Об утверждении Правил признания акционерного общества народным акционерным обществом и утраты статуса народного акционерного общества Күшін жойған
Басқа 0
Акционерлiк қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшін жою ережесiн бекiту туралы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Акционерлiк қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Ашық халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiне ие болу және күшiн жою тәртiбi туралы" 1999 жылғы 4 ақпандағы N 22 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 684 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының 1999 жылғы наурыздағы N 3 жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлiмшелерiне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5. Акционерлiк қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою ережесi
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының "Акционерлiк
қоғамды халықтық акционерлiк қоғам
деп тану және халықтық акционерлiк
қоғам мәртебесiнiң күшiн жою
ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы
4 шiлдедегi N 218 қаулысымен
бекiтiлген
Акционерлiк қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою ережесi
Акционерлiк қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою ережесi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабына сәйкес әзiрлендi және акционерлiк қоғамды (бұдан әрi - қоғам) халықтық акционерлiк қоғам деп тану, сондай-ақ халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тануды және халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жоюды бағалы қағаздар рыногын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қоғамның өтiнiшi негiзiнде не қоғамның меншiк капиталының мөлшерi және акционерлерiнiң саны туралы уәкiлеттi органда бар ақпарат негiзiнде жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган қоғам ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп таниды:
Тармақша 1
1) қоғамның меншiк капиталының мөлшерi және оның акционерлерiнiң саны туралы мәлiметтер бар өтiнiш;
Тармақша 2
2) құжаттар беруден бұрын қоғамның соңғы қаржы жылына және соңғы айдың аяғына қаржылық есебi;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi органға құжаттар ұсынатын күннен бұрынғы күнгi жағдай бойынша қоғам акционерлерiнiң саны туралы оның тiркеушiсiнiң анықтамасы.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған күннен бастап отыз күн iшiнде қарауға тиiс.
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттардың пакетi толық берiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген мерзiмде қоғамға оны акционерлiк қоғам деп танудан жазбаша бас тарту жiбередi.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган қоғамның меншiк капиталы мөлшерiнiң және акционерлер санының Заңның 1-тармағындағы талаптарға сәйкестiгi туралы өзінде бар ақпарат негiзiнде оны халықтық акционерлiк қоғам деп тануға құқылы.
Уәкiлеттi орган жоғарыда көрсетiлген ақпаратты растау мақсатында осы Ереженiң 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоғамнан сұратады.
Тармақ 6
6. Қоғам ұсынған құжаттар Заңның 4-бабы 1-тармағының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп таниды.
Тармақ 7
7. Қоғам уәкiлеттi органның оны халықтық акционерлiк қоғам деп тану туралы шешiм қабылдағаны жөнiнде хабарлама алғаннан кейiн, қоғам акционерлердiң келесi жиналысында жарғыға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 8
8. Халықтық акционерлiк қоғам уәкiлеттi органға Заңның 4-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайлардың кез келгенi басталған сәттен бастап, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттармен бiрге, өзiнiң халықтық акционерлiк қоғам мәртебесi күшiнiң жойылғаны туралы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Заңның 4-бабының 2-тармағында белгiленген шарттардың басталуы туралы ақпарат болса және қоғам мәртебесiн жою туралы өтiнiш бермесе, уәкiлеттi орган қоғамнан осы Ереженiң 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды сұратады.
Қоғам мұндай ақпаратты растаған жағдайда, уәкiлеттi орган қоғамның халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн жою туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi орган қоғамның халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн жою туралы шешiмдi осы Ереженiң 8 және 9-тармақтарында көзделген ақпаратты алған күннен бастап отыз күн iшiнде қабылдайды.
Тармақ 11
11. Қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану туралы немесе қоғамның халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiн жою туралы шешiмдi уәкiлеттi органның Директорлар кеңесi қабылдайды.
Тармақ 12
12. Уәкiлеттi орган қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану туралы немесе қоғамның халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою туралы шешiм қабылдаған күннен кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi орган шешiмнiң көшiрмесiн осы қоғамға, оның тiркеушiсiне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыға және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қауымдастығына жiбередi.
Тармақ 13
13. Қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тану туралы немесе халықтық акционерлiк қоғам мәртебесiнiң күшiн жою туралы мәлiметтер Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады және Интернет желiсiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтына орналастырылады.
Тармақ 14
14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлуге жатады.