Об утверждении типового положения об областных ономастических комиссиях и ономастических комиссиях городов республиканского значения, столицы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-2-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-2-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 1-1
1-1) жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды келісу;
Тармақша 2
2) ономастика мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 5
5. Жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
Тармақша 1
1) облыстық ономастика комиссиялары: Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді; Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды келіседі;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары: Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін – қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды келіседі.
Тармақ 6
6. Өз міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссия:
Тармақша 1
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атқарушы органдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақырады және тыңдайды;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды қарайды;
Тармақша 5
5) ономастика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері жөнінде Республикалық ономастика комиссиясына ұсыныстар енгізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
3-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады.
Тармақ 8
8. Комиссияны облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға басқарады. Комиссияның ережесін және дербес құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мамандар және өзге де тұлғалар, олардың келісімі бойынша енгізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы ономастика мәселелері жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылық лауазымынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Тармақ 12
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ономастика мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
Тармақ 13
13. Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарының материалдарын, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауды;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының өткізілуіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті материалдарды қоса күн тәртібін жібереді.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 17
17. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 18
18. Облыстық ономастика комиссияларының қорытындысын тиісті мемлекеттік органдарға Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 19
19. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын отырыс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Республикалық ономастика комиссиясына келісу үшін жібереді.
Тармақ 20
20. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын Республикалық ономастика комиссиясынан келісім алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.