Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кеншокы Кеншокинского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылдың 18 ақпандағы № 06-08-02/55 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.