Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Талап города Жезказган Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №17/142 шешіміне 1 қосымша Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласы Талап ауылының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық –шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны –ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талап ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Талап ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Талап ауылының әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған жағдайда, көп пәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылының оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талап ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Талап ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру мен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жезқазған қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Талап ауылы әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы:
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №17/142 шешіміне 2 қосымша Жезқазған қаласы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы: р/с № Талап ауылының көшелер атауы Өкілдер саны (адам) 1 Болашақ көшесі 3 2 Абай көшесі 2 3 Центральная көшесі 3 4 Сәкен Сейфуллина көшесі 3 5 Молодежная көшесі 3 6 Мичурин көшесі 3 7 Құрманғазы көшесі 2 8 Дүйсебек Бектепбергенов көшесі 3 9 Микрорайон 2 Барлығы: 24