Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Костанайской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 89 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілері салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелері бар.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқарманың заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқасы қарастырылмаған болса, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттілігі
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттілігі
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау сласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзіреті шегінде, мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұратады және алады; заңнамамен белгіленген тәртіпте соттарда Басқарманың құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Тармақша 3
3) Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді және орындалуын іске асырады;
Тармақша 4
4) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құра отырып, Қостанай облысының аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
Тармақша 6
6) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) оларды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің (сүректі түбірімен босату үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа) жобаларын әзірлейді;
Тармақша 9
9) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 10
10) уәкiлеттi органның және Қостанай облысының жергілікті өкiлдi органының қатысуымен қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзеді;
Тармақша 11
11) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;
Тармақша 12
12) Қостанай облысының аумағында орналасқан аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізеді;
Тармақша 13
13) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыруды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды өсіру қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 16
16) екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 17
17) ғылыми ұсынымдар негізінде Қостанай облысының аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
Тармақша 18
18) аквашаруашылық субъектілерін және аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерге қатысады;
Тармақша 20
20) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді;
Тармақша 21
21) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциямен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді;
Тармақша 22
22) бассейндік кеңестің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, бассейндік кеңестің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөнінде ұсыныстар енгізеді, бассейндік кеңестің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 23
23) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге қатысады;
Тармақша 24
24) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі, оның ішінде су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) өз құзыреті шегінде тиісті аумақтағы су объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 28
28) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;
Тармақша 29
29) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын береді;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 31
31) бюджет қаражаты есебінен жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 32
32) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
Тармақша 33
33) экологиялық ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады;
Тармақша 34
34) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 35
35) сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 37
37) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 38
38) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;
Тармақша 39
39) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 40
40) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 3
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) бірінші қол қою құқығына ие болады;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Боровское орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Михайловское орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пригородное орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Таран орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Урицкое орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Усаковское орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қостанай су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.