Об утверждении Правил функционирования системы обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц и участия в ней банков второго уровня Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап он күндік мерзімде жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамымен міндетті күнтізбелік және өзге де жарналарды енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесіне сәйкес қатысушы банктердің депозиттік саясаты туралы мәліметтер беру тәртібін көздейтін жаңа шарттар жасасын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 5. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201 қаулысымен бекітілді Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " және " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған екінші деңгейдегі банктердің қатысу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін (бұдан әрі - Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі - банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың салымшылары (депозиторлары) құрайды.
Тармақ 2
2. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) болып табылады.
Тармақ 4
4. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ережеде белгіленген талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады.
Тармақ 5
5. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) түрлері және Қордың оларға кепілдік беру (сақтандыру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Тармақ 7
7. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агент банк - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен жасалған агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;
Тармақша 2
2) қатысушы банк - олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепілдік берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банк;
Тармақша 3
3) салым (депозит) бойынша өтемақы - Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілген салым (депозит) бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;
Тармақша 4
4) салымшы (депозитор) - қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;
Тармақша 5
5) кепілдік берілетін салым (депозит) - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит);
Тармақша 6
6) қосымша жарналар - салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;
Тармақша 7
7) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің Қорға тоқсан сайынғы төлемдері;
Тармақша 8
8) қайтару резерві - осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;
Тармақша 9
9) қатысушының куәлігі - қатысушы банкке Қор беретін және оның Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуын куәландыратын құжат;
Тармақша 10
10) төтенше жарналар - Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері.
Тарау 2. 2-тарау. Қор және оның өкілеттігі
2-тарау. Қор және оның өкілеттігі
Тармақ 8
8. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылады және өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қордың ақшасы:
Тармақша 1
1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері - Қордың Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
Тармақ 10
10. Қор мынадай негізгі функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) өтемақы резервін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына (депозиторларына) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейді;
Тармақша 3
3) активтерді басқарады;
Тармақша 4
4) қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
Тармақша 5
5) Қордың Жарғысында, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қор өз функцияларын орындау кезінде:
Тармақша 1
1) қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) ақпарат алмасу жөнінде келісім жасайды және оған сәйкес оларда тәуекелді басқару жүйесінің болуы туралы мәліметті және тартылған салымдар (депозиттер) бойынша мәліметтерді қоса алғанда, қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер алады;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға қатысушы банктердің салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу фактілері туралы хабарлайды;
Тармақша 3
3) осы Ережеде белгіленген тәртіппен банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдайды және одан шығарады;
Тармақша 4
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясына мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясы ұсынған есепке (бұдан әрі - салымдар (депозиттер) бойынша өтем есебі) сәйкес сома көлемінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге байланысты өздерінің кері талаптарын қанағаттандыру үшін өтініш береді;
Тармақша 5
5) қатысушы банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы өтініш жасайды;
Тармақша 6
6) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін, шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшін, сондай-ақ өз активтерін орналастыру үшін шетел валютасын сатып алады;
Тармақша 7
7) қатысушы банктен оның депозиттік саясаты жөнінде ақпарат сұратады;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган алдында қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргізу және оны жүргізудің мақсаты мен негіздемелерін көрсете отырып оған өз өкілін қатыстыру туралы өтініш жасайды;
Тармақша 9
9) Ұлттық Банкке осы орган айқындаған тәртіппен және мерзімде өз қызметі туралы қаржылық есеп ұсынады;
Тармақша 10
10) өзінің жылдық балансын, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті тәуелсіз аудиторлық ұйым растағаннан кейін республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Қор банктік шоттарын Ұлттық Банкте ғана ашады.
