Вопросы транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің мәселелері
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігі комитеті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-414-құжаттар):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасында:
"қатынас жолдарын" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақтың 3) тармақшасында:
"әуе" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) тармақшадағы ", жол қатынастарын пайдаланудың" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
3-тармақ мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде үшiншi абзацтағы "комитетi" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Темiр жол көлiгi комитетi;
Көлiктiк бақылау комитетi;
Аэроғарыш комитетi";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздерден кейiн "Темiр жол көлiгi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Темiр жол көлiгi комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 6 тамыздағы
N 786 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Темiр жол көлiгi комитетi туралы ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құзыретi шегiнде темiр жол көлiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, темiр жол көлiгiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ банкiлерде заңнамаға сәйкес есеп шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) темiр жол көлiгi саласында мемлекеттік саясатты iске асыру;
Тармақша 2
2) өзiнiң құзыретi шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, үйлестiру мен бақылау;
Тармақша 3
3) темiр жол көлiгiнiң қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезiнде темiр жол көлiгiн тиiмдi пайдалануға және магистралдық темiр жол желiсiн дамытуға бағытталған iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 5
5) темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) темiр жол көлiгi саласында бiрыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргiзудi және кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол тасымалындағы мемлекеттiк мұқтаждар қажеттiлiктерiн уақытылы және сапалы қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жүк пен жолаушыларды темiр жолмен тасымалдаудағы мемлекет экономикасының және халықтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясат пен стратегияны өз құзiретi шегiнде iске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша темiр жол көлiгi туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау;
Тармақша 3
3) магистралдық темiр жол желiсiне еркiн және тең қол жеткiзудiң қамтамасыз етiлуiн бақылау;
Тармақша 4
4) темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетудi сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру және өткiзу;
Тармақша 5
5) темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 6
6) тиiстi мемлекеттiк органдармен темiр жолдарды және ондағы құрылыстарды салу, пайдалану және күтiп ұстау мәселелерi бойынша үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) темiр жол көлiгi объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi мәселелердi шешуге қатысу;
Тармақша 8
8) жүктелген өкiлеттiктер шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
Тармақша 9
9) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi, үйлестiрудi және бақылауды қамтамасыз ету; <*>
Тармақша 10
10) заңнамамен оған жүктелген өзге де функциялар.
Тармақ 12
12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұрауға;
Тармақша 2
2) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы қызметтi реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар кесiмдер шығаруға;
Тармақша 3
3) темiр жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге;
Тармақша 4
4) темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да функцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заңнамалық ережелердi олардың сақтауы бөлiгiндегi қызметтi тексеруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Комитеттiң мүлкі
3. Комитеттiң мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екi орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта төраға:
Тармақша 1
1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi;
Тармақша 4
4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 5
5) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
Тармақша 6
6) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 7
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.