О проведении двухмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс елді мекендерінде санитарлық тазалық екі айлығын өткізу туралы Жұқпалы өткір іш ауруларынын, вирустік гепатиттің эпидемиологиялық жағдайынын күрделенуіне байланысты және елді мекендердің санитарлық – экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында облыс елді мекендерінде санитарлық тазалық екі айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Санитарлық тазалық айлығы кезінде қала, аудандар әкімдеріне, өндіріс, мекеме басшыларына қолдау көрсетіп олардың жұмысын бағыттау үшін облыстық штаб құрамын бекітемін. (жалғама)
Тармақ 3
3. Қала және аудандар әкімдері: - елді мекендерде санитарлық тазалық айлықтары кезінде жүргізілетін нақтылы шараларды белгілеп, онын орындалуын қамтамасыз етсін; - елді мекендердегі көшелерді, алаңдарды, аймақтарды меншік түріне қарамастан өндірістерге, мекемелерге бекітіп, тазалық жұмысына ПИК, оқу орындарын, жеке және бірлескен кәсіпорындарын жұмылдырсын; - су, канализация және басқа инженерлік құбырлардың ағып тұрған жерлерін жөндеп, көп қабатты тұрғын үйлердің төлелерін тазартып оны кептіру бағытында нақтылы шарасын алсын.
Тармақ 4
4. Ауыз су дайындау және су мен канализация жұмыстарына жауапты мекеме басшылары: - барлық су тазартқыш қондырғыларын, су және канализация құбырларын тексеруден өткізіп, жарамсыз жерлерін ауыстырсын. - барлық канализация суын айдайтын станцияларда қосымша айдағыштар (насостар) қондырсын. - су құбырларын жуып, дезинфекцияласын; - керекті реагенттердің, сүзгіштердің және залалсыздандырғыш заттардың қосымша қорын алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық экология басқармасына (М.Жексенов) , облыстық санэпидстанциясына (А.Жумагалиев) , облыстық ішкі істер басқармасына (К.Мырзабаев): - санитарлық тазалық айлықтары кезінде жүргізіліп жаткан жұмыстардың бағытын қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық газеттер, телерадиокомпаниясы қалыпты түрде санитарлық тазалық айлықтар барысы жөнінде хабарлап тұрсын.
Тармақ 7
7. Қала және аудандар әкімі, облыстық экология басқармасы, ОблСЭС, облыстық ішкі істер басқармасы тазалық айлықтарынан журу барысын облыстық штабқа 25 қыркүйекте, 15 қазанда, 10 қарашада хабарласын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын қадағалау облыс әкімінің орынбасары М.Н.Борисенкоға жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің № 704 1998 ж. 10 қыркүйек шешімінің № 1 жалғамасы Санитарлық тазалық айлықтарын дайындау және ұйымдастыру жөніндегі облыстық штаб құрамы Борисенко Михаил Николаевич - облыс әкімінің орынбасары штаб бастығы Тікенбаев Жалғас Мусаулы - Атырау қаласының әкімі штаб бастығынын орынбасары Самиев Гапур Шәріпұлы -Құрылыс және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын реформалау департаменті бастығынын орынбасары, штаб бастығынын орынбасары Штаб мүшелері Агеділов Айбар Кинашұлы -мемлекеттік – құқық жұмысы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Жексенов Махамбет Құдайбергенұлы -облыстық экология басқармасының бастығы Жұмағалиев Амантай Толегенұлы -облыстық санэпидстанциясының бас дәрігері Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы -облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Петров Виктор Тихонович - Атырау қаласы әкімінің 1 орынбасары