Тармақ 13
13. Қор қызметіне жалпы басшылықты өкілеттігіне жарғылық қызметпен қатар:
Тармақша 1
1) банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау және одан шығару туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) осы Ережеге сәйкес қосымша және төтенше жарналардың мөлшерін және енгізу мерзімін, сондай-ақ міндетті күнтізбелік жарналарды енгізу мерзімін белгілеу;
Тармақша 3
3) Қор активтерін Ұлттық Банкке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 5
5) конкурстық тәртіппен агент банкті таңдау кіретін Қордың Директорлар кеңесі жарғы негізінде жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қор ақшасы орналастырылатын бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының тізбесін бекіту.
Тармақ 14
14. Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы банктердің қызметі туралы оларға белгілі болған ақпаратты тек қана қызметтік мақсатта пайдаланады және алынған мәліметті жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруі
3-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруі
Тармақ 15
15. Банктер Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне уәкілетті органның тиісті оң қорытындысын алған жағдайда ғана кіреді. уәкілетті органның оң қорытындысын беру үшін: соңғы алты ай ішінде пруденциалдық нормативтерді орындауы; соңғы алты ай ішінде ең төменгі резервтік талаптарды орындауы; соңғы алты ай ішінде қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыруға қойылатын талаптарды орындауы; банк заңдарында көзделген банкке қатысты күші жойылмаған шектелген ықпал ету шаралары және санкциялардың болмауы негіз болып табылады.
Тармақ 16
16. Депозиттерге кепілдік беру жүйеге кіру үшін банк Қорға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, уәкілетті органның оң қорытындысын, өзінің депозиттік саясатын, сондай-ақ Қорға өтініш берген күнгі тартылған салымдар (депозиттер) және олар бойынша сыйақы ставкалары бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 17
17. Банк осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдауға арналған құжаттарды қараудан бас тартады.
Тармақ 18
18. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешімді банктен құжаттар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 19
19. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк бес жұмыс күні ішінде Қормен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды енгізу тәртібі тартылған жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) бойынша ең жоғары сыйақы ставкалары және банктің депозиттік саясаты туралы мәліметтер беру туралы Шарт (бұдан әрі - Шарт) жасайды. Шартта банктің мерзімінде төленбеген күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналары, сондай-ақ Қор белгілеген ең жоғары мөлшерден асып кеткен сыйақы ставкалары бойынша кепілдік берілген салымдар (депозиттер) тартқаны үшін айыппұл сомасындағы ақшаны банктің банктік шотынан Қордың акцептсіз тәртіппен алу құқығы көзделеді.
Тармақ 20
20. Шарт жасалғаннан кейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының куәлігі беріледі.
Тармақ 21
21. Банк қатысушының куәлігін берген күннен бастап Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк болады.
Тармақ 22
22. Банкке қатысушының куәлігін беру туралы ақпарат оны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қор мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық газеттерде жарияланады.
Тармақ 23
23. Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) тиісті ақпарат енгізу арқылы берілген және қайтарып алынған қатысушылар куәлігінің есебін жүргізеді.
