Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития города Шымкент» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 1-тармағына және 39 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Дуйсебековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1551 қаулысына қосымша «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұдан әрі - (Басқарма) Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриалды - инновациялық, өнеркәсіп, инвестиция, сауда салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, № 10, индекс 160023.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: өз құзыреті шегінде Шымкент қаласының аумағында экспортты жылжытуды индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; отандық және шетелдік инвестицияларды тарту; жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру; индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, жетілдіруге және үйлестіруге қатысу; басқарма жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; қаладағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру; Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуал жасау жөнінде шаралар қабылдау; сауда және қызмет көрсету саласында бірыңғай өңірлік саясат жүргізу; сауда, оның ішінде көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, меншік нысанына қарамастан базарлардың, қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету саласының қызметі және өз құзыреті шегінде азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; қаланың сауда инфрақұрылымын дамыту; ғылымды дамыту, Шымкент қаласында ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз өкілеттіктері шегінде қалалық бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму саласындағы шарттар шеңберінде барлық жұмыстар мен іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады; құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді; Басқарманың қарамағындағы акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, коммуналдық мемлекеттік мекемеге қатысты мемлекеттік басқару және уәкілетті органының қызметін атқарады; өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; стационарлық және жылжымалы аттракциондарды есепке қою жөніндегі уәкілетті орган болып табылады; өз құзыреті шегінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 204-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырады;
Тармақша 2
2) міндеттері: индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриалық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриалық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді; негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға ұсыныс енгізеді; қала әкімдігінің жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау бойынша ұсыныс енгізеді; жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау; сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету; қаланың салаларын дамыту үшін инвестициялар тартады; заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Тармақ 15
15. функциялары:
Тармақша 1
1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 2
2) жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) қала аумағында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 4
4) бірыңғай индустрияландыру картасына жобаларды енгізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдарға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;
Тармақша 8
8) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты жылжытуды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
Тармақша 14
14) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) мынадай мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады: - «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру; - «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;
Тармақша 18
18) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекітеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күнін өткізеді;
Тармақша 20
20) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) қаланың сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді;
Тармақша 24
24) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекітуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 26
26) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 27
27) сауда қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру жүйесін дамыту және жетілдіру;
Тармақша 28
28) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен сауданы жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
Тармақша 29
29) электрондық сауданы дамытуға ықпал жасау;
Тармақша 30
30) отандық сауда желілерін дамытуға ықпал жасау;
Тармақша 31
31) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына ықпал жасау;
Тармақша 32
32) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер мен форумдар ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 34
34) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;
Тармақша 35
35) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;
Тармақша 36
36) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;
Тармақша 37
37) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;
Тармақша 38
38) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы қала әкімдігіне ұсыныстар беру;
Тармақша 40
40) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 41
41) өз құзыреті шегінде қала аумағында экспортты дамыту және импортқа талдау жасау;
Тармақша 42
42) бизнес-көшіп келушілерді шақыруды ресімдеу үшін өтініш ұсыну;
Тармақша 43
43) Ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат беру;
Тармақша 44
44) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды береді;
Тармақша 45
45) ғылым мен ғылыми техникалық қызметтің дамуына жағдай жасайды;
Тармақша 46
46) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
Тармақша 47
47) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 48
48) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 49
49) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
Тармақша 50
50) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі кеңестерді құрады және оның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 52
52) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;
Тармақша 53
53) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 55
55) қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 56
56) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
Тармақша 57
57) қаланың аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін әзірлейді және бекітуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 58
58) мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаланың аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 59
59) ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шараларды жергілікті атқарушы орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін ескере отырып әзірлейді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері: мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді; мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді; сенімхаттар береді; заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді; өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды; мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді; мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне жауапты болады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым: «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.