Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима Каратауского района города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының Қаратау ауданының әкiмi А.Аликуловқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1699 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қаратау ауданы әкімінің аппараты) Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қаратау ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қаратау ауданы әкімінің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Қаратау ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Қаратау ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қаратау ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ұлан Арғынбеков көшесі, № 313 ғимарат, пошта индексі 160015.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Қаратау ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қаратау ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен Қаратау ауданы әкімі аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қаратау ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті аумақта мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
мемлекеттік органдардан және қала әкімі аппаратынан қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалануға;
қала әкіміне Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс беруге;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен аудан әкімі аппаратының мәселелері бойынша хат алмасуға;
қала әкімдігі мен әкімінің құзырына жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қатыстыру үшін тартуға құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
«Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 2
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
Тармақша 3
3) Қаратау ауданы әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
Тармақша 4
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
Тармақша 5
5) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
Тармақша 6
6) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, ескерткіштерді күтіп ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 12
12) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 13
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
Тармақша 14
14) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 15
15) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 16
16) абаттандыру (балалар ойын алаңшаларын, ашық спорт алаңшаларын орнату және күтіп ұстау; мерекелік безендіру; су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу және күтіп ұстау; кіші сәулеттік пішіндерді орнату және күтіп ұстау; көшелерге урналар орнату және күтіп ұстау; жер асты және үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау; аяқ жолдар мен қоршауларды орнату және күтіп ұстау) жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) саябақтарды, гүлзарларды, су бұрқақтарды, ұңғымаларды күтіп ұстауды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) көгалдандыру, санитарлық тазарту (көшелерді механикалық, қолмен тазалау және көгалдандыру; тұйықталған жүйелерді жою; бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) магистралды, ішкі орамды көшелерге, аулаларға және аялдамаларға жарықтандыруды орнату және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;
Тармақша 22
22) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 23
23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін шақыру комиссиясы арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 27
27) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
Тармақша 28
28) объектілерді (мемлекет мұқтаждығына алынған, авариялық, есептен шығарылған, иесіз қалған ғимараттар, құрылыстар және үй-жайларды) бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 55-бабына сәйкес аудан әкімінің аппаратының құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында айқындалған тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Қаратау ауданы әкімінің аппаратын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қаратау ауданы әкімінің аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Қаратау ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 17
17. Қаратау ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Қаратау ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіпте мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде өкімдерге, шешімдерге, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қаратау ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 20
20. Қаратау ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын әкім басқарады.
Тармақ 21
21. Қаратау ауданы әкімі аппаратының алқалы органдары жоқ.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
Тармақ 22
22. Қаратау ауданы әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Қаратау ауданы әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Қаратау ауданы әкімінің аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Қаратау ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаратау ауданы әкімі аппаратының қарамағында Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.