Тармақ 24
24. Қор тоқсан сайын республикалық газеттерде тізілімді, оған өткен тоқсанда енгізілген өзгерістерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
Тарау 4. 4-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
4-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
Тармақ 25
25. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі қатысушы банктердің мынадай талаптарды:
Тармақша 1
1) Қормен Шарт және Келісім жасау;
Тармақша 2
2) осы Ережеге және Шартқа сәйкес міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды уақтылы әрі толық көлемде енгізу;
Тармақша 3
3) қатысушы куәлігінің номері мен берілген күнін көрсете отырып өзінің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу шарттары туралы клиентке хабарлау;
Тармақша 4
4) клиенттерге таныстыру үшін банктерде, салымдарды (депозиттерді) қабылдауға жауапты өзінің барлық бөлімшелерінде жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің көшірмесі болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мерзімді және шартты банктік салым шарттарында салымдардың (депозиттердің) салымшы (депозитор) қосымша ақша сомасын енгізу не олардың салым бойынша ақшаның бір бөлігін алу нәтижесінде, сондай-ақ аталған жағдайға әкеліп соқтыруы ықтимал шарттың мерзімін ұзарту жағдайында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатына және кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатына ықтимал көшу туралы жағдайын көздеу;
Тармақша 6
6) кепілдік берілген салымдарды (депозиттерді) қайтару жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқтыратын жағдайдың пайда болғаны туралы Қорға дереу хабарлау;
Тармақша 7
7) оны мәжбүрлеп таратқан жағдайда Қордың Директорлар кеңесі бекітетін нысан бойынша жасалған салымдары (депозиттері) кепілдік беруге жататын салымшылардың (депозиторлардың) тізімін, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы есебін (бұдан әрі - салымшылардың (депозиторлардың) тізімі және өтеу есебі) Қорға уақтылы ұсыну;
Тармақша 8
8) Қордың Директорлар кеңесі бекітетін нысан бойынша міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді Қорға уақтылы ұсыну;
Тармақша 9
9) осы Ережеге және Шартқа сәйкес өзге де мәліметтерді Қорға уақтылы ұсыну;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауын көздейді.
Тармақ 26
26. Қатысушы банк оның атауына өзгеріс енгізілген және/немесе оны қайта ұйымдастырған жағдайда Қорға жазбаша хабарлайды.
Тармақ 27
27. Қатысушы банктің атауы өзгерген, сондай-ақ қатысушы банкті бірнеше қатысушы банктерді не қатысушы банктер мен Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын банктерді біріктіру арқылы, сондай-ақ қатысушы банкті бөлу арқылы қайта ұйымдастырған жағдайда Қор қатысушы банктен растау құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тізілімге тиісті өзгерістерді енгізе отырып қатысушының куәлігін ауыстырады.
Тармақ 28
28. Қатысушы банкті бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған банктер Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ереженің 3-тарауында көзделген тәртіппен кіреді.
Тарау 5. 5-тарау. Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару тәртібі
5-тарау. Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару тәртібі
Тармақ 29
29. Қор қатысушы банкті:
Тармақша 1
1) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны қайтарып алуды қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған қатысушы банктің лицензиясын қайтарып алған;
Тармақша 2
2) Қор банктің банктік шотынан мерзімінде төленбеген міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналар сомасындағы ақшаны оның келісімінсіз алуы түріндегі шаралар Шартқа сәйкес қатысушы банкке қатысты тұрақты (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) қолданылған;
Тармақша 3
3) кепілдік берілген салымдар (депозиттер) бойынша Қор белгілеген сыйақы ставкасының ең жоғары мөлшерінен асатын мөлшерде сыйақы ставкасын белгілегені үшін айыппұл салу Шартқа сәйкес, қатысушы банкке қатысты тұрақты (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан да көп рет) қолданылған жағдайларда Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға құқылы.
Тармақ 30
30. Егерде қатысушы-банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енсе, сонымен бірге қатысушы-банктер өз еркімен тарату туралы шешім қабылдаса, қатысушы-банк сот шешімі күшіне енген күннен бастап Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен немесе уәкілетті органнан өз еркімен таратуға рұқсат алудан шығарылып тасталады.
Тармақ 31
31. Қор қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке және уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.
Тармақ 32
32. Осы Ереженің 30-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың Директорлар кеңесі қатысушы банкті шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн өткеннен кейін Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылды деп саналады. Мұндай банктің қатысушы куәлігі жоюға жатқызылады, бұл туралы тізілімге тиісті өзгеріс енгізіледі.
Тармақ 33
33. Қордың қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығару туралы шешімі мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Тарау 6. 6-тарау. Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды өтеу және төлеу резервін қалыптастыру тәртібі
6-тарау. Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды өтеу және төлеу резервін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 34
34. Өтеу резервінің шекті мөлшері қатысушы банктердегі барлық кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасының бес процентін құрайды.
