Об утверждении Правил, формы и сроков представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по налогоплательщикам – физическим лицам, состоящим на регистрационном учете в качестве индивидуальных предпринимателей, применяющих отдельные специальные налоговые режимы и являющихся пользователями специального мобильного приложения, по итоговым суммам платежей, поступивших на счет для осуществления предпринимательской деятельности за календар Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидаларын, нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқа 1. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 273 Бұйрығына 1- қосымша Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мәліметтерге жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) ретінде тіркеу есебінде тұрған әрбір жеке тұлғаның пайдасына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін шотқа түскен төлемдер сомалары туралы ақпарат жатады. Бұл ретте Салық кодексінің 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген төлемдер сомасына Салық кодексінің 686-1-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес осындай қосымшаның чектері бойынша арнаулы мобильді қосымшаға олар бойынша мәліметтер түсетін төлемдер енгізілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Мәліметтер Банктердің және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі – АЖ) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес дара кәсіпкерлердің банктік құпияны ашуға берген келісімі (бұдан әрі – Келісім) негізінде Комитеттің АЖ-не беріледі.
Тармақ 4
4. Дара кәсіпкердің электрондық нысанда келісімге қол қоюы және оны электрондық цифрлық қолтаңба арқылы міндетті түрде куәландыруы жөніндегі қызмет тікелей «E-Salyq Business» арнаулы мобильдік қосымшасында ұсынылады. Қол қойылған келісімнің болуы туралы мәліметтер дара кәсіпкердің бейінінде арнаулы мобильдік қосымшада көрсетіледі «E-Salyq Business». Арнаулы мобильдік қосымша банктер мен ұйымдардың дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Келісімнің бар екенін растайтын электрондық құжатты алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Комитеттің АЖ-де электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған Келісімнің бар екендігі туралы белгісі бар дара кәсіпкерлердің бастапқы тізімі (бұдан әрі - тізім) қалыптастырылады, электрондық өзара іс-қимыл арқылы түсіріледі, ол банктер мен ұйымдардың АЖ-не жүктеу үшін беріледі. Дара кәсіпкерлердің өзгертілген, қосымша, жойылған деректері бойынша тізімдегі ақпаратты жаңартуды Комитет онлайн-режимде электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Банктер мен ұйымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қалыптастырады және оларды XML-форматта электрондық деректерді қабылдау жөніндегі ашық API-сервисті пайдалану арқылы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Комитеттің АЖ-не береді.
Тармақ 7
7. Комитеттің АЖ-мен банктердің және ұйымның АЖ-рі интеграциясы болмаған жағдайда:
Тармақша 1
1) Комитет ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күні: көрсетілген күннің 00-00 сағатындағы жағдай бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған Келісімнің болуы туралы белгісі бар тізімді қалыптастырады және «ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж» файылына жүктейді; жоғарыда көрсетілген файлды «ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж» банктер мен ұйымдардың АЖ-не жүктеу үшін Комитеттің sftp серверіне папкасына орналастырады;
Тармақша 2
2) Банктер мен ұйымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күні осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан тізім бойынша мәліметтерді түсіреді және Комитеттің sftp-серверінде «ESB_BVU_ Банктің атауы_sved_ дд.мм.гггг», папкасына орналастырады, «ESB_BVU_sved_ дд.мм.гггг» папкасындағы әр банк үшін қарастырылған.
Басқа 2. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 273 Бұйрығына 2-қосымшасы нысан Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер № Ай Жыл Дара кәсіпкер Банктің ( Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың деректемелері жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) банктің сәйкестендіру коды (БСК) атауы 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Банктік шот валютасы Төлем мақсатының коды (ТМК) Күнтізбелік айға түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге) 9 10 11 _____________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) нысанды құрастыруға жауапты тұлғаның, қолы) ____________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) басшысының, қолы)
Басқа 2.1. «Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер» нысанына қосымша «Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. 1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. 2-бағанда – айы көрсетіледі.
Тармақ 4
4. 3-бағанда – жылы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 4-бағанда - дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 5-бағанда – дара кәсіпкердің атауы көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде));
Тармақ 7
7. 6-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың БСН-і көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 7-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың БСК көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9 -бағанда – банк шотының валютасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 10-бағанда – төлем мақсатының коды көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 11-бағанда – күнтізбелік айда түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге) көрсетіледі.