Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Жангалинского района Западно-Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Жаңақала ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 37 қаулысына қосымша Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Орналасу орны Алатын алаңы (шаршы метр) Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) Қызмет саласы Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) 1 Жаңақала ауылдық округі, Жаңақала ауылы, С.Сапаров көшесі, «Асемгуль» сауда үйіне қарама-қарсы 120 5 ауыл шаруашылық өнімдері «Болашақ» дүкені