Тармақ 35
35. Өтеу резервін қалыптастыру мынадай тәртіппен жүргізіледі: Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қатысушы банктер бұрын аударған міндетті күнтізбелік жарналар толық көлемде; Қордың жарғысында көзделген тәртіппен жарғылық және резервтік капиталға аударым сомасына азайтылған Қор активтерін орналастырудан түскен таза кіріс сомасы; жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) өтеу бойынша Қордың кері талаптарын мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша сомасы; Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін көрсетілген ақша сомасы жеткіліксіз болған жағдайда Қордың жарғылық капиталынан, бірақ 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын ақша пайдаланылады.
Тармақ 36
36. Өтеу резерві жеткіліксіз болған кезде және жетпейтін сома барлық қатысушы банктердің тоқсан сайынғы міндетті күнтізбелік жарнасының екі еселенген жиынтық мөлшерінен аспайтын жағдайда қатысушы банктердің қосымша жарналар төлеуі есебінен орны жабылады.
Тармақ 37
37. Қосымша жарналардың мөлшері міндетті күнтізбелік жарналар төленген соңғы есепті күнгі қатысушы банктің кепілдік берілетін салымдары (депозиттері) сомасынан барлық қатысушы банктер үшін Қордың Директорлар кеңесі белгілейтін тең ставка бойынша айқындалады. Қатысушы банктің Қорға қосымша жарналар төлеуі біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Өтеу резерві жеткіліксіз болғанда және қатысушы банктердің қосымша жарналар төлеуімен жетпейтін соманың орнын жабу мүмкін болмаған кезде жетпейтін соманы Қордың Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасының үкіметінен қарыз алу, не олардың кепілдігімен Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын ставка бойынша өзге де ұйымдардан қарыз алу есебінен орнын жабады.
Тармақ 39
39. Заем және ол бойынша есептелген сыйақы сомасын төлеуді Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен қатысушы банктердің төтенше жарналар төлеуінен түскен ақша сомасы есебінен Қор жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер үшін мынадай міндетті күнтізбелік жарналар ставкасы белгіленеді: бастапқы екі жыл ішінде - есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген салымдары (депозиттері) сомасынан 0,25 (ноль бүтін жүзден жиырма бес) процент; кейінгі жылдары - есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілетін салымдары (депозиттері) сомасынан 0,16 (ноль бүтін жүзден он алты) процент. Қатысушы банктер міндетті күнтізбелік жарна төлеуді тоқсан сайын жүзеге асырады.
Тармақ 41
41. Қорға міндетті күнтізбелік жарналар, сондай-ақ осы Ережеде көзделген жағдайларда қосымша және төтенше жарналар төлеуді осы Ережеде және Шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қордың банктік шотына тиісті ақша сомасын аудару арқылы қатысушы банк жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Шетел валютасындағы кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша жарналар төлеуі міндетті күнтізбелік жарналарды төлеудің соңғы есеп беретін күні белгіленген шетел валютасының теңгеге рыноктық бағамы бойынша осы соманы теңгемен қайта есептеу арқылы жүзеге асырылады. Қатысушы-банктердің шетел валютасында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша төтенше жарналарды төлеуі көрсетілген сомаларды Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын күнге белгіленген шетел валюталарының теңгеге рыноктық бағамы бойынша теңгеге қайта есептей отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Қатысушы банкке уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шараларын және санкциялар қолдануы қатысушы банкті міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеуден босатпайды.
