Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 03-10/108 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы Абай ауданы А. Жұбанов көшесі аумағында иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.