Об утверждении типового договора страхования гражданско-правовой ответственности поставщика Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқа 1. Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты __________ қаласы____________сериясы № ____ 20___жылғы «____» Бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, _____________________________________________________________ атынан (сақтандыру ұйымының атауы) ___________________________________________________________________, (жарғы, ереже немесе сенімхат) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 20__ жылғы «___» _________ № ______ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның және Сақтандыру қағидаларының негізінде әрекет ететін __________________ (уәкілетті тұлғаның ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) бір тараптан және бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын, ____________________________________________________________________, (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін, (жарғы, лицензия немесе сенімхат) ____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)) екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету/ авансқа тең мөлшерде авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз ету мақсаттары үшін төмендегілер туралы 20___ жылғы «___» ______ № _________ осы Сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар
1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Пайда алушы – осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 27) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші);
Тармақша 2
2) Сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайдасына осы Шарт жасалған тұлғаға (Пайда алушы) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Сақтанушы – Сақтандырушымен осы Шартты жасасқан тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 24) тармақшасына сәйкес өнім беруші);
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайы – Пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;
Тармақша 5
5) сақтандыру объектісі – Сақтанушының тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан Пайда алушының келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі;
Тармақша 6
6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы және сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіреді;
Тармақша 7
7) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушының Сақтандырушыға, соңғысы Пайда алушыға осы Шартта айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемелерін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемi – сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының Пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Шарттың мәні Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шартта көзделген көлемде және талаптарда Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Пайда алушы
3-тарау. Пайда алушы Осы Шарт бойынша Пайда алушы _______________________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) _______________________________________________________________ (заңды мекен-жайы) _______________________________________________________________ (тапырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы _______________ (___________________) (сома толық жазылады) теңге мөлшерінде белгіленді (тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасының кемінде үш пайызы/авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз ету сомасы (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда).
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы ____________ (_______________________) (сома толық жазылады) теңгені құрайды және Сақтандырушыға 20___ жылғы «___» _________ дейінгі мерзімде біржолғы төлеммен толық көлемде төленуі тиіс.
Тармақ 4.3
4.3. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушының ақшаны Сақтандырушының осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен төленуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Сақтандыру жағдайы
5-тарау. Сақтандыру жағдайы
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт бойынша өнім берушіге Пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісіболып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжат, растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Пайда алушы Сақтандырушының атына жіберген жазбаша хабарлама болып табылады:
Тармақша 1
1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көшірмелері;
Тармақша 2
2) Сақтанушыға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамау немесе тиісінше орындамау туралы жіберілген хабарламалар, талаптар, наразылықтар, ескертулер;
Тармақша 3
3) егер олар бар болса және Сақтанушы мен Пайда алушы қол қойған жағдайда қабылдап алу-беру, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері;
Тармақша 4
4) бар болса қабылданған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша салыстыру актісінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залал сомасын тіркеген және растайтын құжаттар.
Тармақ 5.3
5.3. Сақтандыру жағдайын, сондай-ақ сақтандыру төлемді заңсыз түрде алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттерді қасақана жасау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6.1
6.1. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) Сақтандырушыдан осы Шарт бойынша Сақтандыру қағидаларын, сақтандыру шарттарын, өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
Тармақша 2
2) Сақтандыру шартының телнұсқасын жоғалтқан жағдайда, оны алуға құқылы;
Тармақша 3
3) Осы Шартта көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзу.