Тарау 7. 7-тарау. Агент банкті іріктеу салымдар (депозиттер) бойынша олардың өтемақы төлеу тәртібі
7-тарау. Агент банкті іріктеу салымдар (депозиттер) бойынша олардың өтемақы төлеу тәртібі
Тармақ 44
44. Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агент банк арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Агент банкті таңдауды Қор конкурстық тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Қор агент-банкті таңдау бойынша конкурс жүргізудің басталуына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей агент банкке қойылатын мынадай талаптарды көрсете отырып ол туралы барлық қатысушы банктерге жазбаша нысанда хабарлайды:
Тармақша 1
1) кассалық операциялар жүргізуге лицензиясы болуы;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтініш берген күнге дейін алты айдың ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтауы;
Тармақша 3
3) салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қажетті аймақтарда филиалдары және/немесе есеп айырысу-кассалық бөлімдері болуы;
Тармақша 4
4) Қор және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктердің салымшылары (депозиторлары) үшін салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеудің неғұрлым тиімді шарттары болуы.
Тармақ 47
47. Агент-банкті таңдау бойынша конкурсқа қатысуға тілек білдірген қатысушы банк Қорға осы Ереженің 46-тармағына сәйкес агент-банкке қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 48
48. Агент банкті Қордың Директорлар кеңесі қатысушы банк ұсынған құжаттар негізінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу жөніндегі ең жақсы шарттар ұсынысы принципімен таңдайды. Қажет болған жағдайда, олар агент банкке қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда Қор бірнеше қатысушы банкті агент-банкті таңдау бойынша конкурстың жеңімпазы деп жариялауы мүмкін.
Тармақ 49
49. Егер қатысушы банктердің ешқайсысы агент банкке қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, Қор осы Ережеде көзделген тәртіппен Ұлттық почта операторы арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлейді.
Тармақ 50
50. Қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қатысушы банктің тарату комиссиясы Қорға салымшылардың (депозиттердің) тізімін және көрсетілген сот шешімі күшіне енген күні жасалған өтемақылар есебін ұсынады. Шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақыларды есептеу кезінде көрсетілген сот шешімі күшіне енген күні белгіленген шетел валютасының теңгеге рыноктық бағамы пайдаланылады.
Тармақ 51
51. Қор қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде агент банкті таңдау бойынша конкурста жеңген қатысушы-банкпен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге Қор аударған ақшаны уақтылы және мақсатқа сай пайдалану жөнінде агент банктің міндеті бар агенттік келісім (бұдан әрі - Агенттік келісім) жасайды. Сонымен қатар Агенттік келісімде Қор салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу бойынша агент банктің шығыстарын өтеуден басқа, агент банктің қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлемейтіні атап көрсетіледі.
Тармақ 52
52. Қор Агенттік келісім негізінде агент банкке салымшылар (депозиторлар) тізімін және өтемақы есебін ұсынады, сондай-ақ оның Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотына салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін қажетті ақша сомасын аударады.
Тармақ 53
53. Салымшыларға (депозиторларға) төленуге тиісті, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде олар талап етпеген ақшаны агент банк оның банктік шотына аударым жасау арқылы Қорға қайтарады.
Тармақ 54
54. Салымдар (депозиттер) бойынша төленген өтемақылар туралы ақпаратты және төлемді растайтын құжаттарды агент банк апта сайын Қорға жібереді.
