Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 2-02/51 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Шілікті ауылында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.