Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 наурыздағы № 126 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Октябрь кенті) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь кентінің көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Октябрь кентінің аумағы көшелерге бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Октябрь кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Октябрь кенті шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Октябрь кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Октябрь кентінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Октябрь кенті көшелері тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Октябрь кенті әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 наурыздағы № 126 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің атауы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1. Абай көшесі 2 2. Алматинский көшесі 3 3. Будённый көшесі 2 4. Горный көшесі 1 5. Горький көшесі 3 6. Жастар көшесі 2 7. Набережный көшесі 1 8. Омаров көшесі 2 9. Степной көшесі 1 10. Тобольский көшесі 2 11. Уральский көшесі 2 12. Целинный көшесі 3