Тармақ 55
55. Банктің тарату комиссиясының Қормен оның кері талаптарын қанағаттандыру бойынша есеп айырысуы Қазақстан Республикасының банктерді мәжбүрлеп тарату мәселелерін реттейтін заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қор мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктен өтемақы есебіне сәйкес алған ақша сомасы мынадай кезектілікпен Қордың шығындарын өтеуге жіберіледі:
Тармақша 1
1) Қор қарызға алған және ол бойынша есептелген сыйақы сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге;
Тармақша 2
2) Қордың жарғылық капиталын қалпына келтіруге;
Тармақша 3
3) өтеу резервінен жұмсалған басқа шығындарды қалпына келтіруге.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 56. Өтініш
56. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесіне 1-қосымша "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" ЖАҚ Күні "___" ______________20 __ж. Өтініш Екінші деңгейдегі банк _____________________________________ (банктің толық атауы) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне банкті енгізу туралы өтініш жасайды. Банкті жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне енгізген жағдайда, банк заңдармен көзделген, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейтін қатысушы банктің міндеттемелерін өзіне қабылдайды. Банктің деректемелері: __________________________________________________________________ Мемлекеттік және орыс тілдерінде   | банктің толық ресми атауы          | __________________________________________________________________ Мемлекеттік және орыс тілдерінде   | банктің қысқа ресми атауы          | __________________________________________________________________ Мемлекеттік тіркеу номері, күні    | __________________________________________________________________ ОКПО коды                          | __________________________________________________________________ Заңды мекен-жайы                   | __________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Ұлттық   | Банкіндегі корреспонденттік        | шотының номері                     | __________________________________________________________________ МФО                                | __________________________________________________________________ РНН                                | __________________________________________________________________ Басқарма Төрағасы __________________________________________ (толық аты-жөні) Қолы __________________ Мөрдің орны Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесіне 2-қосымша 200 _____ жылғы "___" ________ N ______ Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) туралы мәліметтер _____________________________________________________ (банктің атауы) мың теңге * __________________________________________________________________ р/с |           Атауы          |Шот.|Бар. |Есеп. |Барлығы |                          |тар.|лық  |телген|(депозит |                          |дың |депо.|сыйақы|бойынша |                          |cаны|зит  |сомасы|қатысушы |                          |    |     |      |банк мін. |                          |    |     |      |деттеме. |                          |    |     |      |лерінің |                          |    |     |      | жалпы |                          |    |     |      | сомасы) __________________________________________________________________ 1  |             2            | 3  |  4  |   5  |    6 __________________________________________________________________ Жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозит. терінің барлығы, оның ішінде: 1      Талап ету бойынша салымдар, оның ішінде: 1.1    Кепілдік берілетін талап ету бойынша салымдар, оның ішінде:
Тармақ 1.1.1
1.1.1. теңгемен 1.1.2  Шетел валютасымен 1.2    дауыс беру құқығы бар банк акцияларының бес және одан да көп процентіне ие басшы қызметкерлердің, олардың туысқандарының және акционерлердің салымдары 2      Мерзімді салымдар, оның ішінде: 2.1    Кепілдік берілетін мерзімді салымдар, оның ішінде: 2.1.1  Теңгемен, оның ішінде: қоса алғанда 400 мың теңгеге дейін қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін 800 мың теңгеден астам 2.1.2  АҚШ долларында, ЕУРОда, оның ішінде: қоса алғанда 400 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңге баламасына дейін 800 мың теңге баламасынан астам
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Басқа шетел валютасында, оның ішінде: Қоса алғанда 400 мың теңге баламасына дейін Қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңге баламасына дейін Қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңге баламасына дейін 800 мың теңге баламасынан астам
Тармақ 2.2
2.2.   Кепілдік беруге жатпайтын мерзімді салымдар, оның ішінде:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Дауыс беру құқығы бар банк акцияларының бес және одан да көп процентіне ие басшы қызметкер және акционерлер, олардың туысқандарының салымдары
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долларынан 100 мың АҚШ долларына дейінгі баламасындағы теңгемен салымдар
