Об утверждении критериев отнесения операций, проводимых на банковских счетах физических лиц, к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности, Правил, формы и срока представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, сведений по операциям, проводимым на банковских счетах физических лиц, отнесенным к операциям, имеющим признаки получения дохода от осуществления предпринимательской деятельности Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Басқа 1. Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығына 1-қосымша Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары Жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады.
Басқа 2. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығына 2-қосымша Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша, Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынудың тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі
2-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей есепті жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасының бірінші бөлігіне сәйкес мынадай жеке тұлғалар: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайы (зайыбы); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайы (зайыбы); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бойынша тізімді қалыптастырады.
Тармақ 3
3. Комитет осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырған сәттен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мәліметтерді ұсыну туралы жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізімін Microsoft Excel форматында Банктер мен ұйымдарға rnn-banks@kgd.minfin.kz электрондық жіберілімге сұрау салуды жібереді.
Тармақ 4
4. Банктер мен ұйымдар сұрау салуды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Мәліметтерді осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Комитеттің электрондық мекенжайына Комитетке svedeniya_banks@kgd.minfin.gov.kz Microsoft Excel форматында шифрланған түрде жібереді.
Тармақ 5
5. Комитет, Банктер және ұйымдар Мәліметтерді алған кезде Қазақстан Республикасының салық және банк құпиясын құрайтын және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етпеу, оның жария етілуіне жол бермеу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Басқа 3. ________ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығына 3-қосымша нысан ________ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер № Же­ке тұл­ға­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 1 2 ____________________________________________________________________ нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы _____________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
Басқа 3.1. «_______ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер» нысанына қосымша «_______ жылғы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банк шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтер» нысаны мынадай үлгіде толтырылады: 1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі; 2) нысанның 2-бағанында банктік шотында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар жүргізілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.