О минимальном требуемом рейтинге стран, с государственными ценными бумагами которых банки второго уровня вправе совершать сделки при осуществлении брокерской и дилерской деятельности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасауға құқылы елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингі туралы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктердің "Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің "А"-дан төмен емес немесе "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің "А2"-ден төмен емес шетел валютасымен тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруына құқылы екендігі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және дилерлік қызметті осы қаулының 1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыруына құқылы елдердің шетел валютасымен тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі төмендеген кезде брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы қаулының 1-тармағына сәйкес келтіруге міндетті.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық Банк Төрағасы