Об утверждении Правил определения стоимости социологических исследований по финансовой грамотности населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения стоимости социологических исследований по финансовой грамотности населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 14.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2022 165522_581961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027192
- ЭКБ идентификаторы
- 165522
- Редакция идентификаторы
- 165522_581961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:09
0 Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық
зерттеулердің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 23 Қаулымен
бекітілген
Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер құнын айқындау тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу құнын айқындау тәртібі
2 2. Әлеуметтанушылық зерттеулер құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шығыстарда көрсетілген негіздейтін құжаттармен расталған шығыстар есепке алынады.
3 3. Шығыстар қызметтер көрсету үшін қажетті ресурстарға қарай айқындалады, оларға осы қызметтермен тікелей байланысты шығындар жатады.
4 4. Республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мастер-кластар көрсетуге арналған шығыстар, әкімшілік шығыстар кірмейді.
5 5. Көрсетілетін қызметтердің келесі жоспарлы кезеңге арналған құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына, инфляцияның коэффициентіне және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығына әсері есепке алынады.
6 6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.
1 Қызметтер көрсетуге арналған шығыстары
Қаржылық сауаттылық бойынша
әлеуметтанушылық зерттеулердің
құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша
Қызметтер көрсетуге арналған шығыстары
1 1. Шығыстар әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ресурстарға қарай айқындалады, оларға мына шығындар жатады:
1 1) тікелей шығыстар:
қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;
жұмыс берушілердің жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
іссапар шығыстары;
сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар;
әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуге тікелей қажетті полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, әлеуметтанушылық зерттеу есептерін көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
аударма шығыстары;
2 2) шартты-тұрақты шығыстар:
көлік шығыстары;
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
2 Көрсетілетін қызметтер құнының есебі
Қаржылық сауаттылық бойынша
әлеуметтанушылық зерттеулердің
құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша
Көрсетілетін қызметтер құнының есебі
1 1. Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формуламен есептеледі:
Қ = ∑ЕА+ШТШ + ӨТШ, мұндағы:
∑ЕА – қызметтерді көрсетуге (әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу бойынша) тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;
ШТШ – шартты-тұрақты шығыстар;
ӨТШ – өзге де тікелей шығыстар.
2 2. Қызметтер құнының бөлінетін бөлігі мынадай формула бойынша есептеледі:
∑ЕА+ШТШ = ЕШ * СМ, мұндағы:
ЕШ – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған адам-сағатпен еңбек шығыны;
СМ – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкердің сағат бойынша мөлшерлемесі.
3 3. Қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған адам-сағатпен еңбек шығындары мынадай формула бойынша есептеледі:
ЕШ = К * С * ЖКОАС, мұндағы:
К – орындаудың күн саны;
С – бір күнде орындаудың сағат саны;
ЖКОАС – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.
4 4. Қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге арналған сағат бойынша мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:
СМ = , мұндағы:
ЕА – қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;
ШТША – бір айда бір адамға жұмсалатын шартты-тұрақты шығыстар;
ЖСОАС – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.