 2 Тестіленетін жиынтық Тестіленетін қалдық жиынтықтағы құжаттарының саны Тестіленетін қалдық жиынтықтың жиынтық көрінісі Жеке тексеруге жататын ерекше элементтердің жиынтық көрінісі 1.1. Ең жоғары құн элементтері Жеке тексеруге жататын ерекше элементтердің жиынтық көрінісі 2.2. Тәуекел элементтері Мынадай формула бойынша есептелген іріктеп тексеру көлемі (іріктеп тексеруге түскен элементтер саны) * Іріктеп тексеру көлемінің жиынтық көрінісі 📌 Ескертпе. *ІК = ЕЖЭ + ТЭ, мұнда ІК-іріктеп тексеру көлемі, ЕЖЭ – ең жоғары құн элементтері, ТЭ - тәуекел элементтері; Жұмыс құжатына іріктеп тексеру көлемін айқындау кезінде жүргізілген барлық құжаттар мен есептер қоса беріледі. Мемлекеттік аудитор:_____________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі:______________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20 ___ жылғы «__» _______________