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долл. 100 мың АҚШ долл. дейінгі АҚШ доллары/ЕУРО-дағы салымдар
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долларынан 100 мың АҚШ долларына дейінгі баламасындағы басқа шетел валютасындағы салымдар
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ долл. және одан жоғары баламамен теңгедегі салымдар
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ долл. және одан жоғары АҚШ доллары/ ЕУРО-дағы салымдар
Тармақ 2.2.7
2.2.7. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ долл. және одан жоғары баламамен басқа шетел валютасындағы салымдар 3      Шартты салымдар (кепіл- салымдарды қоса алғанда), оның ішінде: 3.1    Кепілдік берілетін шартты салымдар, оның ішінде: 3.1.1  теңгемен, оның ішінде: қоса алғанда 400 мың теңгеге дейін қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін 800 мың теңгеден жоғары 3.1.2  АҚШ долларында және ЕУРОдағы, оның ішінде: қоса алғанда 400 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңге баламасына дейін 800 мың теңгеден жоғары, баламасында 3.1.3  Басқа шетел валютасында, оның ішінде: қоса алғанда 400 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 400 мың теңгеден 600 мың теңге баламасына дейін қоса алғанда 600 мың теңгеден 800 мың теңге баламасына дейін 800 мың теңгеден жоғары, баламасында 3.2    Кепілдік берілмейтін шартты салымдар, оның ішінде:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. дауыс беру құқығы бар банк акцияларының бес және одан да көп процентіне ие басшы қызметкерлердің, олардың туысқандарының және акционерлердің салымдары
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долларынан 100 мың АҚШ долларына дейінгі баламасындағы теңгемен салымдар
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долл. 100 мың АҚШ долл. АҚШ доллары/ ЕУРО-дағы салымдар
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 50 мың АҚШ долларынан 100 мың АҚШ долларына дейінгі баламасындағы басқа шетел валютасындағы салымдар
Тармақ 3.2.5
3.2.5. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ доллары және одан астам баламасындағы теңгемен салымдар
Тармақ 3.2.6
3.2.6. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ дол. және одан астам АҚШ долл./ЕУРОдағы салымдар
Тармақ 3.2.7
3.2.7. Ақша енгізген, толықтырған немесе алған күнгі мөлшері 100 мың АҚШ доллары және одан астам басқа шетел валютасындағы салымдар 4      Ағымдағы шоттағы ақша қалдығы (карт-шоттардағы ақша қалдығын есептемегенде), оның ішінде: 4.1    Ағымдағы шоттағы кепілдік берілетін ақша қалдығы, оның ішінде:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. теңгемен
Тармақ 4.1.2. Жеке тұлғалардың тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша орташа мөлшердегі сыйақы ставкасы
4.1.2. шетел валютасымен 4.2    дауыс беру құқығы бар банк акцияларының бес және одан да көп процентіне ие басшы қызметкерлердің, олардың туысқандарының және акционерлердің салымдары ____________________________________________________________________ Қордың депозиттер бойынша өтеу | сомасы (мың теңге)             | _______________________________|____________________________________ Клиенттер саны                 | ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ *  салымдарды (депозиттерді) шетел валютасына қайта есептеу кезінде теңгенің шетел валютасына рыноктық бағамы пайдаланылады Жеке тұлғалардың тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша орташа мөлшердегі сыйақы ставкасы __________________________________________________________________ | теңгемен |шетел валютасымен __________________________________________________________________
Тармақша 1
1) Мерзімді салымдар: қоса алғанда 6 айға дейінгі; қоса алғанда 12 айға дейінгі; қоса алғанда 36 айға дейінгі; 36 айдан астам.
Тармақша 2
2) Шартты салымдар
Тармақша 3
3) Талап ету салымдары
Тармақша 4
4) ағымдағы шоттар
Тармақша 5. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне екiншi деңгейдегi банктердiң қатысуы туралы N ___ КУӘЛIК
5) Карт шоттар __________________________________________________________________ Банктің басшысы _____________________________ (қолы және мөрдің орны) Банктің Бас бухгалтері ___________________________ (қолы және мөрдің орны) Орындаушы              Аты-жөні, телефоны Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесіне 3-қосымша Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне екiншi деңгейдегi банктердiң қатысуы туралы N ___ КУӘЛIК Берiлген күнi "__"______________ 20 __ ж. Осы куәлiк _________________________________________________ (банктiң толық атауы) банкке берiлдi және жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне оның қатысатындығын куәландырады. Теңгедегi және шетел валютасындағы жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) қайтару бойынша банк мiндеттемелерiне Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беру тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiлдiк берiледi. Берiлдi "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" ЖАҚ Бас директоры ______________________________ (қолы және мөрдiң орны)