О мерах по предотвращению ущерба от возможных весенних наводнений на территории области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағында көктемгі су тасқынынан болуы мүмкін залалдың алдын алу жөніндегі шаралар туралы Облыс әкiмдiгi облыс аумағында көктемгi су тасқынынан болуы мүмкiн залалдың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар өкiмдерi, облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (келiсiм бойынша): халықты, шаруашылық объектiлерiн, коммуникациялар мен электр тарату желiлерiн, пайдаланылатын жерлердi, автомобиль және темiр жолдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған су тасқынына қарсы күрестiң iс - шаралар кешенiн әзiрлесiн және жүзеге асырсын; халықты, кәсiпорындар мен ұйымдарды су тасқынының қауiп-қатерi бiлiнгенде хабардар ету сұлбалары мен көшiру бағыттарын нақтыласын, техникалық құралдар саны мен апаттан құтқару және табиғат апаттарының зардаптарын жою жұмыстарына жұмылдырылатын ұйымдар тiзбесiн анықтасын; техника дайындығын, жанар-жағармайдың қажеттi қорын, апат бригадаларын жинақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. "Павлодар гидрометеорология орталығы" мемлекеттiк еншiлес кәсiпорны қалыптасатын жағдайды бағалау үшiн және облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияға облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма арқылы (келiсiм бойынша) кейiн ақпараттар жеткiзу үшiн су тасқыны болуы мүмкiн аймақтарда үнемi бақылау ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясының Павлодар тасымал бөлiмшесi (келiсiм бойынша), республикалық "Қазақавтожол" мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар облыстық филиалы (келiсiм бойынша), Павлодар облыстық судан құтқару қызметi Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiрлер тiреуiштерiнiң жағдайын тексерудi, тасқын сулардың зиян келтiрмей өтуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының филиалы облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келiсiм бойынша) көктемгi су тасқыны кезiнде байланысты қамтамасыз етсiн, қажет болған жағдайда, су тасқыны кезiнде күрделi жағдайларда қалған облыстың елдi мекендерiн, шаруашылық объектiлерiн қажеттi байланыс құралдарымен жабдықтасын.
Тармақ 5
5. Жоғарыда аталған кәсiпорындардың басшылары су тасқыны кезiнде осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссияға облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма арқылы, жағдай күрт нашарлағанда және төтенше жағдай хаупi туа қалғанда дереу жеткiзетiн болсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы С.У.Кәменовке (келiсiм бойынша) жүктелсiн.