Тармақ 6.2
6.2. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) осы Шартты жасасқан кезде Сақтандырушыға ұсынылған мәліметтерді растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттардың ұсынуға (Сақтандырушуның талабы бойынша);
Тармақша 2
2) осы Шартты жасасқан кезде Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалау үшін оған белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) осы Шарттың 4.2-тармағында белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
Тармақша 4
4) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының жай-күйі туралы дереу хабарлап, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының артуы туралы хабарлауға міндетті;
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайының басталған мән-жайларының тергеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайының себептерін, барысын және салдарларын анықтау шараларын, сондай-ақ сақтандыру жағдайынан туындаған шығындарды азайту шараларын қолдануға;
Тармақша 7
7) Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы бойынша қолда бар ақпаратты хабарлауға және қажетті көмек көрсетуге;
Тармақша 8
8) Сақтандырушыға оның талабы бойынша Сақтанушының сотқа дейінгі немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі өкілеттігін ұсынуға;
Тармақша 9
9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап ету құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) сақтандыру жағдайы басталған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттарды Сақтандырушыға табыс етуге міндетті;
Тармақша 11
11) Сақтандырушыға ол жүзеге асырған сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оны жүзеге асырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде толық көлемде өтеуге міндетті. Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру төлемінің сомасын және шығыстарды уақтылы өтемеген жағдайда, Сақтанушы Сақтандырушыға әрбір кешіктірілген күн үшін өтелуге жататын сомадан _____________________ (_________________________________) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық (жазбаша түрде) айыбын төлеуге міндетті;
Тармақша 12
12) осы Шартты жасасқан кезде және оның қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырушыны өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың барлық қолданыстағы немесе жасалған шарттары туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6.3
6.3. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының осы Шарттың талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;
Тармақша 2
2) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын, және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшері мен сақтандыру тәуекелінің бағасын айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді алуға;
Тармақша 3
3) осы Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын алуға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлама мен оның құжаттамалық дәлелдерін алуға;
Тармақша 5
5) сотқа дейін немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі Сақтанушының өкілеттігін алған кезінде Сақтанушы атынан сот органдарында сөз сөйлеуге;
Тармақша 6
6) осы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуді талап етуге;
Тармақша 7
7) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтанушыға қойылатын талап ету мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте даулауға;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін осы Шарттың 6.2-тармағының 11) тармақшасында және 8.1-тармағында көрсетілген жағдайларда Сақтанушыға, не сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге тұлғаға кері талап қою құқығын ұсыну;
Тармақша 9
9) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін тиісті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан, олардың құзыретіне қарай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Пайда алушыға келтірілген залал мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
Тармақ 6.4
6.4. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) осы Шарт бойынша Сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен, сақтандыру шарттарымен, оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
Тармақша 2
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін уақтылы қабылдауға;
Тармақша 3
3) Сақтанушы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Сақтанушы тарапынан жүгініске және сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжаттардың ұсынылуына не ұсынылмауына қарамастан хабарлама және осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен Пайда алушының тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сақтандыру сомасын төлеу туралы талабын орындауға;
Тармақша 4
4) сақтандырудың құпиясын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезіндегі шығындарды азайту үшін жүргізілген шығыстарды өтеуге;
Тармақша 6
6) Сақтанушы не оның өкілі барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 6.5
6.5. Пайда алушы осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Тармақ 6.6
6.6. Пайда алушы Сақтанушы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талапты жібереді.
Тармақ 6.7
6.7. Сақтанушыда, Сақтандырушыда және Пайда алушыда осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
Тарау 7. 7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін айқындау
7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін айқындау
Тармақ 7.1
7.1. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі Пайда алушының төлем деректемелерін, сондай-ақ осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, Пайда алушы жазбаша нысанда жіберген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді Сақтанушының орындамауы не тиісінше орындамауы туралы талап негізінде белгіленеді.
Тармақ 7.2
7.2. Сақтандыру төлемі осы Шартпен белгіленген сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады және одан аса алмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болса, сақтандыру төлемі жүргізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы
8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы
Тармақ 8.1
8.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушының Сақтанушыға жүзеге асырылған сақтандыру сомасы шегінде кері талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 8.2
8.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты адамға кері талап ету құқығы ауысады.
Тармақ 8.3
8.3. Пайда алушы сақтандыру төлемін алған кезде, Сақтанушы Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және Сақтандырушының талап ету құқықтарын жүзеге асыруға қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
Тармақ 9.1
9.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар:
Тармақша 1
1) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғадан тиісті шығындардың өтелуін алу;
Тармақша 2
2) Сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
Тармақша 3
3) Азаматтық кодекстің 839-бабының 2-тармағында көзделген негіздер негiз болуы мүмкiн.
Тармақ 9.2
9.2. Сақтандыру Пайда алушының/Сақтанушының моральдық зиянын, жоғалтқан пайдасын, залалдарын, айыппұлдарды, тұрақсыздық айыптарын, өсімпұлдарды өтемейді.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары
10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңмалық актілеріне және осы Шартқа сәйкес Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 10.2
10.2. Егер тиісті орындау еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 10.3
10.3. Төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және тараптар болжай алмаған және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
Тармақ 10.4
10.4. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңсерілмейтін күш мән-жайларына ұшыраған Тарап басқа Тарапқа еңсерілмейтін күш мән-жайларының аяқталғаны және өз міндеттемелерінің орындалуын жаңғырту туралы жазбаша хабардар етуі тиіс.
