Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Малшыбай города Жезказган Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №17/141 шешіміне қосымша 1 Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлекжиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласы Малшыбай ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық –шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны –ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынөткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Малшыбай ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Малшыбай ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Малшыбай ауылының әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыныныңашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуғақұқығы бар тұрғындарынтіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Малшыбай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Малшыбай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беруменхатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жезқазған қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлекжергілікті қоғамдастық жиынынақатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардыңең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және олтиісті Малшыбай ауылы әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №17/141 шешіміне 2 қосымша Жезқазған қаласы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы р/с № Малшыбай ауылының көшелер атауы Өкілдер саны (адам) 1 Ұлытау көшесі 3 2 Алаш көшесі 3 3 Сарыарқа көшесі 3 4 Сарыжайлау көшесі 1 5 Достық көшесі 1 Барлығы: 11