Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата Аулиекольского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Әкімдіктің 2022 жылғы 18 ақпан № 47 қаулысымен бекітілген «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомство бар: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Болашақ» стадионы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1-Г.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің дене шынықтыру және спорт саласындағы саясатын өмірге енгізу;
Тармақша 2
2) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 3
3) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: белгіленген заңнамалық тәртіппен «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттер: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 2
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 3
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) аудан аумағында аудандық дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 6
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру және олардан айыру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;
Тармақша 7
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру және олардан айыру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;
Тармақша 8
8) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетеді;
Тармақша 9
9) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
Тармақша 10
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 11
11) Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілер беру қағидаларына, сондай-ақ олардың сипаттамасына және Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдалану қағидаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс шараларды өткізу мақсатында сабақтан тыс және кешкі уақытта спорт ғимараттарын білім беру ұйымдарын пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 14
14) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік спорттық тапсырысты балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық Тапсырыс қызметтерін жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, түрлері мен түрлеріне қарамастан орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылықты Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шыенықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
Тармақша 2
2) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынқтыру және спорт бөлімін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын «Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Әулиекөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.