Тармақ 10.5
10.5. Тиісінше хабардар етпеу, осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тарапты жауапкершіліктен босатуға негіз ретіндегі жоғарыда көрсетілген кез-келген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 10.6
10.6. Еңсерілмейтін күш салдарынан болған мән-жайлар тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталуы тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі
11-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі
Тармақ 11.1
11.1. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және өнім беруші тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады, атап айтқанда 20__жылғы « » __________ (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аяқталу күні).
Тармақ 11.2
11.2. Сақтандыру қорғау қолданысы кезеңі Шарттың қолданыс мерзімімен сәйкес келеді.
Тармақ 11.3
11.3. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
Тарау 12. 12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту
12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту Шарт талаптарын өзгерту Тараптардың бірінің өтініші негізінде екінші Тарап Пайда алушының жазбаша келісімі қоса берілген өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Пайда алушының жазбаша келісімімен Сақтандырушы мен Сақтанушының өзара келісімі бойынша жүргізіледі және Тараптардың осы Шартқа қосымша келісімімен рәсімделеді.
Тарау 13. 13-тарау. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу
13-тарау. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу
Тармақ 13.1
13.1. Осы Шарт мынадай:
Тармақша 1
1) Шарттың қолданыс мерзімінің өтуі;
Тармақша 2
2) Азаматтық Кодекстің 841-бабына сәйкес осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 3
3) Осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы;
Тармақ 13.2
13.2. Осы Шарттың мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптары Сақтандырушының кiнәсi бойынша оның шарттары орындалмаған немесе осы Шартты Сақтандырушының орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, соңғысы оған төленген сақтандыру сыйақысын Сақтанушыға толық қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 13.3
13.3. Осы Шарттың 13.1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, қайтарылуға жататын сыйлықақы сомасының __ (__) пайызы мөлшерінде әкімшілік шығыстарды алып тастағанда Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа бара-бар бір бөлігіне құқығы бар.
Тармақ 13.4
13.4. Осы Шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оның талаптарын Сақтанушының орындамауынан туындаған жағдайда, төленген сақтандыру сыйақысы қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 13.5
13.5. Осы Шарттың тоқтатылуы осы Шарттың қолданысы кезеңінде сақтандыру жағдайынан болғаны мойындалған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушыны Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндетінен босатпайды. Сақтандыру жағдайында болған әрекет кезеңінде осы Шартты жасасқан Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады. Пайда алушының мұндай талаптары Сақтандырушының атына осы Шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Тарау 14. 14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 14.1
14.1. Осы Шарттың ережелерімен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 14.2
14.2. Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Тармақ 14.3
14.3. Келісімге келмеген Тараптардың келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
Тарау 15. 15-тарау. Қорытынды ережелер
15-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15.1
15.1. Осы Шартқа қосымша, өзгерiстер мен толықтырулар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған және оларға екi Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күшi болады.
Тармақ 15.2
15.2. Тараптар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңың, оның ішінде қажетті құжаттарды, мәліметтерді, растау жолымен тапсыру арқылы талаптарын орындайды.
Тармақ 15.3
15.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген қалған өзара қарым-қатынастар Азаматтық кодекспен реттеледі.
Тармақ 15.4
15.4. Шарт 3 (үш) данада, әрбір Тарап үшін және біреуі Пайда алушы үшін әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады.
Тармақ 15.5
15.5. Тараптардың бірде бірі осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін екінші Тараптың және Пайда алушының жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
Тармақ 15.6
15.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар уағдаластыққа қол жеткізілген және бір біріне берілетін ақпараттардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.
Тарау 16. 16-тарау. Тараптардың деректемелері:
16-тарау. Тараптардың деректемелері: «САҚТАНДЫРУШЫ» «САҚТАНУШЫ» Атауы: ______________ Атауы: ______________ Мекенжайы: ______________ Мекенжайы: ______________ БСН ______________ ЖСН/БСН ______________ ЖСК ______________ ЖСК ______________ БСН ______________ Резидент___/ Бейрезидент ___ (елді көрсету) Экономикалық қызмет түрі түрі ___________________ Экономика секторының коды коды ___________________ БСК ______________ Резидент ____/ Бейрезидент ____ (елді көрсету) Экономикалық қызмет түрі түрі ___________________ Экономика секторының коды коды ___________________ ___________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) ___________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)